Педагогты ң қ арым қ атынас м ә дениеті. Педагогикалық мәдениет – көп қырлы қарым-қатынас жүйесі және жалпы даму, кәсіби сапалар мен педагогикалық этиканың дамуынан тұратын психологиялық-педагогикалық сенім мен шеберлік ретінде қарастырылады. Педагогтың қарым-қатынас мәдениеті мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу нисаны ретінде алынуы, бұл проблеманың өзектілігін айқындайды. Педагогикалық мәдениет жеке тұлғаның маңызды сипоты ретінде көрінуі оның жан-жақты, үйлесімді дамуына ықпал етеді. Қарым-қатынас мәдениеті денегіміз – адамдардың өз мінез- құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алтына қойған мақсатына женудің тиімді жолын табу. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру барысында торта әр адамның өзін еркін сезінуіне қолайлы жағдайларды қалыптастырудың ең тиімді жолы-ойын тренингін жүргізу. Тренинг тортағы адамдардың бір-біріне сенім артып, қарым-қатынас мәдениетін дамытудың маңыздылығын жете түсінуге көмегін тигізеді
Қазақ тіліне мәдениет сөзі араб тілінен (маданият – қала, қалалық денег мағынаны білдіреді) шенген. Ал, көне заманда культура сөзі жерді өңдеу денег мағынада қолданылған. Цицеронның еңбектерінде (б.з.д. 45 жил) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру ұғымымен барабан пайдаланылды. Грецияда арте заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелейтін сирек кездесетін білім беру жүйесі болғаны белгілі. Адамзаттық қасиеттерді жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп отыратындықтан, мұнда жастарды қоғамдық өмірге дайындауға басымдылық берілген. Сондай-ақ «мәдениет» ұғымы (cultura) латынь тілінен аударғанда «жасақтау, өңдеу» денегді білдіреді, кейде «тәрбиелеу, дамыту» мағынасында қолданылады. Аталған ұғым әлеуметтік педагогтар, психологтар, публицистер, саясаткерлер, экономистер тіліне ХХ ғасырдан бастап енді. Ежелгі Римнің өзінде Цицерон жан мәдениеті мен тән мәдениетін салыстыра отырып, оларды құрметтеуге тұрарлық ақыл-ой дамуының көрсеткіші деп этап көрсетеді. М.Р.Цицерон өзінің Тускуланские диспуты еңбегінде ең алғаш рет мәдениет сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған. Платонның анықтамасында мәдениет – адам бойында оң өзгерістер қалыптастыруға оңтайлы түрде басшылық жасау.
Педагогикалық қарым-қатынас- қатынасты ұйымдастыру және дамыту процесі, педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара түсінушілік пен өзара іс-әрекет. Педагогтың сөйлеу мәдениетінің ережелері: 1. Педагог қатты сөйлемеу қажет, бірақ оны бәрі де еститіндей болу керек, тыңдау процесі тәрбиеленушілердің күшпен зер салуын тудырмауы тиіс. 2. Педагог анық сөйлеу керек. 3. Педагогтың сөйлеу жилдамдығы минуты на 120 сөз. 4. Мәнерлі сөйлеу үшін логикалық және психологиялық паузаларды қолдана білу керек. Логикалық паузасыз сөйлеу тілі-сауатсыз, ал психологиялықсыз – түссіз болады. 5. Педагог интонациямен сөйлей білу керек, яғни логикалық екпінді қоя білу керек, айтылғанды жеткізу үшін кейбір сөздерді бөле білген жөн. 6. Әуенділік педагогқа жеке дара түс беріп, баланың эмоционалды жағдайына жақсы әсерін тигізеді:дәрттендiрiп, қызықтырып, тыныштандырады.
Қарым-қатынас кезінде кейбір принциптерді ұстану қажет: Бала қандай бокса, солей қабылдау; Әр адам қайталанбас екенін ескеру ; Тәрбиеленушінің қабілеттілігіне сену ; Олардың шығармашылық белсенділігін қолпаштау; Бала тұлғасын сыйлау, әрқайсысына жетістікке жену жағдайын жасау; Бала қадірін кемітпеу; Балаларды бір-бірімен салыстырмау, іс-әрекет нәтижесін ғана салыстыру; Әркімнің қателесуі мүмкін екенін ескеру; Әркімнің өз ойын айтуға еркі бар, ешкімнің өз ойын айтқанына күлуге құқығы жоқ.