Биологиялық факторлардың әсері. Организмдердің бір–бірімен әрекеттесуінің 4 негізгі түрлерін ажыратады: 1. Нейтрализм – бір-біріне ешбір әсер тигізбейді;

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және биотехнология факультеті Микроорганизмдердің қарым қатынасы Орындаған:БТ-1503 Тексерген:Сыдықбекова.
Advertisements

Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Аминогликозидтер Орындаған: БолатоваӘ.Е Тексерген: Курмангалиева Л.М Атырау медициналық колледжі.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Микроэкология негіздері (Баяндама) Микробиология және вирусология кафедрасы.
Жоспар: 1. Актиномикоз 2. Токсономиясы 3. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері 4. Резистенттілігі 5. Эпидемиологиясы 6. Патогенезі. 7. Клиникалық.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Биохимия және химия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Витаминдердің биохимиясы.Дәрументәріздің заттар.Алиментарлы және екіншілік.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Министерство здравоохранения Республики Казахстан ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ. ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕҢБЕГІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ.
Липидтер алу биотехнологиясы Группа: БТ Орындағандар: Тұтқышбаева М. Ильясова С. Тексерген: Сапарбаева Н. А.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Микроэкология негіздері. Орындаған: Тәжіғос А.Т. Курс: 2 Факультет: Жалпы медицина.
§49 Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация..
СӨЖ Тақырыбы : Ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың, шырмауықтар мен жатаған өсімдіктердің жіктелуі Орындаған : Рамазанов Каусар Тобы : ЛД -411.
Атом б ү тіндей ал ғ анда зарядсыз, бейтарап б ө лшек. Ол ортасында ө зінен радиусы есе кіші к ө лемді алып жат қ ан о ң зарядты ядродан ж ә не.
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL MEDICAL UNIVERSITY КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМ.С.Д.АСФЕНДИЯРОВА ВИТАМИНДЕР ОРЫНДАҒАН : АБИЛЬДАЕВА Ф.Б.
Транксрипт:

Биологиялық факторлардың әсері

Организмдердің бір–бірімен әрекеттесуінің 4 негізгі түрлерін ажыратады: 1. Нейтрализм – бір-біріне ешбір әсер тигізбейді; 2. Кооперативті – екі не одан да көп организмдер бірлесіп тіршілік етеді және белгілі бір функцияларын атқарады; 3. Симбиоз – ұзақ уақыт тығыз байланысып, бір- біріне пайда келтіріп тіршілік етеді. Симбиоз облигатты не факультативті болуы мүмкін; 4. Агрессивті – бір организм екінші организмге зиян келтіріп пайда табады.

Микроорганизмдер бір-бірімен өзара әртүрлі қатынастарда болады. Әртүрлі екі организмдердің бірге тіршілік етуі- симбиоз (грек тілінде symbiosis – бірге тіршілік ету) деп аталады. Пайдалы өзара қатынастардың бірнеше варианты бар:метабиоз, мутуализм, комменсализм, сателлизм

Метабиоз-біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара қатынасы. Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты- аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады. Мутуализм - әртүрлі организмдердің өзара пайдалы арақатынасы. Мутуалистік симбиозға мүктер- саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырлар симбиозы мысал бола алады. Балдыр жасушасынан органикалық заттарды алып, саңырауқұлақ балдырларға минералды тұздарды жеткізіп, оларды кеуіп кетуден қорғайды.

Комменсализм (лат.-kommensalis –бірге тамақтанушы)әртүрлі даралардың бірге тіршілік етуі, мұндай симбиозда бір түр басқасына зиянын тигізбей өзіне пайда түсіреді. Адамның қалыпты микрофлорасының өкілдері - бактериялар комменсал болып табылады. Сателлизм-бір микробтың әсерінен екінші микробтың өсуінің күшеюі. Мысалы, ашытқы мен сарцина колониялары қоректік ортаға метаболиттер бөліп, басқа микробтардың өсуін ынталандырады. Микроорганизмдердің бірнеше түрлері бірге өскенде, олардың физиологиялық функциялары мен қасиеттері белсендірленіп, олардың субстратқа әсер етуі жылдамдайды.

Антагонистік өзара қатынас немесе антагонистік симбиоз, бір микроб басқасына қолайсыз әсер етіп, оның зақымдаулына, тіпті жойылуына әкеледі. Антагонист –микроорганизмдер топырақта, суда және адам организмі мен жануарларда кең таралған. Адамның тоқ ішегінің қалыпты микрофлорасының өкілдері- бифидобактериялар, лактобактериялар, ішек таяқшаларының және т.б. бөгде және шіріткіш микрофлораға қарсы антагонистік белсенділігі жоғары. Антогонистік өзара қатынастың механизмі әртүрлі. Антагонизмнің кең таралған түрі-микроорганизмдердің арнайы зат алмасу өнімдері-антибиотиктер түзуі, ол басқа микроорганизмнің дамуын тежейді. Антагонизмнің басқа көріністері де бар, мысалы, жылдам көбею, бактериоциндер, соның ішінде колициндер өндіру, органикалық қышқылдар өндіру және ортаның рН-ын өзгертетін өнімдерді түзу т.б

Синергизм – микробтың бір немесе бірнеше түрлерінің тіршілік етуі кезінде қолқабыс беруі, яғни ынтымақтастық бұған азотобактер мен Бациллус микойдес микробтарының бірлесіп, өсімдік тіршілігіне қажетті, өсуді қолдаушы заттарды түзуі мысал болады.

Антагонизм негізінде қорек көзіне бәсекелестік түрінде дамуы мүмкін: антагонист микроорганизм үдемелі дамып, қоректік заттарды азайту арқылы басқа микробтардың өсуін тежейді. Микроорганизм басқа организмді қорек көзі ретінде пайдаланса,паразитизм деп аталады. Паразитизмге мысал ретінде, бактериофаг пен бактерияның арақатынасын, сол сияқты бделловибриондардың (ұсақ бактериялар, әдеттегі грам теріс бактериялардың паразиттері ) өзара қатынастарын жатқызуға болады.

1871 жылы орыс оқымыстысы В.А. Манассеин зең саңырау-құлақтарының бактерияларды жойып жіберетін қабілетін ашты. Бұдан бір жылдан соң А. Г. Полотебнев оны іріңдеген жараға салып, жақсы нәтижеге ие болды. Осыдан бастап микробиология ғылымында антибиотиктерді іздестіру жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілді.

Соның нәтижесінде қазір қолданылып жүрген көптеген антибиотиктер белгілі болды. Олардың ішінде маңыздылары: Пенициллин пенициллум зең саңырауқүлағынан алынған. Ол көптеген стрептококкаларға, стафилаккоккаларға күшті әсер етеді. Таяқша тәрізді микробтар мүның әсеріне төзімді келеді. Оны қазір медицинада, ветеринарияда кеңінен қолданады. Стрептомицин актиномицеттен алынады. Ол туберкулез таяк- шасының тіршілігін тежейді. Бруцеллез және ішек ауруларын емдеуге қолданылады. Грамицидин топырақта кездесетін бациллус бревис деп аталатын таяқша бактериядан бөлінген. Жануарлардың бірқатар ауруларына қарсы қолданылады. Биомицин актиномицеттің бір түрінен алынған. Бүл да жану-арлар мен адамдар ауруын емдеуге қолданылады. Соңғы жылда-ры мал мен адам ауруларына қарсы қолданылатын басқа да біраз антибиотиктер табылды және олар жан-жақты зерттелуде.

Антибиотиктерді тек микроорганизмдер ғана емес өсімдіктер де бөліп шығара алады. Өсімдіктер антибиотиктерін бірінші болып совет оқымыстысы Б. П. Т о к и н 1928 жылы ашқан болатын. Бұл заттарды ол фитонцидтер деп атады.

Фитонцидтер көптеген өсімдіктерде бар екені анықталды. Олар микроорганизмдердің, әсіресе вегетативтік клеткаларына күшті әсер етеді. Сарымсақ, жуа, шомыр, қыша, мойыл, терек, емен жапырақтарында, қарағай, шырша және май қарағай қылқандарында фитонцидтік қасиет күшті.

Жалпы антибиотиктерді адам мен жануарлар организмі де бөлетіні белгілі. Жануарлар тектес антибиотикке тиссулин, лейкин, сангвинин, экстразин, камполон, анстипин, птерин жатады. Қазір емдік қасиеті бар осы тектес антибиотиктерден лизоцим мен экмолинді атап өтуге болады. Лизоцим тауық жұмыртқасының ақ уызынан бөлініп алынған. Ол көптеген ауру қоздырушы және сапрофит микробтарға жойқын әсер етеді

Экмолинді балықтан алады. Одан жасалған препарат дифтерия, ішсүзегі таяқшаларына, стафилакокктар мен стрептококкаларға, ішек таяқшасына және оба вибриондарына, сонымен бірге тұмау вирусына да жойқын әсер етеді. Экмолинді пеницилиннің күшін арттыру мақсатында қосып қолданады. Осындай комплексті препаратты жас балалар дизентериямен ауырғанда қолданады.

Организм вируспен зақымданғанда клеткада интерферон пайда болады. Бүның өзі белок тектес зат. Ол вирустағы ңуклеин қышқылының түзілуін тоқтатады, сөйтіп жаңадан вирустың пайда болуын тежейді. Дәл осы интерферонға ұқсас заттар кейбір өсімдіктер клеткасынан да табылған. Бүл организмнің вирустан сақтануындағы табиғи қорғаныш болып есептеледі.

КластарХимиялық реакцияларМысалдар 1ОксидоредуктазаларТотығу-тотықсыздану реакциялары ( оттегі мен сутегі қосылады не жоғалады) Цитохромоксидаза Лактатдегидрогена за 2ТрансферазаларБелгілі бір топтарды (амин, ацетил, фосфат, т.б.) тасымалдау Ацетаткиназа 3ГидролазаларСуды қосылуы арқылы субстратты ыдырату (гидролиз реакциясы) Липаза Сахараза 4ЛиазаларСудың қатысуынсыз субстратты ыдырату Изоцитратлиаза 5ИзомеразаларМолекуладағы атомдарды алмастыру Глюкозофосфат- изомераза 6ЛигазаларЕкі молекуланы қосу реакциялары Ацетил КоА- синтетаза