Тақырыбы: Шатаралық бұлшықеттері және шандырлары. Еркек және әйел жамбас құрлысының ерекшеліктері. Жастық ерекшеліктері Орындаған: Қалжан.О Тобы: 204 «Б»

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қ.А.Ясауи атында ғ ы Х Қ ТУ Факультет: Жалпы медицина Та қ ырып: Еркек ж ә не ә йел жамбас астаулары құ рылыстарыны ң ерекшеліктері. Жасына байланысты.
Advertisements

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметінің балалардағы ерекшеліктері. Орындаған:
CӨЖ Тақырыбы: Мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылыс ерекшеліктері ТЕКСЕРГЕН: ИНДИРА ЗИЯБЕКҚЫЗЫ ОРЫНДАҒАН: ТЕЛЬХОЖА ЛАУРА ТОП:
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Қалыпты физиология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалар омыртқасының физиологиялық иілімдері Орындаған: Дүйсенғажыева.
Жоспар: 1.Анализаторлар туралы түсінік. 2.Көру жүйесі. 3.Есту тепе-теңдік мүшесі. 4.Иіс сезу мүшесі. 5.Дәм сезу мүшесі.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
Дәріс-1 Қаңқа жүйесі. Дәріс жоспары: Қаңқаға жалпы сиппаттама. Сүйектердің дамуы. Сүйектердің мүше ретінде құрылысы. Сүйектердің дамуының жас ерекшелігі.
Атом б ү тіндей ал ғ анда зарядсыз, бейтарап б ө лшек. Ол ортасында ө зінен радиусы есе кіші к ө лемді алып жат қ ан о ң зарядты ядродан ж ә не.
Тақырыбы: «Қаңқаға жалпы сиппаттама. Тұлға қаңқасы » Мамандығы: «Емдеу ісі», Курс, жарты жылдық : II курс, III және IV жарты жылдық. Дайындаған анатомия.
АКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАУ Аксонометриялық проекцияны салу үшін екі негізгі сұраққа жауап керек: 1) аксонометрия осьтерін қалай жүргізеді? 2) аксонометрия.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Жоспар: 1.Жұлын жүйкелері туралы жалпы мағлұмат. 2.Жұлын жүйкелерінің құрылысы мен өрімдері. 3.Мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдері. 4.Қабырғааралық жүйке.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
Айқас және өздігінен тозаңдану ОМ: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Транксрипт:

Тақырыбы: Шатаралық бұлшықеттері және шандырлары. Еркек және әйел жамбас құрлысының ерекшеліктері. Жастық ерекшеліктері Орындаған: Қалжан.О Тобы: 204 «Б» ЖМ Қабылдаған: Мурзанова.Д Морфологиялық пәндер кафедрасы

o Кіріспе Шат аралық (perineum) o Негізгі бөлім Шат аралық аймақтары Шат аралықтың бұлшықеттері Еркек және әйел жамбас құрылысының ерекшеліктері Жастық ерекшеліктері o Пайдаланылған әдебиеттер o Қорытынды

Шат аралық Шат,perineum-жамбас астауынының төменгі қуысын толтырып тұратын жұмсақ тіндердің яғни тері,бұлшықеттер, шандыр жиынтығы.Пішіні ромб тәрізді. Шат аймағы алдынан қасаға симфизінің төменгі жиегімен, артынынан-құйымшақ ұшымен, бүйірінен – қасаға және шонданай сүйектерінің тармақтарымен және шонданай төмпесімен шектелген

Егер сонғы бүйір жиектерін – шонданай төмпелерін, алдынан – қасаға симфизінің төменгі нүктелерін, артынан құйымшақ ұшын алатын болсақ шатың пішіні ромб тәрізді. Шонданай төмпелерін қосатын көлденен сызық, шатты 2 ұшбұрышқа: алдынғы жоғарғы-несепжыныс (regio urogenitalia), ал төменгі артқы өтіс аймақтарына (regio analis) бөледі. Несеп жыныс аймағы денгейінде несеп жыныс көкеті, ал артқы өтіс аймағында- жамбас астау көкеті орналасады.

Шат аралық аймақтары Шат кіші мағынада алдынан сыртқы жыныс мүшелері және артынан артқы өтіс аралығындағы шаттың сіңірлі орталығына сәкес аймақ Шат аралықты шонданай төмпелерін қосатын көлденең сызық екі үшбұрышқа : алдыңғы жоғарғы – несепжыныс аймағына (regio urogenitalia), ал төменгі артқы – артқы өтіс аймағына (regio analis) бөледі. Несепжыныс аймағы деңгейінде несепжыныс көкеті, ал артқы өтіс аймағында жамбас астау көкеті орналасады.

Шат аралық аймақтары

Әйелдерде бұл аймақ жыныс саңылауының артқы жиегінен артқы өтістің алдынғы жиегіне дейін, ал ерлерде ұманың артқы жиегінен артқы өтістің алдынғы жиегіне дейінгі аралық. Шат терісінде алдан артқа бағытталған қою жолақ орталық жік raphe mediana өтеді, ол ерлерде ұма жігіне жалғасады. Несеп жыныс және жамбас астау көкеттері екі қабат орналасқан бұлшықеттермен мен шандырлармен құралған бұлшықетті- шандырлы табақ

Шат аралық топографиясы Шат аймағы: Алдынан-қасаға симфизінің төменгі жиегімен Артынан-құйымшақ ұшымен Бүйірінен-қасаға мен шонданай сүйектерінің тармақтарымен және шонданай төмпесімен шектелген.

Несепжыныс көкеті, diaphragma urogenitalis, ұшы қасаға симфизіне қараған, үшбұрыш пішінді, шат аралықтың алдыңғы бөлігі. Оның жиектері қасаға және шонданай сүйектерінің тармақтарымен шектелген және негізі шонданай төмпелерін қосатын сызыққа сәйкес келеді. Ерлерде несепжыныс көкеті арқылы несеп шығаратын өзек, әйелдерде несеп шығаратын өзек пен қынап

Жамбас астау көкеті, diaphragma pelvina, ұшбүрыш пішінді, шаттың артқы бөлігінде орналасқан.Оның ұшы құйымшаққа, ал екі басқа бұрышы шонданай төмпелеріне қараған. Жамбас астау көкеті арқылы ерлерде де, әйелдерде де тік ішектің соңғы бөлігі өтеді.

Несепжыныс көкетінің бұлшықеттері екі топқа бөлінеді. Беткей Терең

Беткей бұлшықеттері Шат аралақтың беткей көлденең бұлшықеті; m. transversus perinei superfacialis Шонданай – үңгір бұлшықеті; m. ischiocavernosus Буылтық – кеуек бұлшықеті м.вulbospongiosus Терең бұлшықеттері Шат аралықтың терең көлденең бұлшықеті; m. transversus perinei profundus Несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлшықеті.

Шаттын беткей көлденен бұлшықеті m. transversus perinei superfacialis – жұп теріасты шел майдың терең қабатында жатып, шонданай сүйегінің төменгі тармғынан басталып, қарама қарсы бұлшықеттерге қарсы жүріп, шатың сіңірлі оралығында аяқталады. Шонданай-үнгір бұлшықеті – m. ischiocavernosus жұп, шонданай сүйегінің төменгі тармағынан басталып аталық жыныс мүше түбіріне латералды жатып алдынгы шеттерімен ерлерде жыныс муш-ң үнгірлі денесінің неменсе әйелдерде деліткінің ақ қабығына дейін шырмалайды. Беткей бұлшықеттері

Буылтық-кеуек бұлшықеті м.вulbospongiosus екі бөліктен тұрады, олар аталық жыныс мүшесі буылтығының төменгі бетімендегі жіктен басталып, аталық жыныс мүшесі буылтығын жіне кеуекті дененің оңнан және солдан қапсырады, аталық жыныс мүшесінің артқы бетінің беткей шандырына және оның ақ қабығына бекиді

Шаттың терең көлденең бұлшықеті m. transversus perinei profundus шонданай және қасға сүйектерінің тармақтарынан басталатын жіңішке табақ түріндегі жұп бұлшықет. Несеп шығаратын өзектің қысқышы m.sphincter urethrae - тақ бұлшықет, талшықтарыталшықтары дөнгелек бағытта орналасып ерлерде несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігін әйелдерде қасаға сүйегінің төменгі тармағынан басталады Терең бұлшықеттері

Әйел шатының бұлшықеттері мен шандырлары

Еркек шатының бұлшықеттері мен шандырлары

Жамбас астау көкетінің бұлшықеттері терең және беткей қабаттардан тұрады. Беткей бұлшықеті: Артқы өрістің сыртқы қысқыш бұлшықеті. Терең бұлшықеттері: Артқы өтісті көтеретін бұлшықет; Құйымшақ бұлшықеті.

Артқы өтістің сыртқы қысқышы m.sphincter ani externus бірнеше талшықтардан тұрады. Еқ беткейі тері асты май шелінде аяқталады. Артқы өтісті көтеретін б-т m.levator ani – жұп жіңішке ұшбұрыш табақша пішінді кең бөлігімен жоғары қараған. Екі б-ң төменгі төменгі бөліктері тарылып, тік ішекті ілмек түрінде қапсырады. Кей бір талшықтары қуықасты безге, қынап қабырғасына несепқуық тікішек қабырғаларын шармалап артқы өтіс-құйымшақ байламын lig,anococcygeu түзеді Құйымшақ m coccygeus б-і жұп бұлшықет шонданай сегізкөз білігінен басталып сегізкөз ұшына бекиді Беткей бұлшықеттері Терең бұлшықеттері

Шат аралық бұлшықеттері

Шат аралық шандырлар Шат аралықта беткей шандырды және жамбас астау көкеті мен несеп-жыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырын ажыратады. Шат аралықтың беткей шандыры; Жамбас астау көкетінің жоғарғы шандыры; Несепжыныс көкетінің төменгі шандыры; Несепжыныс көкетінің жоғарғы шандыры.

Шаттың беткей шандыры fascia superfacialais әлсіз көрсетілген дененің көршілес бөліктерін жабатын жалпы теріасты шандырының туындысы. Бұл шанлыр төменнен несепжыныс көкетінің беткей топ бұлшықеттеріне жанасып, олардың меншікті шандырларымен бірігеді. Ерлерде шаттың беткей шандыры алдынан еркек жыныс мүшесінің беткей шандырына жалғасады. Шандыр бүйірінен шонданай төмпегіне бекиді. Шаттың беткей шандырының астында оның артқы бөлімінде fascia diaphragmatis pelvis inferior орналасқан.

Артқы өтісті көтеретін бұлшықетті жоғарыдан жамбас астау көкетінің жоғары шандыры fascіa diaphragmatis pelvis superior жабады Несеп жыныс көкетінің төменгі шандыры fascіa diaphragmatis urogenitalis inferior шаттың терең көлденен бұлшықеті мен несеп қысқышын төмен жауып, беткей және терең бұлшықеттердің аралығында орналасқан. Бұл бұлшықеттердің істінде несепжыныс көкетінің жоғары шандыры fascіa diaphragmatis urogenitalis superior жатадын. Ерлерде бұл шандырлардын аралығында Куперов безі әйелдерде Бартолинний бездері орналасқан

Жамбас астау көкетінің жоғары шандыры жамбас астау шандырының париетальді табағының бөлігі, fascia pelvina болып саналады. Кіші жамбас астау қуысында орналасатын ішкі мүшелердің аралығында қалқалар түзетін жамбас астау шандырының бір бөлігін, жамбас астау шандырының висцеральді табағы, fascia pelvis visceralis деп аталады.

Шонданай-тік ішіек шұңқыры fossa ischiorectalis шат аймағында артқы өтіс тесігінің бүйірінде орналасқан жұп ұңғыл. Шонданай-тік ішек шұңқырының пішіні призматәрізді, құрамында тамырлар мен нервтер орналасқан шелмаймен толтырылған, төменнен кең ашылып, жоғарыдан тарылған. Фронтальді жазықтықтағы пішіні үшбұрын пішінді.

Шонданай-тік ішек шұңқырының ұшы жамбас астау шандырының төменгі жиегіне сәйкес келеді. Шонданай-тік ішек шұңқырының латералды қабырғасын ішкі жапқыш бұлшықет пен шонданай төмпесінің ішкі беті құрайды.

Шұңқырдың медиалды қабарғасы артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің сыртқы бетімен және жамбас астау көкетінің төменгі шандырымен жабылған артқы өтістің сыртқы қысқышымен шектееді. Шонданай-тік ішіек шұңқыры артқы қабырғасы артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің артқы будалары мен құйымшақ бұлшықеті құрайды

Шаттың қанмен қамтамасыз етілуі Шатты ішкі жыныс артериясының a.pedunda interna тармақтары қанмен қамтамасыз етеді. Артерия жамбас жамбас астау қуысынан үлкен шонданай тесігі арқылы шығып шонданай білігін орап, кіші шонданай арқылы шонданай- тік ішіек шұңқырына кіріп, бірнеші ірі тармақтар төменгі тік ішек арериясы a.rectalis inferior, шат артериясын a.perinealis еркек жыныс мүшесінің немесе деліткінің дорзальді артериясын a.dorsalis penis, s,clitoridis береді

Жамбас белдеуі (лат. pelvis) сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған қағқаның маңызды бөлігі. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір- бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек- қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі.

Pelvis major Pelvis minor Мықын Шонданай Шат Жамбас белдеуі

Жамбас сүйектері, сегізкөз, құйымшақ және олардың байламдары жамбасты (pelvis) түзеді. Жамбастың жоғарғы бөлімі үлкен жамбас (pelvis major) кең, құрсақ қуысының бөлігі болып табылады, бүйірінен мықындық сүйектердің қанаттарымен, артынан бесінші бел омыртқасымен және бел-мықындық байламмен шектелген, алдыңғы қабырғасын бұлшықеттер түзеді.

Төменінде үлкен жамбас кіші жамбасқа (pelvis minor) ауысады. Оларды бөлуші кіші жамбастың жоғарғы апертурасы деп аталатын жазықтың сегізкөз төмпесі, мықын сүйегінің доғатәрізді сызығымен, қасаға сүйегінің қырымен және қасаға симфизінің жоғарғы жиегімен шектелген.

Кіші жамбас қабырғалары: алдынан симфиз, артынан- сегізкөз және құйымшақ, бүйірлерінен жамбас сүйектері мен олардың байламдары. Жамбас басқа сүйектік қуыстар секілді онда орналасқан ішкі ағзаларды қорғайды. Сүйектік жамбас сақинасының механикалық маңызы зор. Бас пен дененің ауырлығы сегізкөз және жамбас сүйектері арқылы аяқтарға беріледі.

Әйел жамбасы төмен, кең, ал еркектікі жоғары және тар. Әйелдерде мықындық сүйегінің қанаттары жан-жаққа қайысқан, ал еркектерде тік (вертикалді) орналасқан. Еркектерде кіші жамбас қуысы төменге қарай тарылады. Жоғарғы апертура аймағында сегізкөздің мүйісі алға шығады, кіші жамбас қуысы жақын орналасқан шонданайлық қырлар мен төмпектер есебінен тарылады, симфиз тар, жоғары, кіші жамбастық шығаберісі де алға шығып тұрған сегізкөзбен шектеледі.

Тұтас алғанда еркектердегі кіші жамбас қуысы бүйірден қысылғандай болып көрінеді. Әйелдерде, керісінше, кіші жамбасқа кіреберіс тегіс көлденең дөңес түрінде болады, сегізкөз мүйісі шығып тұрмайды, шонданай төмпектері алыстаған, симфизі төмен, кең, сегізкөз жалпақ, қысқа, құйымшақ кіші жамбас шығаберісінің бағытына аса шықпаған.

Ерлердің жамбас астауы Әйелдердің жамбас астауы

Әйелдерде туу процесі барысында құйымшақ артқа қайтады. Тұтас алғанда кіші жамбас кең цилиндр пішінді болады. Әйелдерде қасаға сүйектерінің төменгі тармақтары кең доға, ал еркектерде сүйір бұрыш түзеді. Жүктілік кезінде қасағааралық фиброзды шеміршекгі диск борпылдайды және ондағы қуыс ұлғаяды, кіші жамбастың сыйымдылығы өседі.

Жамбастың көптеген сүйектік нүктелері тірі адамда сипағанда сезілуі мүмкін (мықындық сүйектердің қырлары, жоғары алдыңғы мықындық қылқандар, симфиз, шоңданай төмпектері және т.б.). Бұл акушерлік тәжірибеде үлкен және кіші жамбас өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Оларды арнайы акушерлік циркульмен (жамбас өлшеуішпен) анықтайды.

Әйелдің үлкен жамбасының өлшемдері (сурет 37). Қылқандық дистанция (distantia spinarum) cm тең. Оны анықтау үшін циркуль аяқшаларын алдыңғы жоғарғы мықындық қылқандарға қояды. Қырлық дистанция (distantia cristarum) cm құрайды. Циркуль аяқшалары мықындық қырлардың аса алыстаған нүктелеріне қояды. Ұршықтық дистанция (distantia trochanterica) см тең. Бұл ортан жіліктің үлкен үршықтары арасындағы қашықтық.

Әйел адамның жамбас астауының ерекшелігі

Жаңа туған балдарда жамбас суқұйғыш (воронкаобразная) пішінді болады. Мықын сүйектерінің қанаты вертиальді орналасып, қырқалары шеміршекті болады (әлсіз дамыған S-тәрізді). Кіші жамбас астауы нашарлау дамыған, оның ені тар, пішіні бойлық-сопақ. Сегізкөздің негізі әлсіз білінген І және ІІ сегізкөз омыртқаларымен бітісіп кеткен

Құйымшағы 3-4 шеміршекті омыртқалардан тұрады. Ерте балалық кезеңде сегізкөздің сүйектену ядроларының көлемі айтарлықтай ұлғаяды, ал мектепке дейінгі кезеңде олар біртұтас болып, сакрумның жекелеген омыртқаларын (сегменттерін) қалыптастырады. І, ІІІ сегізкөз омыртқаларының қалындығында сүйекенудің 5 ядросы кездеседі.

Жеке сүйектердің өсуіне байланы жамбас астауыныңда құрылымы, қалпы да өзгереді Өсе келе бір мезгілде мықын сүйектерінің қалпы өзгереді, олардың денелері сагитальді ось айналасында айналады. Нәтижесінде олардың қанаттары екі жаққа қайырылып жамбас астауы өзінің суқұйғыш тәріздес пішінін жоғалтады. Кіші жамбас астауына ену сызығы анық көріне бастайды. Кіші жамбастың кіре беріс мөлшері өзгереді. Жасөспірімдік кезеңде жамбас сүйектері ересек жамбастың ерекшеліктерін ала бастайды.

Қыздарда кіші жамбас астауы цилиндрлік пішінге ие болады. Сегізкөздің жамбастық беті фрагменттік құрылымын жоғалтады.

Жаңа туған нәрестелерде артқы өтісті көтеретін бұлшықеті нашар диференциаланған және бұлшықет табақшасы жұқа болады (0,8-1 мм). Ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі кезеңде бір біріне ауысатын бұлшықет екі бөлікке бөлінеді: m rubococygeus и m iliococygeus Жаңа туылған нәрестелердегі тік ішек салыстырмалы түрде ұзын (50-60 мм), оның бөліктері сәл сараланған

15 жасар баланың жамбасының рентгенограммасы 1 ядра окостенения гребня подвздошной кости; 2 апофиз седалищной кости; 3 добавочное ядро окостенения передней нижней ости подвздошной кости. Жаңа туған нәрестенің жамбасының рентгенограммасы

Жамбас аймағы қысқа, созылған және кішкене жамбастың қуысын толығымен алады. Ампулярлық, әдетте бөлімше жоқ. Артқы өтіс ұзындығы үлкен (30-40 мм), оның ұзындығы 15 мм-ден (В Фроловский) аспайды. Жыныс бөлімшесінің анальге ауысқан жерінде шырыштың айқын көлденең қабаты - пликаның көлденең интерьері бар. Орналасу деңгейі тік ішектің немесе тік ішек қуысының төменгі жағына сәйкес келеді және I coccygeal омыртқасына шығарылады. Тік ішек қабырғасы толығымен қалыптаспаған, бұлшықет қабырғасы нашар дамыған. Шырышты қабық жеткілікті түрде бекітілмеген, бұл пролапсқа әкелуі мүмкін. Геморроидальді аймақ әртүрлі болады, кейбір нәрестелерде бұл жақсы көрінеді, басқа жағдайларда бұл тар жолақ түрінде ғана көрсетіледі.

Жамбас белдеуі (лат. pelvis) сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен қүралған қағқаның маңызды бөлігі. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Шат,perineum-жамбас астауынының төменгі қуысын толтырып тұратын жұмсақ тіндердің яғни тері,бұлшықеттер, шандыр жиынтығы.Пішіні ромб тәрізді.

Ә дебиеттер тізімі Atlas of Human Anatomy 6th Edition F.Netter 2014 y Grays Anatomy for Students. Drake R.L., Vogl A. W., Mitchell A.W.M.; Churchill Livingstone/ Elsevier Rohen J.W., Yokochi C., Lьtjen-Drecoll E. Color Atlas of anatomy. 6th Edition. Lippincott Williams & Wilkins, Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека. - М.: Медицина, в 4- х томах Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т. 2М. : ГЭОТАР - Медиа, «Атлас адам анатомиясы» Ә.Әубакіров, М.Шайдаров, Ф.Сулейменова «Фолиант баспасы» Астана 2012 Электронды ресурсСмольянникова, Н. В. Анатомия и физиология [Электронный ресурс] : учебник. - Электрон. текстовые дан. ( 47,5 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", с. эл. опт. диск (CD-ROM). Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ,ІІІ,ІV том. Астана: «Фолиант»