Сейсмобарлау барлау – геофизиканың негізгі әдісі болып саналады. Сейсмобарлау ізденістері шөгінді қабаттардың ерекшеліктерін және мұнай-газ кенорындарын іздеу және барлауда негізгі әдіс ретінде қаралады. сейсмобарлау әдісі өте қымбат, себебі барлық геофизика әдістеріне жұмсалған шығынның 90 %-ы осы әдіске жұмсалады.
шағылған толқындар тәсілі; сынған толқындар тәсілі; өткінші толқындар тәсілі.
Жоғары жиілікті (тербеліс жиілігі 100 Гц-тен жоғары); орта жиілікті (ондаған Гц); 3) төменгі жиілікті (бірнеше Гц).
Тереңдік қабілеті бірнеше км-ге жететін әдеттегі сейсмобарлау; Аз тереңдікті сейсмобарлау тәсілі (инженерлік-геологиялық зерт- теулер үшін); терең сейсмикалық зондылау тәсілі (ондаған км тереңдікке дейінге жер қыртысының құрылысын зерттеу).
Шағылған толқындарды әдісі (ШТӘ, метод отраженных волн), Жер қыртысының түрлі шекараларында пайда болған серпінді толқындарды зерттеуге негізделген және шағылатын беттің тереңдігін анықтайды Шағылған толқындар акустикалық қаттылық яғни, толқындардың тығыздығы ρ мен жылдамдықтар V қөбейтінді (ρ*V) шамасы 10 пайыздан асқан шекаралар ортасында пайда болады. Шағылған толқындар қарқындылығы қоздыру пунктіне жақын орналасқан маңда байқалады.
Шағылған толқын тәсілінің басты ерекшеліктерінің бірі – қабаттағы толқынның таралу жылдамдығын нақты анықтау мүмкіндігі. Ол үшін жылдамдық мәні бірнеше рет анықталып, оның орташа мәні қабылданады. Өйткені, жеке анықтауда әртүрлі себептерге байланысты қателер болуы мүмкін. Тәсілдің тағы бір басты ерекшелігі – шекараға түскен және шағылған толқындардың таралу жолдарын бір- біріне жақындату мүмкіндігі. Ал, бұл берілген ауданды жан-жақты, толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Сынған толқындар тәсілі жабынды (жоғары) қабатқа қарағанда таралу жылдамдығы жоғары төменгі қабаттағы толқындарды тіркеуге негізделген. Қоздыру көзінен біршама қашықтықта мұндай толқындар бірін-бірі басып озады (таралады). Сондықтан мұндай толқындар сейсмограмманың бас жағында тіркеліп, оны өңдеуге мүмкіндік туады.
Годограф бойынша (шығу көздерінен белгілі түрлі қашықтықта орналасқан датчиктерге келіп түскен бірінші толқынның импульстер уақыт графигі бойынша) толқындардың таралу жылдамдықтарын, сонан соң, сынған беттердің тереңдіктері анықталады.
Кәзіргі кездегі негізгі сейсмикалық әдіс. Бұл әдіс, Жер қыртысында сейсмикалық шекарада орналасқан бір нүктеден әртүрлі бұрыщпен қайта – қайта (бірнеше рет) шағылған сейсмикалық толқындар сигналдарын тіркеумен жинақтауға негізделген. ОТНӘ әдісін 1950 жылы қайта – қайта (бірнеше рет) шағылған кедергі толқындар әсерін азайту ұшін американдық ғалым Г.Мейн ұсынған еді
ОТНӘ арқылы зерттеулер жүргізгенде сейсмикалық толқындарды қабылдау мен тудыру пунктері орындары қимада симметриялы түрде орналасқан. Бұл кезде, геологиялық ортаның қарапайым үлгілері үшін (мысалы, біртекті – қабатты жазық шекаралы ортада) геометриялық сейсмика тұрғысынан қарасақ, әрбір шекарадан шағылған сейсмикалық толқындар бір нүктеде пайда болады деуге болады.
Сейсмобарлау технологиясының жаңа түрі, Ресейде құрылған. Бұл әдіс, өрістің кеңістікте зерттеу (3D) және кеңістік – уақыт өрісін (4D) геологиялық ортаның ашық жарықшаларын зерттеуге негізделген. Аталмыш әдіс, ұсақ жарықшалар қалыптасқан геологиялық ортада сейсмикалық толқындарды тіркеуге арналған. Бұл, стандартты әдістерден ерекшелейді, себебі сейсмобарлау әдісімен ұсақ жарықшаларды іздейтін тура әдіс.