Орындаған: Отарова Гульназ Тобы: СиС-33 Тексерген: Мамыкова М.Ө. Маркетингтік орта. Маркетингтік зерттеу.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Advertisements

Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
LOGO Диплом жұмысының тақырыбы: «Халықаралық менеджмент: даму перспективасы мен болашағы» («Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ мысалында)
Экономика негіздері. Экономика (гр. Οικονομία үй шаруашылығын жүргізу өнері) материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде.
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
Орындаған: Әділ Жамиля Әбілдабек Диляра PUBLIC RELARHIONS 8 байланыс телефоны: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі БИЗНЕС -ЖОСПАР.
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
Орындаған: МНН-11 Мырзабекова Жанерке Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
( өнім-нарық матрицасы) - өнімді нарықта орналастыру стратегиясын анықтауға арналған стратегиялық басқарудың аналитикалық құралы болып табылады.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Деректер қорының негізгі түсініктері және пайда болуы Деректер қорының пайда болуы және перспективасы. Деректер қорының негізгі анықтамалары мен терминдері.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Оқушылар білімін бағалаудағы қолданылып жатқан PISA тест жүйеci.
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
Жоспар болашаққа іс-әрекетті болжауға мүмкіндік береді. Жоспар қаншалықты жақсы жасалса, соғұрлым жобаны жүзеге асыру кезінде күтпеген жағдайлар аз болады.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Транксрипт:

Орындаған: Отарова Гульназ Тобы: СиС-33 Тексерген: Мамыкова М.Ө. Маркетингтік орта. Маркетингтік зерттеу.

Маркетинг кешені(маркетинг-микс) - нысаналы рыноктағы тұтынушылардан фирмаға қажет қайта реакция алу мақсатымен қолданатын,оларға әсер ететін маркетинг құралдары жиынтығы. Маркетинг құралдарының 4 факторлар тобы белгілі.Оларды тұңғыш рет (1960ж.)маркетинг саласындағы белгілі маман Е.Маккарти «4р»деп белгілеген.Ағылшынша «р»әрпінен басталатын төрт сөзден тұрады. -тауар (product) -баға(price) -сату орны(place) -жылжыту,коммуникация(promotion)

Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері Маркетинг түрлері Сұраныс түрлеріМаркетинг міндеттері мен мақсаттары Конверсиялық маркетинг:барлық немесе бірнеше рыноктың сегменттері тауарды (қызметті)қабылдамайды Жағымсыз сұранысТауарды жақсарту,бағаны төмендету,өткізу арналарын жақсарту,қоғамның пікірін өз мүддесіне сай өзгерту. Креативтік маркетинг(дамушы маркетинг):жасырын сұранысты әйгілеуге бағытталған маркетинг. Жасырын сұраныс Рыноктың әлуетті сыйымдылығын бағалау,жасырын сұранысты қанағаттандыратын тауарларды іздеп табу. Ремаркетинг:сұраныс төмендеген жағдайда қолданатын маркетинг. Төмендейтін сұраныс Жаңа айнымалы нарықты табу,оған сәйкес тауардың қасиеттерін өзгерту, коммуникацияны тиімді жүргізу. Синхро маркетинг:сұраныс өндіріс күшінен біршама асатын болса немесе бұл тауардың өндіріс көлемі нарық қажетінен көп болса қолданатын маркетинг. Тұрақсыз сұраныс Сұранысты уақыт мерзімі бойынша реттеу,икемді баға қолдану.

Демаркетинг:қанағаттандыра алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг. Артық сұраныс Бағаны көтеру,өтімді ынталандыру шаралары мен сервисті азайту,сұраныс көлемін төмендету. Қарсы әрекет жасайтын маркетинг:тұтынушының және қоғамның жағдайын жақсарту мақсатымен зиянды тауарларға қарсы қолданатын маркетинг. Иррационалды сұраныс(өлшемге келмейтін сұраныс) Бағаны кенет көтеру,тауардың қол жетерлігіне шек қою,тауардың денсаулыққа зияндығы туралы тұтынушыларға ақпарат тарату. Ынталандырушы маркетинг:ынталы әдістер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг. Сұраныс жоқБағаны төмендету.жарнаманы күшейту,тауардың ұтымды жақтарын көрсету,өтімді ынталандыру шараларын қолдану. Демеуші маркетинг:сұранысты бір деңгейде сақтауға арналған маркетинг. Сұраныс толық қанағаттанған. Тауардың сапасын және қызмет көрсету қасиеттеріне көбірек назар аудару.

Маркетинг ортасы -ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты тұтынушыларымен тиімді байланыс орнатып,он үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субьектілердің жиынтығы.

Микроорта - фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Макроорта - бұл кәсіпорынның микроортасына әсер етуші әлеуметтік сипаттағы факторлар (демографиялық, экономикалық, техникалық, саяси және әлеуметтік-мәдени) және олар кәсіпорынның маркетингтік шешімдеріне де әсерін тигізеді. Медиаорта - фирманың нақтылы немесе әлуетті көңіл бөлетін және белгіленген мақсатына жетуіне әсер ететін кез келген топ.

Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар. Жабдықтаушыларға көптеген талаптар қойылады. Оның ішінде ең маңыздылары: өнім сапасы стандарқа сай болуы, келісілген кестеге сәйкес нақты мезгілде өнімді жеткізу, өнімді жеткізу көлемін толығымен орындау, келісілген бағаны сақтау және т.б. Бәсекелестер дегеніміз бір типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары болып табылады. Фирма өзінің бәсекелестерінен озып шығу үшін үнемі тауар ассортиментін жаңартып тұруға тырысады. Қағида бойынша, өндірілген өнім сапасы жоғары деңгейде болса, өзінің тұтынушысын табуы керек. Бұл үдеріс көбінесе маркетинг делдалдары арқылы қамтамасыз етіледі. Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуға көмектесетін әдетте арнайы компания мамандары. Микроортаның соңғы және ең маңызды элементі – тұтынушылар болыр табылады. Тұтынушылардың белгілі бір тауарды сатып алуға әсер ететін факторлар көп, және олар үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан, кез келген фирманың маркетингтік бөлімі тұтынушылардың қажеттілікетерін, мінез-құлықтарын жиі зерттеп, біліп отыру қажет. Микроорта факторлары

Ф.Котлердің ұйғарымы бойынша бәсекелестердің 4 типін бөліп қарастыруға болады: 1 Функционалдық бәсекелестер – мұнда белгілі бір қажеттілік әртүрлі жолдармен қанағаттандырылуы мүмкін. Мұнда белгілі қажеттіліктің қанағаттанушылығын қамтамасыз ететін барлық тауэрлар функционалдық бәсекелестер болып табылады. Мысалы, жол үстінде уақыт өткізу қажеттілігін қанағаттандырушы тауэрлар шахмат, кітап, газет, радио және т.б. 2 Тауар–тектес бәсекелестер – бір мақсатты қанағаттандыруға арналған, бірақ бір-бірінен белгілі бір өлшемдері арқылы ерекшеленетін тауэрлар (мысалы: автокөлік, мотоцикл және т.б.). 3 Тауар-түрлес бәсекелестер – бір тауэр түрінің әртүрлілігі (мысалы: 3 жылдамдықты және 5 жылдамдықты мотоцикл). 4 Маркалы бәсекелестер – әртүрлі кәсіпорындар шығаратын бір сипаттағы тауэрлар және олар тек дайындау запасы арқылы ғана ерекшелінеді (мысалы: экономикалық үнемдеу жағынан тиімді, өте жақсы пандалану сипатына ие тауэрлар).

Демографиялық Халықтың орналасуы, саны миграциялық бағыттары, аймаққа қарай бөлінуі, білімі, неке және ажырасу саны немесе т.б. Экономикалық Халықтың табысы, сатып алу деңгейі, салық жүйесі, т.б Табиғи Энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайыжәне болашағы:Қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемелекет ұйымдарының әсері Саяси-құқық Кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы:Мемлекеттің экономкалық саясаты.Сыртқы саясаттың нарықтың дамуына әсері.Мемлекет шешімдерінің қлғам өміріне тигізетін әсері. Ғ ылыми-техникалық Шектес және бақылауға алынған салалардағы технологиялық өзгерістердің қарқыны.Фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық әлеуеті.Технологиялық жаңартулардың қауіпсіздігіне қатал талап қойылуы. Мәдени Тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүрі. Макроортаға 6 фактор әсер етеді:

Маркетингтік зерттеулер бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирма маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтивті фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының 75 %-ында осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар психологтар жұмыс істейді. Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар- БРИФ әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, «Gallup Media Asia», ВІSАМ, Сиар, Cessi Каzакһstan, IGМ, Комкон-2 Евразия, Эксперт Консалт және тағы басқа компаниялары. Бұл ұйымдар» қаржылық мүмкіндіктері бар қазақстандық кәсіпорындар тапсырыс жасайды. Мысалы, «Аmer- Nielsen» фирмасының жылдық айналымы 9 млрд доллардан астам болса Қазақстандағы маркетингтік зерттеулерді жүргізетін компаниялардың бір жылғы айналымы мың. Отандық кәсіпорындардың көпшілігі зерттеулерді жүргізудің қажеттілігін әлі түсіне бермейді. Сондықтан Қазақстан нарығында осындай тапсырыстардың 80%-ы шетелдік компаниялар үлесіне тиіп отыр. Солай бола тұрса да маркетингтік зерттеулердің бағасы Қазақстанда Ресейдегіден 2,0 есе, ал Еуропадағыдан 5-10 есе төмен. Соған қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарда маркетингтік зерттеулер кеңінен қолданылып жүрген жоқ. Мысалы, Жапонияда шоколадты тұтыну талғамдарын пікір сұрау әдісімен зерттеу (750 адамға 40 минутта пікір сұрау жүргізу) 63 МЫҢ доллар, АҚШ-та 62,7 мың, Батыс Еуропада – 36 мың, Орталық Еуропада 14 мың доллар, Қазақстанда 10 мың доллар тұрады.

Маркетингтік шешім қабылдау ақпаратты қажет етеді. Бастапқы ақпарат (кабинеттікзерттеу) бұл маркетингтік зерттеулердің мақсаттарынан бөлек, бұрын басқа мақсаттармен жиналған ақпарат. (+) ақпарат қолға онай түседі, салыстырмалы арзан болады,жылдам жиналады. (-) ескі болуы мүмкін, мақсатка сай келмеуі мүмкін. Бастапқы ақпарат фирманың ішкі құжаттарында және сыртқы ақпарат көзінде болады. Фирманың ішкі құжаттарына пайда туралы есептер, өткізу көрсеткіштер, шот- фактуралар, тауарлық- материалдық құндылықтардың есеп тізімдемесі жатады. Соңғы ақпарат (далалық зерттеу) бұл нақты зерттелетін мәселені шешу үшін жаңа ғана жиналған ақпарат. Бұл жинау үшін көп шығын, еңбек және уақыт керек. Оған арнайы жоспарын дайындау қажет. (+)нақты мақсатқа сай жиналады, зерттеу бақыланады, ақпарат сенімді болады. (-) көп уақыт пен қаражаттың жұмсалуы, кейбір мәліметтер қол жетімсіз болуы мүмкін. Сыртқы ақпарат көздері- мемлекеттік мекемелердің басылымдары, статистикалық анықтамалары, газет және журналдар, консалтингтік фирмалар.

Маркетингтік зерттеу міндеттері: бәсекелестер тауарларын,,микроорта- ны талдау сатып алушылар- дың жаңа тауарға деген әсерін талдау нарықтың әлуетті мүмкіндік- терін зерттеу Тұтынушы- лардың талғамдарын анықтау тұтынушыла рдың мінез- құлқын зерттеу тауарды нарыққа жылжыту мәселелері н бағалау оның өткізу және баға саясатын бағалау фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау

Маркетингтік зерттеу кезеңдері 1. Зерттеу проблемаларын айқындау және мақсаттарын анықтау. 3. Ақпаратты жинау. 4. Жиналған ақпаратты талдау. 5. Алынған нәтижелерді ұсыну. 2. Ақпарат көздерін іріктеу.