Шизофрения туралы түсінік Диагностикалық критерийлері Типті синдромальды түрлері Атипті түрлері Клиникалық көріністері Диф. диагностикасы Емі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Психиатрия және наркология кафедрасы Тақырып: Шизофрения және оның бұзылыстары Орындаған: Аширбаева А.М
Advertisements

ҚАНТАМЫРЛЫҚ ДЕМЕНЦИЯ. АЛЬЦГЕЙМЕР АУРУЫ ОРЫНДАҒАН :МАМЫШОВА И. ТЕКСЕРГЕН : ДАРИН Д.Б. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Неврология, психиатрия, наркология негіздері кафедрасы Орындаған: Қайртаев Д.Қ Тексерген: Кажыкенова Г.Т. Семей.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Психиатрия және наркология кафедрасы.
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Баланың әлеуметтік дамуы 2. Баланың әлеуметтік бейімделуі ІІІ. Қорытынды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университеті Шымкент медицина институты Дипломнан кейінгі білім беру факультеті Неврология, психиатрия және.
СӨЖ Тақырыбы: Науқастарды күткенде комуникативті дағдыларды дамыту және оның жанұясымен тіл табысу. Тексерген:Рысбай А.А Орындаған:Мұратова А.Н Тобы:ЖМ.
* Диареялық синдром дамуымен біріктірілетін, патогенді және шартты- патогенді бактериялармен, вирустармен және қарапайымдылармен шақырылатын, адамдардың.
«Критeриaлды бaғaлaу» Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
Болашақ медицина колледжі. Соматикалық ауруға науқастың әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалаумен сипатталады. Осыған орай,дерттің «объективті»
ДӘРІГЕРДІҢ НАУҚАСТЫҢ ТУЫСТАРЫМЕН ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ.
Дәрілік заттардың ағза жағдайына тәуелділігі Орындаған: Нұрлан Тоғжан, ЖМ Тексерген: Рахимгалиева Асем С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина.
. ЭКС анықтамасы және таралуы; ЭКС- тің дамушы себептері; ЭКС-тің алғашқы белгілері және кезеңдері; ЭКС-тің емі және алдын алу себептері.
ҚОШ КЕЛДІНІЗДЕР!!!. Қимыл – қозғалысында бұзылуы бар балалар.
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Педиатриялық пәндер кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Педиатриядағы.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті СӨЖ Тақырыбы: Краниометрия. Бассүйектің милық және бет сүйектің индекстерін анықтау. Орындаған: Еңсегенова М.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ОРЫНДАҒАН: ЖМ, 540 ТОП СТУДЕНТІ ЕСКУЖАНОВА АСЕЛЬ. ТЕКСЕРГЕН: БАЙЖУМАНОВА Р.М. СЕМЕЙ 2016 ЖЫЛ КАФЕДРА: НЕВРОЛОГИЯ,
. Металдар– электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Орындаған: Тоқтарбай Г.Н Сыдық Н.Ж Шермаханбет Қ.Н Топ: ЖМ Қабылдаған: Кусайнова М.А. Қарағанды мем лекеттік медициналық университеті Медициналық.
Қарағанды мемелекеттік медицина университеті Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы Балалар жасындағы стоматология және.
Транксрипт:

Шизофрения туралы түсінік Диагностикалық критерийлері Типті синдрома льды түрлері Атипті түрлері Клиникалық көріністері Диф. диагностикасы Емі.

Шизофрения – жиі жас кезде пайда болатын созылмалы психикалық эндогенді үдемелі ауру жилы О. Бейлер « Шизофрения » терминін ұсынған ( гр. тілінен schiso- ыдырау, phren – жан денег мағынаны білдіреді ).

1. Аутизм 2. Аффекттің төмендеуі ( эмоциональны кедейлену, апатия ) 1. Ассоциациялар тәртібінің бұзылуы ( ойлау бұзылысы ) 2. Амбиваленттілік

Әсер ету сандырағы немсе басқа тұрақты сандырақ ойлар Ойлау үрдісінде бөтен араласулар сезімі Тұрақты вербальды галлюцинациялар ( псевдогаллюцинациялар ) Ойлау үрдісі форма льды мағынасыз логика мазмұнын аллоды ( резонерлік, үзілу, паралогия, символизм ) Кататониялық синдром Аутизм, апатия, эмоциональны тұрақсыздық, оғаш қылықтар, әрекетсіздік

Әдетте ауру салыстырмалы түрде балалық шақта дұрыс даму фонында пайда болады. Науқастанғанға дейін жиі ата - анасына аса жақындық, әдептілік, жеке отырып айналысатын істерге қызығушылық, қиялдауға бейімділік т. б. Аурудың кенеттен басталуы сирек кездеседі. Аурудың басталуының алғашқы белгісі пациент өміріндегі түпкілікті өзгеріс болып табылады. Ол өзінің сүйікті ісіне қызығушылығын жоғалтады, кенеттен достарына, туыстарына денег көзқарасы өзгереді, тұйықталлоды, шыдамсыздық, қаталдық танытады.

Науқас үнемі жаңа қызығушылықтар – психология, философия, поэзия, космологияны зерттеумен айналысады. Науқаста бұрын соңды болмаған діншілдік пайда болады немсе секталарға кіріп не дінге сенімін жоғалтуы мүмкін. Кейбір науқастар өз денсаулығына аса көңіл бөлуі мүмкін ( ипохондрия ), түсініксіз диеталар ұстайды. Аурудың басталуында науқастар өзінің өзгергендігіне - « деперсонализация » шағымданады.

1. Параноидты 2. Кататониялық 3. Гебефрениялық 4. Қарапайым түрі

Ең жиі кездесетін түрі. Бұл формата бұзылыстардың ішінен алғашқы орынға сандырақ шығады. Сандырақтардан ( соңына түсу, шығармашылық, ипохондриялық, дисморфоманиялық ) жиі кездесетіні әсер ету сандырағы. Сандырақ пайда болуы алдында аса бағалы идеялар орын аллоды, олар қысқа уақытта паранояльді синдромға айналлоды. Сандырақ ойлар тұрақты, науқастар жүйелі дәлелдеп бере аллоды. Аз уақыттан кейін параноид ты синдромға айналлоды, оның негізгі мазмұны психикалық автоматизм ( Кандинский - Клерамбо синдромы ) болып табылады.

Аурудың соңғы сатысында үдей түсетін бейғамдық орын аллоды – бұл парафренді синдром болып табылады. Әсер ету сандырағына орынсыз ұлылық сандырағы қосылады. Науқастар өздерінің өзкені жайында адам сенгісіз әңгімелер айтады ( конфабуляциялық сандырақ ). Сандырақ өзінің реттілігін жоғалтады, науқастар өздерінің сөздеріне дәлел іздеп мазаланбайды. Бұл форма ағымы жиі үздіксіз үдемелі болып келеді. Жиі жеста кездеседі. Эмоциональды ақау біртіндеп басталатындықтан, науқастар әлеуметтік байланыстарын жоғалтпайды, еңбекке қабілетті, жаұясын сақтап тұрады. Ал жасөспірім шақта басталса, керісінше, ауру ағымы қатерлі болады.

Айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататония синдромы көрінісінде басты орын аллоды. Қозғалыстық бұзылыстар ступор немсе қозу түрінде болады. Кататониялық ступор – науқастың ұзақ уақыт шаршау сезімінсіз, жиі ыңғайсыз қалыпты сақтайтынымен ерекшеленеді ( мысалы, жастықтың үстінде басын көтеріп жатады « аулы жастық симптомы », басын жаялықпен бүркеп аллоды « капюшон симптомы », құрсақтағы қалыпты аллоды ). Бұлшықеттер тонусының күрт жоғарылауымен науқастарды қандай да бір қалыпқа келтіруге болады ( каталепсия - балауыздық иілгіштік ). Жиі примитивті рефлекстер тежеусізденеді ( ұстап алу, тұмсық симптомы ). Негативизм – инструкцияларды орындамау немсе қарсы әрекет жасау және мутизм – айтқан сөзді түсіну, бірақ сөйлеудің болмауы.

Бұл жағдай кататониялық қозуға ауысуы мүмкін. Науқастар себепсіз агрессия кқрсетуі мүмкін. Кататонияға әігімелесушінің қимыл - әрекетін, мимика сын, сөздерін қайталау ( эхопраксия, эхолалия, эхомимия ), айналадағылардың талаптарын орындау тән. Кейде тағам қабылдаудан бас тарту болады. Люцидті кататония – қатерлі ағымды шизофренияның бір варианты. Жиі жасөспірім шақта басталып, үдемелі ағыммен өтеді. Терең апато - абулиялық ақау түзіледі.

Ең қатерлі түрі болып табылады. Балалық немсе жасөспірім шақта басталлоды. Диагноз анықталғанға дейін науқастар айрықшалықпен, инфантильділікпен, нашар үлгеріммен, құрдастарымен тіл табыса алмайтындығымен ерекшеленеді. Кейбір істерге таңдамалы қызығушылық танытады ( мағынасыз коллекция, стереотипті ойындар ). Аурудың күрделенген фазасында басты бұзылыс гебефрениялық синдром болып табылады. Ол өнімсіз, мағынасыз қозумен, балаларға тән алаңғасар әрекеттермен, қисаңдаулармен, орынсыз күлкі, негативизм мен көрініс береді. Науқастардың көңіл - күйін бейғам деп бағалауға болады. Науқастар өзгелердің сұраныстары мен кеңестерін тыңдамайды, балағат сөздер айтады.

Жиі науқастар өз әуестіктерін басқара алмайды, гиперсексуальдылық, мешкейлік бақыланады. Психикалық ақау аутизм, апатия және абулияның типті көріністерімен қатар жиі интеллектуалды жеткіліксіздік демиды. Органикалық зақымдануларға ұқсас ауру үрдісінің қатерлілігі де анықталлоды. Еріктің күрт төмендеуі және ауры апатиядан оларға үнемі күтімді қажет етеді, 1- топ мүгедектік беріледі.

Өзге варианттердан айырмашылығы аурудың бүкіл ағымында продуктивті симптоматика ( сандырақ, қозу, галлюцинациялар ) көрініс бермейді немсе әлсіз көрініс береді. Үнемі негативті көрініс босым болады – апато - абулиялық синдром. Қарапайым шизофрения да ол басты және дара көрінісі болып табылады. Продуктивті симптоматика эпизодты түрде пайда болады, тұрақсыз жиі ем қолданбай - ақ өздігінен жоғаллоды. Ауру ағымы ремиссиясыз өтеді.

ХАЖ -10 бұл вариант тар шизофренияға жатқызылмағанымен, олар жиі шизофрения мен науқастардың туыстарында кездесуі мәлім және кейбір науқастарда айқын шизофренияға ұласуы мүмкін. Шизоаффективті психоз – клиникасы бойынша МДП - ға ұқсас. Психоз шыңында онейроид түрінде сана күңгірттенуі мүмкін. Ремиссия кезінде науқас өзінің дертін толықтай түсінеді. Апато - абулиялық синдром дамымайды.

Шизотипті бұзылыс ( баяу ағымды шизофрения ) – тек невротикалық деңгейдегі симптомдармен көрініс береді. Ойлау бұзылыстары жабысқақтықтармен және аса бағалы идеялармен шектеліп, ешқашан сандыраққа ұласпайды. Невроз тәрізді шизофрения – неврозды ейске түсіретін симптомдармен көрініс береді ( обсессиялар, фобиялар, ипохондрия, субдепрессия, деперсонализация ). Невроздан айырмашылығы ауру көрінісі психотравмалық ситуация мен байланысы жоқ.

Психопатия тәрізді шизофрения – асоциальды жүріс - тұрыспен, әуестіктердің тежеусіздігімен, орынсыз үйден кетулермен, мотивсіз қаталдықпен көрініс береді. Психопатиядан айырмашылығы жүріс - тұрыспен және жанұядағы қарым - қатынасқа байланысты емс. Фебрильді шизофрения – өте сирек кездеседі.1- ші ауру ұстамасында немсе бірнеше сандырақтық пссихоздардан кейін пайда болады. Науқас қоршаған ортадан ажыраған күйде болады. Күрделі соматикалық бұзылыстар болады : дене қызуы – 40 С, тахикардия, сусыздану симптом дары, нүктелі қан құйылулар, ми ісіну белгілері.

Органикалық сандырақтық психоз дармен ( эпилепсия, жарақаттар, интоксикациялар, ісік, инфекциялар, денегеративті аурулар ) Тәуелділік аурулары ( алкоголизм, накоманиялар, токсикаманиялар ) Психогенді аурулармен ( реактивті параноид, истериялық сандырақ, невроз дар ) Эндогенді аффективті психоз дар : МДП ( биполярный психоз ) Олигофрениялармен

Нейролептиктер Психомоторлы қозуда ( хлорпромазин, клозапин, сультоприд ) Сандырақ, кататония да ( галоперидол, рисперидон, оланзапин т. б ) Негативті симптоматика да қазіргі кезде атипті нейролептик тер ( клозапин, рисперидон, сульпирид т. б ) Созылмалы ағымында бірнеше препараты тағайындау керек Неврологиялық жанама әсерлер болған кезде паркинсонизмге қарсы затрат : циклодол, акинетон Қосымша транквилизатора, антидепрессанта, ноотроптар қолданылады.

Назарларыңызға рахмет! 1. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия: Учебник. – М. Медицина, 2007 г. – 532 с. 2. Н.Н. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия и наркология: учебник. – М., ГЭОТАР-Медиа, – 832 с. 3. Коркина М.В., Лакосина Н.Д., Личко А.Е., И.И. Сергеев. Психиатрия: Учебник для студентов медвузов. – М., МЕДресс-информ, с. 4. Нурмагамбетова С.А. Лекции по психиатрии.