Біздің барлығымыздың миымыз екі жарты шарден тұрады – сол және оң, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Оң жақ жарты шар – креативтілік пен гуманитарлық, ал сол жақ жарты шары – математикалық, аналитикалық, логикалық дамуға жауап береді.
Ми миллиардтаған нейрон дардан тұрады. Миға түскен кез келген ақпарат нейрондық байланыс туғызады Мидың екі жартысын үйлесімді дамыту және жаңа нейрон дардың пайда болуы үшін келесі талаптар қажет: Таза ауа, тыныс алу гимнастикасы; Таза су, суды дұрыс ішу; Нейрогимнастика; Денешынықтыру жаттығулары; Жылдам оқу. Мидың оң және сол бөліктерін байланыстыру арқылы жаңа нейрондық байланыс пайда болады, ол байланыс сыртқы әлемнен ақпаратты тез қабылдауға және өмірге бейім болуға көмек көрсетеді
Таза су ішу Күнделікті бала 1,5 литр, ал пересек адамдарға 2,5-3 литр су қажет Ми құрамы 80% судан тұратындықтан, үздіксіз қажетті мөлшерде су ішіп тұру қажет. Балаға судың ми үшін қаншалықты қажет екенін түсіндіру керек. Ми құрамында оттегі мен су мөлшері толыққанды болған жағдайда ғана жаңа нейрон дар арасында байланыс түзіліп, тың информация қабылдауға бейім болады.
Тыныс алу гимнастикасы Тыныс алу гимнастикасы бала миының дамуы үшін аса қажет. Әдеттегі жағдайда біз өкпенің тек жоғарғы бөлігімен ғана демалып,миды оттегімен толық қамти алмаймыз. Арнайы балаларға арналған дене қозғалысы арқылы тыныс алған жағдайда бала организміне қажетті оттегі қамтылады. Мидың жұмысы артып, нейрон дар арасында байланыс түзелуге жағдай жасалады.
Нейрогимнастика Нейрогимнастика арқылы: мидың нейрон дарын оятамыз, табиғи механизмдерді белсендіреміз, сабақ тиімділігін арттырамыз, мидың мүмкіндіктерін кеңейтеміз. Статистика бойынша әрбір адам орта есеппен өз миын тек 30% ғана пайдаланады, ал қалған 70% - бұл пайдаланылмайтын резерв термин мүмкіндіктер.
Дене шынықтыру жаттығулары Балалар үшін дене шынықтыру жаттығулары өте маңызды, әсіресе баланың үйлесімді дене дамуы мен өсуі үшін. Балаларды спортқа және денешынықтыруға арте баулыған сайын, жас ұрпақтың дені сау және мықты болуына кепілдік мол.
Жылдам оқу (скорочтение) Шульте таблицасы Баланың қажетті ақпарат көлемін меңгере отырып, тез оқуға қалай үйрету керек? Баланың тез оқып үйрену дағдысы сөздерді механикалық, ойсыз қайталауға айналмайтындай етіп қалай істеу керек? Өйткені мәтін, әсіресе, көркем әдебиет шығармалары тек оқу ғана емес, сендай-ақ сезіну қажет, тек осы жағдайда ғана оқудың толыққанды процесі туралы айтуға болады.
Нейрогимнастика жаттығулары
Ата-аналар мен тәрбиешілер тарапынан ынтымақтастық пен өзара түсіністік және кері байланыс болған жағдайда ғана нәтиже ала аламыз.