Дайындаған: Шекіртқали Г.Б. Тексерген: Садыбекова Г.Т.
Инсулин (лат. insulinum іnsu la арал) эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета- жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдар басында қант диабетімен ауыратын жас адамдарда, яғни инсулинді қажет ететіндерде ұзақ өмір сүруге үміттері жоқ еді жылдың күзінде Торонто қаласында (Канада) Ф. Бантинг және Ч. Бест дәрігерлері бұзаулардың ұйқы безінен алынған белгілі затты иттерде экспериментальды диабетінде қанның қант деңгейін төмендеткен жылдың 11 қантарында иттерге көптеген нәтижелі сынақтарынан кейін диабетпен сырқаттанған 14 жасар ер балаға инсулиннің бірінші тарихи инъекциясы енгізілді. Келешекте олар Нобель сыйлығын алды, ал Бантингтің туған күнін Халықаралық диабет күні (14 қараша) деп аталып өтеді.
Инсулинді ұйқы безінің Лангерганс клеткалары синтездейді, гормон организмде көмірсу алмасуын реттейді, клеткалар глюкозаны сіңіруін қамтамасыз етеді, оның жеткіліксіздігі қант диабетіне әкеледі. Ф. Сенгер алғаш рет инсулиннің біріншілікті құрылысын немесе молекуласында амин қышқылдардың нақты жүйелі қатарын ұсынған. Кейін Д. Ходжкин рентгендік дифракция әдісі көмегімен инсулиннің кеңістіктегі молекула құрылымын тапты (екіншілік-төрттік құрылысы).
Диабетпен ауыратын адам тәулігіне гормонның орта есеппен 40 бірлігін қабылдауы қажет. Осы уақытқа дейін инсулиннің негізгі шығу көзі сиыр мен шошқаның ұйқы безі болатын. Сиырдың ұйқы безінің салмағы г; кристалдық инсулиннің 100 г. алу үшін кг. ұйқы безі қажет. Бұдан басқа, ауру адамдардың біраз бөлігі, әсіресе балаларда бұл гормонға аллергия дамығандықтан, оларды жануар текті гормонмен емдеудің қиындығы бар. Екінші жағынан, инсулинге тәуелді адамдардың саны жылдан жылға арта түсуде. Осы себептерге орай адамның ген- инженерлік инсулинін бактерия клеткасында өндіру қажеттігі туды.
Инсулин гормонының ұзындығы 20 және 30 амин қышқылдарына тең А және В екі полипептидтік тізбектен құралған, олар бір- бірімен қос дисульфидтік байланыс құрады. Организмде инсулин алғашқы кезде 109 амин қышқылдарынан құралған препроинсулин құрамына енеді. Препроинсулиннің ұйқы безі клеткаларында синтезделуінде алғашқы 23 амин қышқылы молекуласының клетка мембранасынан өту үшін қажет болады; бұл амин қышқылдар ажырап, 86 амин қышқылдарынан тұратын проинсулин түзіледі. ІІроинсулиннің орта бөлігі ферменттің әсер етуімен ыдырап кетеді, мұның нәтижесінде инсулин түзіледі.
Адам инсулин генін алғаш рет 1978 ж. «Генентек» фирмасы (АҚШ) синтездей алды. Мұнда әрбір бактериялық клеткада инсулиннің шамамен молекуласы синтезделді. Е.СоІі клеткасында проинсулиннің биосинтезі іске асты; ол үшін кері транскриптазаның көмегімен РНҚ-дан оның ДНҚ-көшірмесі (кДНҚ) синтезделді. Америкалық «Эли Лилли» фирмасының зерттеушілері Е. СоІі клеткасының 20% көлемін проинсулин немесе инсулин алатынын атап көрсетті. Көлемі 1000 л бактерия культурасынан 200 г дейін инсулин өндіруге болады жылы АҚШ-тың азық-түлік өнімдері, косметикалық заттар, дәрі-дәрмектер Федералдың Басқармасы (FDА) «Эли Лилли» компаниясы шығаратын «Хумалог» (инсулиннің саудалық аталуы) препараты адам инслинінің алғашқы аналогы, кейін «Novo Nordisk» фирмасы инсулин аспарт, Новорапид (инсулиннің саудалық аталуы) болып табылады. Ұлыбритания мен СССР-де рДНҚ технологиясы арқылы бактерия клеткасында инсулин өндіру 1980 жылдары ойдағыдай шешілді.
Адамның инсулиніне көшкеннен бастап, науқастар жануардың инсулинінен дамыған асқынулардан арылды: анафилаксиялық, жергілікті және жалпы аллергиялық реациялар жойылды, липодистрофиялар азайды, IgE мөлшері, иммунды жауап, Т-хелпер мен Т-супрессор арақатынасы реттелді, инсулинге тәуелділік және кеш тамырлы асқынулар жиілігі азайды.
Ұйқы безі базальді режимде инсулин өндіреді (тұрақты аздаған мөлшерде) және тамақ түскен кезде жауап ретінде біршама мөлшерде инсулин бөлініп отырады (болюсті, прондиальді инсулин).
Қазіргі генді-инженерлік инсулиндер әсер ету ұзақтығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді. ультра қысқа әсерлі инсулиндер; қысқа әсерлі инсулиндер («қысқа» инсулин); әсер ету ұзақтығы орташа инсулиндер («ұзартылған» инсулин); әсер етуі ұзақ инсулиндер; әсер етуі өте ұзақ инсулиндер.
Инсулин түріПрепарат атауыӘсері басталуыӘсер ету пикіҰзақтығы Ультрақысқа әсерліХумалог(Лизпро), Новорапид(Аспарт), Апидра(Глулизин) 5-15 мин соң1-2 сағ соң3-5 сағ Қысқа әсерліАктрапид НМ, Хумулин регуляр, Инсуман рапид 30 мин соң1-2 сағ соң5-6 сағ Орташа әсерліПротафан НМ, Хумулин НПХ, Инсуман базал 2 сағ соң4-10 сағ соң12-16 сағ Ұзақ әсерліЛантус(Гларгин), Левемир(Детемир) 1-2 сағ соңанықталмаған24 сағ дейін Өте ұзақ әсерліТресиба(Деглудек) 48сағ
Ультрақысқа әсерлі инсулиндер (Хумалог, Ново Рапид, Апидра) Тамақтан соң қандағы глюкоза мөлшерінің жоғарылауына жауап ретінде, пайдаланылған тамақпен қатар сіңірілумен жүреді. Сондықтан тамақтық инсулин ретінде қолданылуы келесі көрсеткіштермен көрінеді: әсерінің тез басталуы тамақ алдында енгізуге мүмкіндік береді. егер пайдаланылатын тамақтың мөлшерін білмеген жағдайда, инъекцияны тамақтан соң ХЕ байланысты енгізуге болады.
Инсулин лизпро – бұл ДНК рекомбинантты инсулин адам аналогы болып табылады. Синтезі адам инсулинінің В цепіндегі 28 және 29 аминқышқылдарының өзгеруімен жүзеге асырылады. Инсулин лизпро АҚШ-тағы тағамдық өнімдер және медикаменттердің сапасын қадағалау санитарлық басқармасындағы қолдау алған бірінші инсулин аналогі болып есептелінеді. Химиялық инсулин арнайы патогенді емес лабораториялық штамдармен escherichia coli генетикалық өзгеріп, синтезделеді. Бұл өзгерістердің эффективтілігі тері астындағы агрегаттардың пайда болу қауіптілігін азайтады және оның мономерлі инсулиннің құрамына ұұсас келеді.
Нәтижесінде теріастылық иньекциядан кейін инсулин тез сіңіріледі және регулярмен салыстырмалы қараған кезде қысқа әсер ереді. Бірақ лизпро айқын ішкі белсенділік көрсетпейді. Көктамырға енгізген кезде лизпро мен регулярдың фармококинетикалық профилі ұқсас. Инсулин лизпро енгізгеннен кейін белсенділігінің тез басталуымен (5-15мин) және пик кезінде (1-2сағат) белсенділігі бойынша, құрамы көмірсуға бай тағамдармен тамақтанған соң динамикада глюкозаның көбеюімен көрінетін салыстырмалы бірінші инсулин болып табылады.
Инсулин аспарт пролин амин қышқылының В28 қалпында аспарагин қышқылына алмастырылған қысқа әсер ететін адам инсулинінің аналогы. Глулизин аспарагин инсулин В3 жағдайында лизинге, лизин жағдайында В29 –глутамин қышқылына алмастырылған. Аналог ерекшеліктері ҚД 1 типінде инсулин лизпро, аспарт және глулизин фармококинетикалық және клиникалық эффектісі бойынша ұқсас. Тиімділігі бойынша азадаған өзгерістердің барлығын науқастарда дәрігер де бақылап отырады және әрбір қабылдағаннан кейін гликемиялық бақылау мақсатында арнайы топшаға жіберіліп, бақыланады. Инсулин аналог мономермен емдеу (лизпро,аспарт және глулизин) гипогликемия қауіпін төмендетеді, әсіресе ұйқы кезінде, инсулин регулярмен емдеумен салыстырған кезде. Постпрандиальді гликемиялық бақылаудың жақсарғанын бақылау жеңілдік әкеледі. Нәтижесінде, науқастар инсулин аналогтарын бұрын тамаққа дейін 30-60мин бұрын қабылдаған болса, енді тамақтан бұрын және тамақтан кейін де енгізе алатын болды.
Актрапид НМ, Хумулин регуляр, Инсуман рапид
Қысқа әсерлі инсулин әрбір тамақ алдында, пайдаланылған ХЕ байланысты мин бұрын енгізіледі. Қысқа әсерлі инсулинмен жоғары қант мөлшеріне қосымша түрде енгізуге болады. 2-3 сағаттан соң, қысқа инсулин әсерінің жоғарғы шегіне жеткенде, глюкоза мөлшері төмендейді. Сондықтан инъекциядан 2-3 сағаттан соң, тісбасар жасау керек (егер қандағы қант мөлшері 7-8 ммоль/л-ден аспаса).
Инсулин регулярдың құрамы сұйықтықта еріген цинк инсулин кристалынан тұрады. Теріастылық енгізуден кейін инсулин регуляр қалыпты гесомерлі формасынан димерге, одан кейін мономерге дейін ыдырайды. Тек мономер және димерлі формасы эндотелий арқылы қан айналым жүйесіне өтеді. Бұл ерекшелікті фармакокинетикалық профиль инсулин регуляр анықтайды. Инсулин регулярды салыстырмалы кеш бастауы, оның әсер ету ұзақтығын, тиімділігін глюкозаның постпрандиальді концентрациясын бақылауды тежейді және нәтижесінде дозатәуелді фармококинетикалық әсері басталуына, пик және ұзаруына алып келеді. Инсулин регуляр
Пролонгирленген инсулиндер қант түсіруші әсері 10-нан 24 сағ-қа дейін құрайды. Олардың көмегімен организмде инсулиннің базальді мөлшері құрылады. Орташа ұзақтықты инсулиндер суспензия түрінде шығарылып, тері астына н/е б/е енгізіледі.
Ұзақ әсерлі инсулиндер қандағы инсулин концентрациясын сағ бойы (Левемир) н/е 24 сағ (Лантус) ұстап тұрады. Инсулин Гларгин ең шегі болмауымен және ұзақ әсер ету ерекшелігіне байланысты кез-келген уақытта бір рет енгізуге болады.
Пролонгирленген және ұзақ әсер ететін инсулиндер Пролонгирленген және ұзақ әсер ететін инсулиндер әсері айтарлықтай басында ұсталуы ұзақ болады. ҚД 1 типінде тез әсерлі инсулин формасымен комбинацияланып пайдаланған қажет. Негізінде бұл препараттарды ұйықтар алдында беріледі, түндегі және ашқарындағы глюкоза концентрациясын анықтау мақсатында қабылдайды. Инсулин NPH Крситалдық суспензия құрамында протамин және цинк аралық әсер ететін инсулин. Басталу әсері 1-3 сағат енгізгеннен кейін, ұзақтығы 24 сағатқа дейін,белсенділік пик 6-8 сағат. ҚД 1 типі кезінде дегенмен инсулин NPH қалыпты жағдайда тәулігіне 1 рет комбинацияланған тез әсерлі инсулин анолог мономермен қабылдау мүмкін емес. Аналог алды кезеңде инсулин NPH инсулин регулярмен комбинцияда табысты қолданған. Инсулин гларгин КД 1 типінде 24 сағат белсенді рекомбинантты адам инсулині. Ерітінді инсулиннен айырмашылығы инсулин гларгинде аспаргин аминқышқылы А21 жағдайында глицинмен ауыстырылған, аргинин С -соңында В цепінде 2 молекула қосылған. Иньекцияға арналған ерітндіде РҺ 4 инсулин гларгин толығымен ерітілген. Теріастына енгізгеннен кейін қышқыл ерітінді микропреципитаттардың пайда болуымен негізденеді. 24 сағаттың ішінде базалды өнімін өндіре отырып,толық сіңіріледі.
Инсулин гларгинді инсулиннің басқа түрлерімен араластырмайды және көктамырға енгізбейді,өйткені бірнеше уақытқа дейін науқастарда әсері қатты дискомфорт пайда болған. Инсулин NPH мен гларгиннің айырмашылығы гларгин вариабелліді сіңіріледі. Соңғы клиникалық тексерістен кейін ҚД 1 типтегі науқастардың гипогликемия қауіпі азайған, әсіресе түнгі уақытта. Науқастардың 10 пайызында ғана щамамен инсулин гларгиннің базалді тәуліктік қажеттіліктері не байланысты тәулігіне 2 рет енгізеді. Тек кейбір науқастарда ғана иньекциядан кейін 2-6 сағататтан соң аздаған пик тиімділігін көрсетуі мүмкін, нәтижесінде түнгі гипогликемияны шақырады.
Инсулин детемир Инсулин детемир адам инсулинінен треониннің ажыратылумен В30 жағдайы бойынша және С14 май қышқылы тізбегіне В29 жағдайында қосылуымен ерекшелінеді. Бұл жалғыз ұзақ әсер ететін флакондағы, тері астына арналған инсулин. ҚД 1 типі кезінде детермир пайдалану инсулин NPH-мен салыстырғанға қарағанда артық салмақ қосуы аз (кейбір зерттеулерде науқастар салмақ жоғалтқан) және гипогликемия қауіпі төмендеген.
Аралас инсулиндер (миксты) – қысқа әсерлі (н/е ультрақысқа әсерлі) инсулин мен изофан-инсулиннің (пролонгирленген әсерлі) дайын қоспасы болып табылады, қант диабетінің 2 типін емдеуде қолданылады. Қоспадағы қысқа әсерлі инсулиннің бөлігі сандық индекспен көрінеді. Мысалы, Микстард 40/60 – 40% қысқа инсулин, Инсуман % қысқа инсулин, Хумулин М3 – 30 % қысқа инсулинді құрайды.
Инсулинотерапияның оң әсері инсулинотерапияның принциптерінің сақталуына (инсулиннің тәуліктің дозасының дұрыс есептелуі, инсулинді енгізу техникасы дұрыс орындалуы), енгізілетін инсулиннің биологиялық белсенділігіне байланысты.
1. Дәрінің мерзімін, жарамдығын көру. 2. Флаконды тек бөлме температурасында немесе 3-5 минут алақанда жылыту (жылу сіңірілу жылдамдығын күшейтеді, салқын азайтады). 3. Инсулин суспензиясын (пролонгирленген) енгізу алдында шайқау. 4. Қысқа әсерлі инсулинді тамақ алдында минут бұрын енгізу. 5. Ультрақысқа әсерлі инсулинді тамақ алдында, қажет жағдайда – тамақтану кезінде н/е тамақтан соң бірден енгізу. 6. Барлық инсулиндер тері астына енгізіледі (қысқа әсерлі инсулин кіндік аймағына, пролонгирленген сан аймағына н/е жамбастың сыртқы квадрантына). 7. Инъекцияны терінің қалыңдаған бөлігіне енгізбеу
8. Инсулинді шприцті тексеру, ашу. 9. Флакон қақпағын ашып, резеңке тығынын 2 рет спиртпен өңдеу, спирттің кебуін күту ( спирттің инсулин ерітіндіге түсуі инактивацияға алып келеді). 10. Қажет дозадағы инсулинді шприцке алу (қосымша 1-2 ЕД артық алынады, ол ауа шығарғанда дәрінің дозасы азайып кетпеуі үшін). 11. Теріні сол қолдың 1-2 –ші саусақтарымен алып, ºС бұрыш астында инені егеміз. (Тері асты май қабаты қалың болса, инені 90 ºС бұрыш астында салуға болады) 12. Сол қолды босатып, инсулинді жәй жіберу. 13. Құрғақ стерильді мақта тампонын инъекция орнына қойып инені шығарып алу.
2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтау керек, бірақ мұздатқыш камера қасында сақтауға болмайды. Мұздатып қатыруға болмайды. Еккіш-қаламды жарықтан қорғау үшін қорғағыш қалпақ кигізулі күйінде сақтайды. Жарықтың және шамадан тыс жылудың әсер етуінен қорғалады. Бірінші ашылуынан кейін: 30°С-ден аспайтын температурада сақтағанда 4 апта ішінде пайдалану керек. Тоңазытқышта сақтауға болмайды. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
+37 градустан жоғары, тура күн сәулесінің түсуі, тоңазыту инсулиннің белсенділігін жоғалтуы мүмкін, ол қандағы қант мөлшерінің түсініксіз жоғарылауымен көрінуі мүмкін. Егер самолетпен ұшатын болса, инсултинді чемоданға салмай, самолет салонына бірге алып жүру қажет.
Қазіргі кезде инсулинді сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы сөмкелер бар. Бұл сөмкеге инсулин, шприц, ручка салуға болады. Кешенде арнайы сұйықтығы 2 тоңазытылған контейнер болады.