Министерство здравоохранения Республики Казахстан ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ. ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕҢБЕГІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жоспар: 1. Актиномикоз 2. Токсономиясы 3. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері 4. Резистенттілігі 5. Эпидемиологиясы 6. Патогенезі. 7. Клиникалық.
Advertisements

Жасуша құрылысы және құрамы. Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
Мамандық:ФПСиЕ Кафедра:Ұлттық спорт негіздері курс:1 Тақырыбы:Жасуша.Ұлпа Орындалу формасы:Презентация Орындаған:Мұратов Алмат Тимурұлы Тобы:1-6.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Липидтер алу биотехнологиясы Группа: БТ Орындағандар: Тұтқышбаева М. Ильясова С. Тексерген: Сапарбаева Н. А.
Жасуша теориясыЖасуша ашылуы Жасуша құрылысы және қызметі.
Элементар бөлшектерСалыс массасыЗаряды Протон 1+1 Нейтрон 10 Электрон 0 Атом дегеніміз оң зарядты ядродан және теріс зарядты электроннан тұратын электробейтарап.
classification-5433/
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Эволюциялық ілім негіздері Тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарастардың дарвинге дейінгі дамуы Орындаған:Амангельдиева А. Ахмет Қ. Тұрарбек Т. Эволюциялық.
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері Оқу мақсаты: - көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Битемирова Д Қабылдаған: Битемирова.
Микроэкология негіздері (Баяндама) Микробиология және вирусология кафедрасы.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Ц ИТОЛОГИЯ Ц ИТОЛОГИЯ – КЛЕТКА ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ. Ц ИТОЛОГИЯ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН, ОЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН, ЖАСУША ІШІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІН,
Атом б ү тіндей ал ғ анда зарядсыз, бейтарап б ө лшек. Ол ортасында ө зінен радиусы есе кіші к ө лемді алып жат қ ан о ң зарядты ядродан ж ә не.
Транксрипт:

Министерство здравоохранения Республики Казахстан ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ: МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ. ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕҢБЕГІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ. БАКТЕРИАЛЬДІ ЖАСУША МОРФОЛОГИЯСЫ, УЛЬТРАҚҰРЫЛЫМЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ. БАКТЕРИЯЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ ПРИНЦИПТЕРІ. м.ғ.к., доцент Ахметова Сәуле Балтабайқызы

Микробиологияның мақсаты мен міндеті Микробиология ( грек сөзінен micros – ұсақ, bios – өмір, logos - ілім ) көзге көрінбейтін өсімдік және жануар текті өте ұсақ тіршілік түрлерін, микроорганизмдердің құрылысын, тіршілігін және экологиясын зерттейтін ғылым. Микробиология микроәлемнің барлық өкілдерін ( бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, вирустар ) зерттейді.

Микробиология келесі сұрақтарды қарастырады : Микроорганизмдердің морфологиясын және физиологиясын, яғни микроскопиялық және басқа зерттеу түрлерін қарастырады, патогенді микроорганизмдердің зат алмасуын, қоректенуін, тыныс алуын, өсу және көбею жағдайларын, генетикалық ерекшеліктерін ; Микроорганизмдердің жұқпалы аурулар этиологиясы мен патогенезіндегі орнын ;

Микробиология келесі сұрақтарды қарастырады : Микроорганизмдер тудыратын аурулардың негізгі клиникалық көріністері мен тарауын ; Жұқпалы аурулардың арнайы диагностикасын, алдын алуын және емдеуін ; Патогенді микроорганизмдердің экологиясын зерттейді.

ДӘРІГЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕҢБЕГІНДЕ МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ Микробиология, вирусология пәнін білу қандай да болмас дәрігерге күнделікті жұмыс барысына қажет. Себебі, қандайда болмасын барлық патологиялық процестердің механизмдерін микробиология саласымен қатысты екенің дәлелдеуге болады.

Микробиологияның даму тарихы кезеңдерге бөлінеді : Эвристикалық кезең Гиппократ, рим жазушысы Варрон, итальяндық дәрігер Д. Фракасторо ғалымдар есімдерімен байланысты. Бұл кезеңді морфологиялық кезең деп атайды. Физиологиялық кезең француз ғалымы Л. Пастердің есімімен байланысты. Атап айтар болсақ, ашыту, шіріту, құтыруға қарсы вакцина, пастеризация, аттенуация процестері. Иммунологиялық кезең генетикалық бөтендігі бар заттарға иммунды жүйенің негізі реакцияларының ашылуымен сипатталады : антидененің түзілуі мен фагоцитоз, жоғары сезімталдықтың баяу түрі ( ЖСБТ ), жоғары сезімталдықтың жедел түрі ( ЖСЖТ ), толеранттық, иммунологиялық ес.

Антонии ван Левенгук Луи Пастер Роберт Кох МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР

Л. С. Ценковский И. И. Мечников Н. Ф. Гамалея Д. И. Ивановский МИКРОБИОЛОГИЯ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ҒАЛЫМДАР

C. Н. Виноградский

1757 жылғы микроскоп Қазіргі заманғы микроскоп

Жалпы микробиология (бактериялар мен вирустардың морфологиясы, физиологиясы; микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығы/төзімділігі; бактериофагтар; микроорганизмдердің патогенділігі (инфекция); микроэкология; иммунитет т.б.) Жеке микробиология (бактериология, вирусология, микология, протозология, гельминтология) қоздырғыштардың жіктелуі, морфологиясы, дақылдандыру, антигендер. Патогенділік; жұқпалы ауруларға микробиологиялық диагноз қою әдістері, емдеу мен алдын алудың негіздері сияқты тарауларды қамтиды. Клиникалық микробиология (шартты-патогенді микроорганизмдер, олардың адам патологиясындағы рөлі, микробиологиялық диагноз қою принциптері; қалыпты микрофлора, адамдарда болатын дисбактериоз және оған микробиологиялық диагноз қою; госпитальдық инфекцияларға диагноз қою және алдын-алу принциптері)

Микроорганизмдер молекулярлы биологиялық құрылымына байланысты бөлінеді : Прокариоттар Эукариоттар Вирустар

Прокариоттар ( грек тілінен аударғанда karyon - ядро ) – ядролық мембранасы және жоғары құрылымды органеллары жоқ тіршіліктің ядроға дейінгі бір жасушалы қарапайымдылар. Бұл бактериялар, соның ішінде актиномицеттер мен көк - жасыл балдырлар. Эукариоттар тұрақты ядросы және жоғары құрылымды органеллары бар біржасушалы және көпжасушалы ағзалар – қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, балдырлар ( көк - жасыл балдырдан басқасы ) жатады.

Микроорганизмдер ішінде ерекше орынды вирустар алады ( латын тілінен аударғанда virus - у ), жасушадан тыс өмір сүре алмайды. ДНҚ және РНҚ - лы түрлері бар. Приондар құрылысы оған қарағанда қарапайым – генетикалық материалы яғни нуклеин қышқылы жоқ инфекциялық ақуызды бөлшектерден тұрады.

Вирустар мен приондар облигатты жасушаішілік паразиттер болып табылады. Прокариоттар әдетте жасушадан тыс көбейеді, бірақ та факультативті жасушаішілік паразиттер де бола алады ; тек кейбір бактериялар ( риккетсиялар, хламидиялар ) облигатты жасушаішілік паразиттер болады.

Адам организміне зақым келтірмейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп атайды. Сапрофиттер ( грек тілінен аударғанда sapros - шірік және phyton - өсімдік ) яғни өлі организмнің органикалық заттарымен қоректенеді.

Сонымен қатар адамда әртүрлі ауруларды ж / е патологиялық процесстерді тудыратын микроорганизмдер де кездеседі. Бұл микроорганизмдерді патогенді ( грекше phatos - ауру ) деп атайды. Саны өте көп нан астам түрлері бар ( бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар ), соның ішінде нан астамы вирустар.

Организмнің қарсы тұру қабілеті төмендегенде н / се сәйкес қолайлы жағдай туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар патогенді микроорганизмдер сияқты болады. Мұндай микроорганизмдер шартты - патогенді деп аталады.

Микроорганизмдердің жіктелуі Жіктелу принципін зерттейтін жүйелік бөлімі таксономия ( грекше taxis – орналасу, тәртіп ) деп аталады. Таксономиялық категориялар : Патшалық ең үлкені Патшалық асты Бөлім Класс Рет Тұқымдас Туыс Түр Түр асты

Түр дегеніміз – ұқсас қасиеттерімен бірігетін, бірақ басқа туыс өкілдерінен ажыратылатын даралар жиынтығы. Таза дақыл дегеніміз – ұқсас морфологиялық, тинкториальды, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттерімен сипатталын, қоректік ортада бөлінген біртекті микроорганизмдер жиынтығы. Штамм дегеніміз – белгілі материалдан бөлінген және түрдің басқа өкілдерінен ерекшеленетін микроорганизмдердің таза дақылы. Клон – бір микробты жасушаның ұрпағы.

Бактерия жасушасының құрылымы Негізгі құрылымына : жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма және нуклеоид. Бактерияның қосымша құрылымдары болуы мүмкін : капсула, микрокапсула, шырыш, талшық, фимбрия, пили ( кірпікше ); кейбір бактериялар спора түзуге қабілетті.

Бактерия жасушасының ультрақұрылымы

Жасуша қабырғасы – бактерияларға белгілі пішін беретін берік серпінді құрылым ж / е жасушадағы жоғары осмостық қысымды ұстап тұрады. Ол жасушаның бөліну процесі мен метаболиттердің тасымалына қатысады. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы грам теріс бактериялармен салыстырғанда қалың, өлшемі 50 нм - ге дейін ж / е одан жоғары. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында полисахаридтердің, липидтердің ж / е ақуыздың аз мөлшері бар. Бұл бактериялардың негізгі көлемін (40-90%) тейхой қышқылымен ( грек сөзінен teichos - қабырға ) ковалентті байланысқан пептидогликан ( муреин, мукопептид ) құрайды. Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасындағы пептидогликанның мөлшері 5-10%.

Цитоплазмалық мембрана Цитоплазмалық мембрана үш қабатты құрылым болып табылады ж / е бактерия цитоплазмасының сыртқы қабатын қоршап тұрады. Ол осмостық қысымды реттеуге, заттардың тасымалына ж / е жасушаның энергиялық метаболизміне ( электрондарды тасымалдайтын ферменттер, АТФ - аза ж / е т. б.) қатысады.

ОЛИГОСАХАРИДТЕР ГЛИКОЛИПИДТЕР ИНТЕГРАЛЬДІ АҚУЫЗДАР ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ АҚУЫЗДАР ФОСФОЛИПИДТЕР ЦИТОПЛАЗМАЛЫҚ МЕМБРАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Цитоплазма Бактериялардың цитоплазмасы жасушаның негізгі көлемін құрайды ж/е ерігіш ақуыздардан тұрады. Цитоплазмада әртүрлі қосылыстар бар – полисахаридтер, поли- β-май қышқылы ж/е полифосфаттар (волютин). Олар қоршаған ортада қоректік заттардың артық болуы кезінде жиналады ж/е қоректену мен энергиялық қажеттіліктер үшін қордағы заттар ролін атқарады.

Нуклеоид Нуклеоид ( ядроға ұқсас құрылым ) – бактериялар ядросының эквиваленті. Нуклеоид бактериялардың орталық аймағында екі жіпшелі ДНҚ түрінде, шеңберге тұйықталған ж / е түйнек тәрізді тығыз орналасқан.

Капсула Капсула – жасуша қабырғасымен тығыз байланысты шырышты түзіліс, сыртқы шекарасы анық белгіленген. Көбіне, капсула полисахаридтерден ( экзополисахаридтерден ), кейде полипептидтен тұрады. Капсула гидрофильді, бактериялардың фагоцитозына кедергі жасайды ж / е кебуден сақтайды. Көптеген бактериялар микрокапсуланы түзеді – электронды микроскоппен анықталатын шырышты түзіліс.

Бактериялардың талшықтары Талшықтар – бактериялардың қозғалуын қамтамасыз етеді. Табиғаты флагеллин ақуызы. Талшықтар – цитоплазмалық мембранадан басталатын жіңішке жіпшелер. Олар орналасуы бойынша жіктеледі : монотрих - бір шетінде бір талшық ( тырысқақ вибрионында ); перитрих – бактериялардың периметрі бойынша орналасқан ( ішек таяқшасы, протей т. б.); лофотрих – жасушаның бір шетінде шоғырланып орналасқан ; амфитрихтар – жасушаның екі шетінде бір талшықтан н / се шоғырланып орналасқан.

МОНОТРИХЛОФОТРИХ АМФИТРИХ ПЕРИТРИХ БАКТЕРИЯ ТАЛШЫҚТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Фимбриялар және пилилер Бұлар жіпшелі түзілістер, пилин ақуызынан тұрады. Фимбриялардың әртүрлі типтерін бөледі : адгезияға жауапты, бактериялардың жабысуын қамтамасыз етеді ; қоректену, су - тұз алмасуына жауапты ; жыныстық ( Ғ - пили ) н / се конъюгациялық пили.

Бактерияның қосымша құрылымдары 1 – талшықтар; 2 – кірпікшелер; 3 – пилилер; – Монотрих2 - Лофотрих 3 – Амфитрих4 - Перитрих

Споралар Споралар бактерия тіршілігінің қолайсыз жағдайларында ( кептіру, қоректік заттардың жетіспеуі ) түзіледі ж / е бактерияның түрінің сақталуын қамтамасыз етеді. Споралардың пішіні сопақша, шар тәрізді болуы мүмкін.

терминальді – жасуша шетінде ( сіреспе қоздырғышы ); субтерминальді – жасуша шетіне жақын ( ботулизм, газды гангрена қоздырғыштары ); орталық – жасуша ортасында ( сібір жарасы бацилласы ) орналасады. СПОРАЛАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ БОЙЫНША АЖЫРАТЫЛУЫ :

Бактериялардың пішіндері Кокктар – шар тәрізді бактериялар. Өзара орналасуына байланысты жіктеледі : микрококктар, диплококктар, тетракокктар, стафилококктар ( жүзім шоғыры ), стрептококктар ( тізбектелген ), сарцина ( пакет тәрізді ), пневмококктар – ланцент тәрізді, гонококк ж / е менингококктар – кофе дәні тәрізді. Таяқша тәрізді бактериялар - дұрыс таяқша ( ішек таяқшасы ), түйреуішке ұқсас таяқша ( коринебактериялар ), бұтақты таяқша ( актиномицеттер ), шеті кесілген таяқша ( сібір бацилласы ), иілген таяқша ( тырысқақ вибрионы ), иректелген – спирохеталар, шағала қанаты тәрізді иілген - кампилобактериялар.

БАКТЕРИЯ КЛЕТКАСЫНЫҢ МИКРОФОТОГРАФИЯСЫ А – СФЕРА ТӘРІЗДІ ; Ә – ИРЕЛЕНГЕН, НЕМЕСЕ СПИРАЛЬ ТӘРІЗДІ ; Б – ТАЯҚША ТӘРІЗДІ А ӘБ

Бактериялардың пішіндері 1 – стафилококктар 2 – стрептококктар 3 – сарциналар 4 – гонококктар 5 – пневмококктар 6 –пневмококктар капсуласы 7 – коринебактерлер 8 – клостридиялар 9 – бациллалар 10 – вибриондар 11 – спириллалар 12 – трепонемалар 13 – боррелиялар 14 – лептоспиралар 15 – актиномицеттер а - монотрих б - лофотрих в - амфитрих г - перитрих

Вирустың толық құралған бір бөлшегі вирион деп аталады. Вирионның құрылымдық компоненттері : капсомер – ақуыздың бөлшек бірлігі ; капсид – капсомерлерден құралған жабын ; нуклеокапсид – нуклеин қышқылы мен капсид ақуызының комплексі ; суперкапсид – бұл күрделі вирустарға тән, капсидтің сыртында орналасды.

Вирионның құрылысы

Вирустардың морфологиясы Вириондардың пішіндері әртүрлі болуы мүмкін : Таяқша тәрізді ( темекі мозаикасы вирусы ); Оқ тәрізді ( құтыру вирусы ); Сфералы ( полиомиелит, АИТВ - адамның иммунды тапшылық вирустары ); Сперматозоидқа ұқсас ( көптеген бактериофагтар ); Көпқырлы ; Жіпше тәрізді ; Кірпіш немесе параллелелипед тәрізді.

Саңырауқұлақтардың морфологиясы Саңырауқұлақтар – эукариотты микроорганизмдер топтары. Саңырауқұлақтар жасушасының құрамы : ядро, ядро қабықшасы, цитоплазма, ЦПМ ( құрамында фосфолипидтер, глюкан, стерол, целлюлоза, хитин, ақуыз, липидтер ж / е т. б.). Саңырауқұлақтар гифтерден тұрады – жіпше саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар 7 класқа бөлінеді, оның ішінде жиі кездесетіндері : Зигомицеттер – Mucor туыстығы, олар бас миының, өкпенің ж / е басқа мүшелердің мукоромикоз ауруын қоздырады ; Аскомицеттер – Aspergillus, Penicillium туыстық өкілдері.

Penicillium chrysogenum Aspergillus glaucus

Culture of Trichophyton rubrum on dermatophyte test medium. Culture of Malassezia furfur on a lipid rich medium.

Culture of Aspergillus niger. Aspergillus fumigatus isolated from the air of a hospital ward using an impactor-type air sampler.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!