Қосымша білім берудің мән –мағанасының артур оның балалар мен жасөспірімдердің қол бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивация сын дамыту, дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сайт мақсатты айналысуына, әсіресе, кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтана тарту, сайтып келгенде бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында.
Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі монада: Балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым-қатынасты, педагог пен баланың немесе педагог пен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отрудың қажеттілік екенін айқын көрсетеді.
Қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып: -балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыратын; -білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйрететін; -балаға өзіндік өмірлік тәжірибесін талдан қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйрететін; -өз ісіне баға берегу, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететін; -жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйрететін; -баланың дамуы мен дербес сана- сезімінің даму эволюция сын искре отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа аллоды.