СӨЖ Тақырыбы:Заманауи вакциналардың құрамындағы адьюванттар Алматы 2018 Орындаған: Құсанова Назым Минайдар Айгерім Тексерген: Охас І.М. Топ:ЖМ

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Advertisements

Фармацевтикалық факторлар және олардың дәрілік зат терапевтикалық эффективтілігіне әсері Орындаған: Мұхтар З.Қ. Группа: ТФП Курс: 4 Тексерген:
Орындаған:Шаймарданова А.М. Топ: ж Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметінің балалардағы ерекшеліктері. Орындаған:
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
СӨЖ ТАҚЫРЫП 1.1:ГАСТРОЭЗОФАГАЛЬДЫ РЕФЛЮКС АУРУЫНЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫ АЛГОРИТМІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ.
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
Аминогликозидтер Орындаған: БолатоваӘ.Е Тексерген: Курмангалиева Л.М Атырау медициналық колледжі.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Europe and Eurasia Regional Family Planning Activity С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Кафедра : Акушерия және Гинекология. Тақырыбы.
Кіріспе Негізгі бөлім Респираторлық дистресс синдром Этиологиясы мен клиникасы Емі Қорытынды.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Қалыпты физиология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалар омыртқасының физиологиялық иілімдері Орындаған: Дүйсенғажыева.
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Транксрипт:

СӨЖ Тақырыбы:Заманауи вакциналардың құрамындағы адьюванттар Алматы 2018 Орындаған: Құсанова Назым Минайдар Айгерім Тексерген: Охас І.М. Топ:ЖМ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

Жоспар Кіріспе бөлім Вакцина туралы қысқаша мәлімет Негізгі бөлім Заманауи вакциналар Заманауи ісікке қарсы вакцина Адьюванттар Қорытынды бөлім Вакцинаның маңызы Пайдаланылған әдебиеттер

Вакцина (лат. vacca -сиыр, vaccіnus- сиырдікі)- микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Тірі вакцина Тірі вакцина -микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Вакцина түрлері

Химиялық вакцина Химиялық вакцина- микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Заманауи вакциналар Заманауи вакциналогияның негізі иммунитеттің жасушалық және молекулярлық механизмінің дамуын меңгеру болып табылады. Болашақтың вакциналарына мыналар жатады: генді инженериялық вакциналар, пептидті синтетикалық вакциналар, ДНҚ вакциналары, жаңа комплексті вакциналар, топтық және жеке вациналар, және т.б.генді инженериялық вакциналартоптық және жеке вациналар

Ісікке қарсы вакциналар Қатерлі ісіктер вацина жасуға күрделі нысана болып табылады, өйткені олар қалыпты жасушалармен антигендік құрамы бойынша өте ұқсас болады, сондықтан ісікерекшелі антигендер әлсіз иммунды жауап шақырады және жиі вакцина алуға қажетті ісік жасушалар популяциясының МНС өнімдерімен ассоциациясы бұзылғандықтан танылуы қиынға соғады. Нәтижесінде иммунды жүйе ісікке қарсы жауап берсе де, ол жиі эффективтігі төмен болады. Ісікке қарсы вакцинация – ол иммуногенді антигендері бар вакциналар енгізу арқылы ісікке қарсы белсенді арнайы иммунитет қалыптастыру әдісі.

Ісікке қарсы вакциналар құрамына толық ісік жасушалары немесе олардың антигендері кіреді. Олардың құрамына және иммунды жауап қалыптасу механизміне қарай ісікке қарсы вакциналардың келесі түрлері белгілі: 1.Ісік жасушалар негізіндегі вакциналар: аутологиялы; аллогенді. 1.Антигендік ісікке қарсы вакциналар: ісік жасушалардың нәруыздары мен нәруыздар фрагменттерінен құралған; ДНҚ-вакциналар; антиидиотиптік вакциналар. дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар.

Ісік туралы анықтама Ісік, тін өсіндісі,– өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды.

Ісік жасушалар негізіндегі вакциналарға тірі аллогенді және аутологиялық ісік жасушалар жатады. Жасушалардың пролиферативті қабілеттерін түрлі әдістермен тежейді: иондық сәулелендіру, С митомицин әсерімен, суықтандыру мен қайта қалпына келтіру немесе жасушаға жылыту әсерімен. Бірақ бұндай шаралар ісік антигендерінің құрылысы мен қасиеттерін бұзып, вакцинаның эффективтілігін төмендетуі мүмкін. Сонымен бірге, бұл шаралар арқылы кең спектрлі антигендерді қолдану ісіктің әр антигендік детерминантасының экспрессиясына назар аудармай, белгілі ісікті емдеуге ықпал жасайды.

Аутологиялық вакциналардың негізгі артықшылығы – олар HLA-өнімдерімен және Т-жасушалық адаптивті иммунды жауапты белсендіретін тағы басқа структуралармен бірге ісік жасушаларына ұқсас, сондықтан вакцина мен ісіктің антигендік профилінің айырмашылық проблемасы мен бөгде ісіктен тыс антигендерге аллергиялық серпілістер болмайды. Бұл жағдай асқынулардың қауіптігін және патогенді виустармен және жасуша ішкілі паразиттермен контаминациясын төмендетеді.

Аллогеннді жасушаларды пайдалану кезінде вакцина мен ісіктің антигендерінің ұқсастық деңгейі төмендейді, сондықтан бұндай вакциналар (поливаленттік вакциналар) ереже бойынша бірнеше аурулардан алынған жасушалық тізбегінен дайындалады. Бірнеше ұқсас ісіктерден алынған жасушалық тізбектің қоспасы ісік антигендердің кең спектрінен құралуы мүмкін. Вакциналардың бұндай варианты вакцина мен аурудың антигендерінің ұқсастық мүмкігшілігін өте жоғарылатады. Бұл вакциналарддың артықшылығы – олар пациенттен ісік жасушаларын алусыз дайындалатыны және олардың бірнеше егуге жеткілікті мөлшерін алуға мүмкіншілігі барда. Бұндай вакцинаға Morton мен әріпт. дайындаған поливалентті меланомалық жасушалық вакцина жатады.

Антигенді вакциналар құрамына бүтін жасушалар емес, ісік жасушаларының антигендері енеді. Бір ісіктің өзінде кең спектрлі антигендер болуы мүмкін. Кейбір антигендер белгілі бір ісіктерде болады, бір антиген түрі ерекше және тек белгілі бір науқаста ғана кездеседі. Адаптивті иммунды жауапты шақыру қабілеті бар, ісік жасушасынан бөлінетін және потенциалды антиген болып табылатын нәруыздарды бірнеше топқа бөлуге болады. Біріншіден, жасуша генімен кодталатын қалыпты нәруыздар – ісікпен ассоциацияланған антигендер. Бұл топқа қалыпты жасушаларда да, ісік жасушаларында да болатын тіннен бастау алатын тіннің арнайы нәруыздарын жатқызуға болады (тіннен бастау алатын дифференцияланған антигендер). Мысалы меланин синтезіне қатысатын нәруыз болып табылатын меланомды антигендер (тирозиназа, gp100, MART- 1/Melan-A, TRP).

Қалыпты жасушалардан минималды мөлшерде ғана бөлінетін, иммунды жауапты шақыруға жетпейтін және ісік жасушаларынан гиперэкспрессияланған антигендер тобы ракт ың арнайы иммунотерапиясында кеңінен қолданылады. Бұған простатаның аденокарциномасы кезінде мөлшері көбейетін простата-арнайы антигендері (PSA, PSMA); мөлшерінің көбеюі сүт безі, тоқ ішек, ұйқы безі рагымен байланыстырылатын – муцин; өкпе, аналық безі, сүт безі, простата және тоқ ішек рагы кезінде анықталатын HER-2/neu антигендері жатады.

Жеке антигендер негізінде дайындалған вакциналар құрамына ісік жасушаларынан немесе рекомбинантты технологиялар көмегімен алынған ісік антигендері енеді. Бұндай нәруыздардың жеткілікті түрде тазаланған, сонымен қатар анти-HLA-иммунды жауапты шақыру мақсатымен HLA-антигендерін аластатылған болуы маңызды. Тазаланған ганглиозидтерге жүргізілген зерттеулер олардың бетінде айқын иммунды жауаптың шақырылғандығын көрсетіді. Меланомамен сырқаттанған науқастардың (III дәрежелі) 50-80% GM2 және GD2 ганглиозидтері бар вакцинаны қолданған соң аурудың оң болжамды белгісі болып табылатын IgM және IgG-антиденелер титрінің көбейгендігі байқалған. Пептидті антигендер толық нәруыздармен салыстырғанда көбірек нәтижелі болып табылады, сондықтан оларды ісікке қарсы вакцина құрамына жиі қосады. Ісік антигендерінің антигенді детерминанталарының, соның құрамында 8-9 амин қышқылдарының қалдығы бар пептидтердің идентификациясы оларды химиялық синтез жолымен алуға және ісікке қарсы вакцина жасауда қолдануға мүмкіндік туғызады.

ДНК-вакциналар. Осы вакциналар ісік антигенді кодтайтын генетикалық реттілікке ие. Ол векторда орналасады (плазмида, вирусты вектор т.б) және эукариот жасуларда экзогенді нәруыз экспрессиясын қамтамасыз ететін промоторы бар. Бұлшық етке немесе тері астына енгізілген конструкциялар (вакцина) науқастың жасушаларының ДНҚ-ына қосылады (фибробласттар немесе миоциттер). Енгізілген геннің белсенуі арқылы қажетті антигеннің локалды концентрациясы жоғарылайды, нәтижесінде оған қарсы адаптивті иммунды жауап дамиды. Осындай генетикалық конструкцияларда бірнеше антиген детерминанталары болуы мүмкін, ол ісік антигендерімен сәйкес келу ықтималдығын жоғарылатады, яғни, ісікке қарсы арнайы иммунды жауап шақырады. Сонымен қатар, осы вакциналарды қолдану тек арнайы антиген детерминанталары арқылы жүреді (барлық арнайы антигенді вакциналары тәрізді). ДНК-вакциналарында ксеноантигендерді қолданғанда айқын көрінетін имммунды жауап туады, оны қазіргі таңда вирусты этиологиялы рактың емінде ең қолайлы әдіс ретінде қарастырады, мысалы: адамның жатыр мойнында папиллома шақыратын вирус.

Антиидиотипті вакциналар. Ісікке қарсы адаптивті иммунды жауаптың индукторы ретінде антиидиотипті антиденелер (ісік антигендерінің антиденелеріне қарсы антиденелер) қолданылады, оларды ісік антигендері тудыруы мүмкін. Антиидиотипті вакциналар, біріншіден, ісік антигеніне қарсы арнайы иммунды жауап тудырады, екіншіден, адаптивті иммунитеттің эффекторлы молекулалары түрінде, иммунды жауаптың деңгейін айтарлықтай жоғарылатуы мүмкін. Осы вакциналардың ең басты қолайлы қасиеті – ісік антигендеріне төзімділікті бұзу деңгейінің жоғарылауы.

Дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар. Соңғы он жыл көлемінде эксперименталды вакциналардың жаңа классы – дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар (ДЖ-вакциналар) пайда болды. ДЖ-вакциналарды өндірудің негізгі принципі келесіде, шеткі қандағы моноциттерді in vitro жағдайында ГМ-КСФ, TNF-α және ИЛ-4-пен қосып дақылдандырады. Бұл цитокиндер көп мөлшерде дендритті жасушалардың дамуына ықпал жасайды. Кейін осы жасушаларды әртүрлі антигендермен (жиі ісікке арнайы) дақылдандырып, науқасқа қайта енгізеді. Дақылдандыру үрдісінде ДЖ-лар антигендерді (көбінесе қысқа пептидті антигендер) жұтып, оларды өндіреді, кейін науқасқа енгізілгеннен кейін МНС-белоктармен комплекс құрған күйінде Т-хелперлер және CD8 + -цитотоксикалық лимфоциттерге презентациялайды, нәтижесінде адаптивті иммунды жауап қалыптасады. Белсендірілген ДЖ-вакциналар бірнеше цитокиндер қатарын өндіреді, соның ішінде ИЛ-12, ол адаптивті иммунды жауапты тудыратын Тх1-ді белсендіреді.

Клиникалық сынамалардың соңғы кезеңіндегі, осы вакциналардың бірі ісіктік Mage-A3 антигені бар вакцина. Ол бірнеше типті ісік жасушаларына жоғарғы арнайылығын көрсетеді. Соның ішінде майда жасушалы емес өкпе рагы, бас рагы, мойын және зәр қуығында болады, адъювантты қоспасынмен бірге As15 бар, оның құрамына MPL, QS21 және ChG кіреді. Зерттеулер барысында майда жасушалы өкпе рагымен ауыратын науқастардың 96%-да Mage-A3 антигеніне қарсы антидене синтезі және цитотоксикалық Т- лимфоциттердің саны жоғарылаған. Клиникалық сынамалардың екінші фазасында ісікке қарсы вакцина Melan-A, құрамында CpG-адъювант, CD8 + цитотоксикалық Т-лимфоциттердің көбеюі дәлелденді, ол меланома антигендеріне тән.

Қазіргі уақытта осындай 100-ден астам антигенді нәруыздар негізінде ісікке қарсы вакцина жасау жұмыстары атқарылды. Бүгінгі күні ісік жасушаларын идентификациялауының әр түрлі жолдары қарастырылуда, алайда соның ішіндегі ең сәттісі – ісік жасушаларынан комплементарлы ДНҚ алу, оны клондап, гендерді кодтайтын нәруыздарды алғашқы ісік жасушаларына бағытталған адаптивті иммунды жауапты индукциялауға тестілеу технологиялары болып отыр.

Медицинаның қазіргі кездегі жетістігі -жатыр мойнының обырына қарсы вакцина бар (ЖМО). Адамның папиллома вирусы мен жатырмойнының обырыарасындағы байланыстың ашылғандығы ғылымдағы ең үлкен марапат–Нобель сыйлығына ие болды.Бүгінгі күні шешек және обамен ауырмайтын сияқты мамандар болжамы бойынша 20 жылдан кейін әйелдер де ЖМО-мен ауырмай тын болады. ЖМО қарсы вакцина кішкентай, қауіпсіз адамның папилломавирустарының бөлшектерінен тұрады, организмге түскенде вирусты жадыда сақтайтын спецификалық антиденелер түзіліп, кейін әйел организміне вирус түскен жағдайда антиденелер оларды жойып отырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сай­ын 10 млн. адам қатерлі іскке шалдықса, олардың 8 милли­о­ны бақилық болады. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қатерлі ісік аурулары жүрек қантамырлары аурулары мен жарақаттану жағдайларынан кейін үшінші орынды иеленуде. Бірінші кезекте өңеш, асқазан, өкпе, бауыр, сүт безі мен жатыр мойны қатерлі ісіктері болып отыр Егер ауру ерте, І-ІІ сатысында анықталса, 80 % айығып кетуге мүмкіндік бар. Сондықтан көзбен көріп, қолмен сипап анықтау әдісін әрбір адам қолданғаны жөн. Жасы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адамдар жылына бір рет­­ қуық асты және қалқанша безін, өңешін, асқазанын­, 35-тен асқан әйелдер 5 жылда бір рет жатыр мойнының ісігін, жас аралығындағы әйел-аналар екі жылда бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы керек.

Адьюванттар Адъюванттар шығу тегі және химиялық табиғаты әртүрлі тәнді емес заттар. Адам және жануарлар денесіне антигендермен бірге енгенде, иммуногенезге жағдай жасап оның ұзақ жүруіне әсер етеді. Бұл ұғымды алғаш рет 1925 ж. Рамон енгізген. Адъюванттар ретінде алюминий калилі ашута- сы, кальций хлориді, минералды майлар, бактерия полисахариді, сапонин, латекстің, акрилаттың, бентониттің қатты бөлшектері ж әне әртүрлі поли- электролиттер, оның ішінде ДЕАЕ декстран қолданылады. Бірақ Адъюванттар адам организміне енгізу олардың неше түрлі жағымсыз қосалқы әсерлері болғанды қтан шектелген. Адам үшін Адъюванттар тек алюминий мен кальций тұздарыныц гелі қолданылады. Кейінгі кезде липосомдар мен кейбір уытсыз полиэлектролиттерге көбірек көңіл бөлініп жүр.

Қорытынды Вакцинация түрлі инфекциядан қорғайтын ең маңызды әдістің бірі. Елімізде мына ауруларға қарсы вакцинация жүргізіледі: туберкулез (БЦЖ), гепатит «В» (ВГВ), полиомиелит (ОПВ), қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит (КПК), күл, дифтерия, сіріспе, көкжөтел, (АбКДС), гемофильді» инфекция(Хиб), т,б. Қазақстан Республикасы бойынша міндетті екпе жасалу мерзімдері бар. Балаларға екпе жасау (вакцинация) – адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі. Екпе арқылы жер шарында миллиондаған бала өлімнен, мүгедектіктен аман қалды. Бір кездері талай тағдырды үзген шешек (оспа) ауруының жойылуы бұл сөзіміздің дәлелі жылғы қазаннан бастап дүниежүзінде шешекпен ауырған бірде-бір науқас тіркелмеген ж ДДСҰ вакцинация арқылы әлемде полиомиелитті жою туралы бағдарлама қабылдады жылы ДДСҰ Қазақстан территориясы полиомиелиттен босағаны туралы мәлімдеме жасады. Бұған балаларды жаппай вакцинациялау арқылы қол жеткізілді. Сонымен қатар балалар арасында жұқпалы аурулармен (қызылша, қызамық, паротит. Гепатит т.б) ауру көрсеткіші төмендеді..

Пайдаланылған әдебиеттер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN , II томҚазақ энциклопедиясы»ISBN Журнал эпидемиология, иммунология негіздері