Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Арыстан баб кесенесі. Көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.
Кесене Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басы на салынған. Ол дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.
Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат..
Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі, көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы- дан шыққан денег мағынада) бейітінің басы на орнатылған.
Тамғалы петроглифтері немесе Таңбалы петроглиф тасс кешені, Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі.
Тас кешені 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне шенген.
Есік қорғаны.
Есік обасы (б.з.б. 5 4 ғ) - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш.
Қорған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында орналасқан. Оны жылдар Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген.
Берел қорымы.
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жердь орналасқан.
Айша бибі кесенесі.
Айша бибі кесенесі ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Кесене Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ
Жошы хан кесенесі.
Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жердь, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Күмбез республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет тізіміне енгізілген.
Қарахан кесенесі. Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші.
Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша- Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басы на орнатылған.