Тірі жүйенің қарапайым өлшем бірлігі – жасуша. Жасушаға тірліктің барлық қасиеттері: зат және энергия алмасу, өсу, көбею, тұқым қуалау қасиеттерінің берілуі, тітіркендіргіштер әрекетіне жауап қайтару, қозғалыс және өзге әрекеттер тән қасиет.
Ағылшын физигі Р. Гук 1665 жилы микроскоппен тығынды ағаштың жұқа тіліндісін анықтап қарап, оның ұсақ жасаушы ұяшықтардан тұратынын тапты. Сол уақыттан баста пол жасуша деп аталды. Т. Шванн және М. Шлейден жасушалар құрылысы туралы мағлұматтарды жинақтап, жасушалық теорияның негізгі қағидасы: барлық өсімдіктер мен жануарлар құрылысы жасушалардан тұрады деп тұжырымдады.
Клетка қабықшасы Лизосома ЭПТ Гольджи жиынтығы Митохондрия ПластидВакуоль Рибосома Цитоплазма Ядро
Жасуша қабырғасы Цитоплазма Ядро Органоидтар Жарғақшасыздар: Рибосома Жасуша орталығы Талшықтар Кірпікшелер Біржарғақтылар: Лизосома Вакуоль ЭПТ Гольджи аппараты Екі жарғақтылар: Ядро Митохондрия Пластидтер
Плазмалық жарғақша - әрбір жасушаны өзге жасушалардан немесе сыртқы ортадан бөліп тұратын сыртқы қабаты. Ол майлардың екі қатары және нәруыз қабатынан түзіледі. Қорғаныштық қызмет атқарады. Цитоплазма - әр түрлі органоид тары бар жасушаның негізгі бөлігі. Органоидтар арасындағы кеңістікті цитозоль – тұз және ағзалық заттардың тұтқыр ерітіндісі толтырады. Цитоплазмада құрылысы мен әр түрлі қызмет атқаратын ерекшеліктері бар жасуша органоид тары (органеллалары) болады.
Ядро – жасушаның хромосома лары бар негізгі органоиды. Ядроның диаметрі мкм. Ядро ядро жарғақшасынан, ядро шырын сөлі, хроматин және бірнеше ядрошықтардан тұрады. Ядро шырын сөлі – құрылым аралық кеңістікті толтыратын мөлдірлеу тұтқыр сұйықтық. Хроматин - ДНК және нәруыздары бар ядроның жіп тәрізді құрылымы. Барлық ядроның құрамында 1 – ден 5 – ке дейін жұмыр пішінді ядрошық болады. Онда рРНК құрылымы туралы ақпараттар кодталған хромосомалардың белгілі учаскелерінде түзіледі.