Зерттеудің мақсат - міндеттері 1. Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білген Ақан серінің шығармашылық өмір жолын меңгеру. 2. Ақан сері әндерінің ерекшелігін тану. 3. Ақан трагедиясының шырқау шыңы – «Құлагер» әнінің шығу тарихымен танысу.
«Ақан сері – жігіт көркі, сөздің бұлбұлы еді» Мәшһүр Жүсіп Көпеев
1.Ақан сері Қорамсаұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстық. 2.Лирикалық өлеңдерін оқыдық. 3.«Құлагер» поэмасымен таныстық. 4.Құлагер өлімінің себептерін анықтадық.. 5.Атқарған жұмыстар бойынша қорытынды жасадық.
ХІХ ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген қазақтың әнші - ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі - Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жилы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл денег жердь туған. Шын аты - Ақжігіт. Ата-ананы еркелетіп Ақан атандырып жіберген.13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергей ойлы бала Дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли денегнің медресесінде 2-3 жил дай сабақ алған. Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын ешь уақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан - нешье түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгешье өмірімен дархан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны «сері» атандырған.
Жастық,бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы - достық,махаббат мәселесі.Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі,талғамы күшті,нәзік жанды ақын өмірдегі не бір сұлу, әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғаты да, алғыр қыран мен жүйрік аты да қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі,көркем құбылыстардың қайсысын бокса да, ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның « Жайықтың ақ түлкісі», « Ақ көйлек» т.б.лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай,сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді. Ақанның бір топ өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тосты», «Балқадиша», «Үрқияжан»,т.б.әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған. Сұлу әйелді идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі үшін үлкен,әлеуметтік сыры терең туындылар болып сана лады.
Құлагер Жел соқса қамыс басы майдан деймін, Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылың балды, Жығалмаса Құлагер қайда деймін. Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің. Атығай Қарауылға олжа салған, Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім. Құлагер құнанында керім еді, Нағашым сұрағанда беріп еді. Ат қоса Ерейменге барғанымда, Бір сыпшы көзі шыққыр көріп еді.
Балқадиша Қызы едің Ыбыкеңнің, Балқадиша, Бұралған белің нәзік тал Қадиша. Жиылған осы тойға қалың қыздың, Ішінде қара басың хан, Қадиша, Қызы едің Ыбырайдың, Балқадшиа, Боларсың біздің сөзге зар, Қадиша. Бұлаңдап асу тай дай жүрген басың, Боласың қандай жанға жар, Қадиша. Қызы едің Ыбырайдың, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша. Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой, Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу – Ақан серідей ірі жанды адамның ғана қолынан келеді.