Дәріс 3 Тақырыбы: Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу тегі туралы ілімі Жоспар 1. Шығу тегі бойынша мәдени өсімдіктерді топтастыру 2. Гомологиялық қатарлар ілімі 3. Мәдени өсімдіктердің шигу географиялық шығу орталықтары 4. А.И. Купцов бойынша мәдени өсімдіктер классификациясы 5. Жабайы жануарларды қолға үйрету орталықтары.
Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде балды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді.
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары Оңтүстік- азиялық тропиктік Оңтүстік Батыс азиялық Жерорта теңіздік Орталық Америкалық Абиссиндік Андылық (Оңт.Америкалық) Шығыс - азиялық Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары:
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары
Н. И. Вавиловтың шәкірттері – А. И. Купцов пен А. М. Жуковский оның зерттеулерін она әрі жалғастыра отырып, мұндай орталықтар санин 12-ге жеткізді
Оңтүстіказиялық тропиктік орталық тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік- Шығыс Азияның аралдары жатады. Орталықтан шыққан мәдени дақылдар: күріш, қант қамысы, қияр, баклажан, цитрус дақылдары, манго, банан, кокос пальмасы, қара бұрыш, барлық мәдени дақылдардың 33 %
Шығысазиялық орталық Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады Сояның, тарының, алхоры, шее, грек жаңғағы, редька, мандарин, хурма, бамбук, женьшень секілді барлық мәдени дақылдардың 20 % отаны
Оңтүстік-батыс азиялық орталық Кіші АзияКіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-батыс Үндістан Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, бұршақ, сарымсақ, зығыр, өрік, алмұрт, қауын, жүзімнің, яғни шамамен барлық мәдени өсімдіктердің 14 % отаны
Жерортатеңіздік орталық Жерорта теңізі жағалауы аймағы капуста, қант қызылшасы, зәйтүн, клевер, жасымық, сұлы, зығыр, лавр, кабачок, петрушка, сельдерей, жүзім, ас бұршақ, бұршақ, сәбіз, мята, тмин, хрен, ақжелең – барлық мәдени өсімдіктердің 11 % шыққан жері
Абиссиндік немесе Африкалық орталық Абиссина таулы қыраты ауданы- Эфиопия, оңтүстік-шығыс Судан, Эритрея аймағындағы Африканың оқшау жатқан шағын ауданы. Бұл – дәндік құмай, бананның бір түрінің, ссмайлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің, қарбыздың барлық мәдени өсімдіктердің 4 % шыққан жері.ссмайлы ноқат өсімдігі
Орталық америкалық орталық Оңтүстік Мексика Бұл – жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, асқабақ, үрмебұршақ,күнбағыс, темекі, топинамбур, папайя ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны. (10 % мәдени дақылдар)
Андылық (Оңтүстік Америкалық) орталық Бұған Анд тау жотасы атырабының батыс бөлігі жатады. картоп, томат, ананас, тәтті бұрыш, хин ағашы, кокаин бұтасы, гевея, арахис – барлығы 8 % мәдени дақылдар шыққан
Қазақстанда қант қызылшашы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан ғылыми тұрғыда сипаттаған алғашқы ғалым - Кәрім Мыңбаев. Қазақстанды астықты өңірге айналдыру, Бетпақдаланы мал шаруашылығы үшін пайдалану, сендай - ақ Орталық және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын суландыру, құмкөшкінін тежеу мақсатында жаңа жерлерге сексеуіл отырғызу жобалары халық игілігіне айналды.
Суретті пайдалана отырып мәдени өсімдіктердің шығу тегі жайында кисте құрастырыңыздар.