Экологиялық рұқсаттар және түрлері Орындаған: Авганбаева Ж.Д Тобы: ТПП-1(2) Қабылдаған: Жумадилова А.Қ М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Мазмұны КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1.Экологиялық рұқсаттардың түрлері 1.2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат 1.3. Кешендi экологиялық рұқсат ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе Экологиялық рұқсат – жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат. (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі.8-тарау
Экологиялық рұқсаттар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар; кешендi экологиялық рұқсаттар берiледi
Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органон қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға мiндеттi. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтiнiмiне сәйкес осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген шарттарды орындауға мiндеттi және оларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады
Өз меншiгiнде өндiрiстiк объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да өтiнiм бере аллоды; әртүрлi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объектiнiң орналасқан жерi бойынша өтiнiм берегу тиiс
Қоршаған ортаға әсерiн бағалау жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнедi. I санатқа өндiрiстiк нысандарға пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жатады II санатқа өндiрiстiк нысандарға кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, арман пайдалану жатады. III санатқа өндiрiстiк нысандарға суды арнайы пайдаланудың барлық түрлерi жатады IV санатқа өндiрiстiк нысандарға әуесқойлық (спорттық) балық аулау мен аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдаланудың барлық түрлерi жатады.
Кешендi экологиялық рұқсат Кешендi экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушының ең озық қолжетiмдi технологияларды енгiзу және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерiн сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын бiртұтас құжат болып табылады.
Өнеркәсiптiң жекелеген процестерi мен салалары үшiн ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мүдделi орталық атқарушы органдардың, басқа да заңды тұлғалардың қатысуымен әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешендi экологиялық рұқсаттар алынуы мүмкiн өнеркәсiп объектiлерi типтерiнiң тiзбесiн және оларды беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi
Кешендi экологиялық рұқсат осы Кодекстiң 70-бабында көрсетiлген ақпаратпен қатар мыналарды шикiзат пен энергичны үнемдi пайдалану шарттарын қалдықтарды басқару жүйесiн қоршаған ортаға қауiп төндiретiн жағдайларда объектiнi пайдалану жөнiндегi iс-әрекеттер мен шараларды ең озық қолжетiмдi технологияларды енгiзу мерзiмдерi мен шарттарын қамтуға тиiс
Қорытынды Табиғатты қорғаудың мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше петарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республиксының Конститутциясы және табиғат қорғау заңдары. Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналлоды