Оку пәні мазмұнын құраушы базалық психологиялык категориялар Орындаған: Серикова Т Тексерген: Есмагулова А.А
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден, білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады. Психологияны оқытудың мақсаты бір жағынан ғылыми-психологиялық білімдердің мазмұны арқылы анықталса, екінші жағынан бұл білім оқытылатын білім беру аймағы бағдарламасы типіне байланысты келеді. Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден, осы білімдерді меңгерту бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады. Осылайша бұл екі түсінік бір жердь қиылысады, бұл – білімді жүйелендіру. Оқу пәні В.И.Гинецинскийдің анықтамасына сәйкес ғылыми пән негізгі дидактикалық жүйеленген түрде түсіндіру болып табылады.
Оқу пәндерінің құрылымы мен мазмұнын анықтауда келесі сұрақтар туындайды: - Оқу пәні осыған сәйкес ғылым саласымен бірдей болуы тиіс пе? -Оқу пәні ретіндегі психологияның ғылым ретіндегі психологиядан айырмашылығы нете? -Психология бойынша оқу бағдарламасында жиналған психологиялық білім қоры қандай деңгейде бейнеленуі тиіс? - Оқу бағдарламасына енетін білімдер мен іскерліктерді іріктеу принциптері мен критерийлері қандай?
Оқу пәнінің құрамына екі компонент кіреді: 1.Білімдер жүйесі; 2.Меңгерілуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі
Оқу пәнінің екі құрамдас бөлігін талдауда келесі факторлар ескерілді. Оларды толығырақ қарастыра кетейік: 1) Психологиялық білімнің жүйелену деңгейі. Білімдер неғұрлым жүйеленген бокса, соғұрлым ғылыми пәннің оқу пәні болуға мүмкіндігі жоғары болады. 2) Әдіснамалық позиция, қызығушылықтар, оқытушылардың көзқарасы. Оқу пәні шеңберінде оқытушы барлық теорияларды, концепцияларды, көзқарастар мен түсініктерді түсіндіріп, олардың мағынасын ашуы тиіс. Оқытушы белгілі бір әдіснамалық позицияны ұстануға, белгілі бір көзқарастарға сенуіне құқығы бар. 3) Психология оқылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі, типі және мақсаттары. Оқу пәніне кірген білімдер жүйесі және меңгерілуге бағытталатын оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі келесілерге сәйкес әр түрлі болуы тиіс: 3.1. Бұл пән бастауыш, негізгі, орта не жоғары мектепте беріліп отыр ма; 3.2. Бұл пән жалпы білім беретін немесе кәсіби білім беру мекемелерінде оқытыла ма; 3.3. Ол болашақ психологтарға, педагогтарға, дәрігерлерге беріліп отыр ма;
4) Оқушылар мен студенттердің жас ерекшелігімен, даму деңгейі, даралық психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір тақырыптарға, мәселелер, фактілерге және түсініктерге денег қызығушылық. 5) Оқушылар мен студенттердің білімі мен қабілеттері. Оқытушы оқу пәнін оқушылар мен студенттердің білімін негізге ала отырып құруы тиіс. Оқу пәні оқушылардың белгілі бір тақырыпты, фактілерді, ұғымдарды игеру қабілетіне қарай түрліше құрылады. 6) Белгілі бір психологиялық білімдер мен іскерліктерді игеру процесінде атқаратын оқушының түрлі белсенділік формалары, функциялары. Оқу пәнін игеру дәріс, семинар, практикалық, өзіндік жұмыс түрінде берілуіне қарай сәтті немесе сәтсіз болуы мүмкін. 7) Дидактикалық материялдық қоры. Оқу пәнінің дидактикалық өңделу дәрежесі түрлі болуы мүмкін. Жекелеп айтқанда сабақтың нақты бағдарламасы, нақты тапсырмалары, көрнекі материалдары, бақылау сұрақтары болуы мүмкін. Психологияны оқыту әдістемесі кез-келген педагогикалық пән ретінде педагогикалық пәндер қатарына жатады және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарына сүйенеді. Нақты психологияны оқыту болғандықтан ғана оқыту психологиясы психологияны оқыту әдістемесінің негізі болып саналмайды, себебі оқыту әдістемесі пәннің мазмұнына қатысы жоқ.
Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері: -Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыру; -Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу, яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға денег сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну; -Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практика да қолдана білу іскерлігін, оқу – тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізінде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болуы, даму себебі туралы қорытынды жасауға үйрету;
Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері: - Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу. Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу. -Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау; - Студенттерді қоданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру; -Студенттердің жеке кәсіби іс – әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул (ұйытқы) жасау.
Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері: - Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу. Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу. -Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау; - Студенттерді қоданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру; -Студенттердің жеке кәсіби іс – әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул (ұйытқы) жасау.
Оқыту принциптері – бұл оқу сабақтарын ұйымдастырудағы жетекші идеялар, ғылыми негізделген ұсыныстар, оқыту процесін реттейтін ережелер, нормалар. Принциптер дидактика мен оқытудың мақсатына тәуелді. Қазіргі дидактика да классикалық принциптер, сендай-ақ соңғы он жылдықта жасалған принциптер бар. Карандашев В.Н. дәстүрлі оқыту принциптерінің ішінен (оқытудың тәрбиелеуші сипоты, ғылымилық, көрнекілік, саналылық және белсенділік, жүйелілік, жеке тұрғыдан колу, жас ерекшелікті ескеру, аудиторияның мотивациялық дайындық принципі) психолгияны оқытудағы принциптерге ерекше мән береді