- Иррационал теңдеу деп қандай теңдеулерді атайды? - Иррационал теңдеулерді шешудің қандай тәсілдері бар?
Иррационал теңдеулер - деп белгісіз айнымалы х түбір таңбасының ішінде болатын теңдеулерді айтады.
Иррационал теңдеулерді шешудің үш тәсілі бар: 1. Теңдеудің екі жақ бөлігін бірдей дәрежеге шығару; 2. Жаңа айнымалыны енгізу; 3. Көбейткіштерге жіктеу
Теңдеудің екі жағын бірдей дәрежеге шығару тәсілі арқылы иррационал теңдеулерді шешу үшін келесі алгоритмді қолданамыз: 1) Берілген иррационал теңдеуді түрлендіру арқылы келесі түрге келтіреміз: n f ( x ) n= g ( x ) ; 2) Теңдеудің екі жақ бөлігін n-ші дәрежеге шығарып ( n f ( x ) ) n n= ( g ( x ) ) n, шешу әдісі белгілі f(x)=g(x) теңдеуін аламыз; 3) Соңғы теңдеуді шешіп, табылған түбірлерді берілген теңдеуге қойып тексереміз. 4) Теңдеуді қанағаттандыратын түбірлерді теңдеу түбірлері деп атаймыз. Қанағаттандырмайтын түбірлер теңдеудің бөгде түбірлері деп атайды.
Кейде иррационал теңдеуді шешуді теңдеудің анықталу облысын, басқаша айтсақ, айнымалының мүмкін мәндер жиынын табудан бастаған ыңғайлы. Осыдан кейін табылған шешімдердің айнымалының мүмкінмәндер жиынына тиісті болатынын тексерсек жеткілікті. Айнымалының мүмкін мәндер жиынына тиісті емс шешімдер бөгде түбірлер болады.