Жоспар: 1. Актиномикоз 2. Токсономиясы 3. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері 4. Резистенттілігі 5. Эпидемиологиясы 6. Патогенезі. 7. Клиникалық көріністері 8. Иммунитеті 9. Емдеуі және алдын алуы. Жоспар: 1. Актиномикоз 2. Токсономиясы 3. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері 4. Резистенттілігі 5. Эпидемиологиясы 6. Патогенезі. 7. Клиникалық көріністері 8. Иммунитеті 9. Емдеуі және алдын алуы.
Актиномициттер - сәулелі саңыраукұлақтар бактериялардың және сілбілі саңырауқұлақтардың қасиеттерін үйлестіруші бір жасушалы микроағзалар. Актиномициттер микроағзалардың шынайы бактериялар және саңырауқұлақтар арасындағы өтпелі топты кұрайды. Актиномициттер қатарында адам, жануарлар және өсімдіктер үшін зиянды түрлері бар, сонымен қатар белсенді дамушы антибиотиктер (стрептомицин тетрациклин және т.б.)
Актиномикоз (грекше aktіs (aktіnus) сәуле және mykes саңырауқұлақ) актиномициттер қоздыратын жұқпалы ауру. Актиномикозбен көбіне жануарлар шалдығады, ал адамдар сирек ауырады. Актиномикоз табиғатта кең тараған. Ол топырақта, жануардың ішек-қарнында, арпа-бидай дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз адам аузының шырыш қабатында, ішек-қарнында, жоғарғы тыныс алу жолында әрқашан кездеседі, бірақ зиян келтірмей тіршілік етеді. Ағзадағы қорғаныс қызметі төмендегенде (тұмау, аппендицит, туберкулез т. б.) адамдар актиномикоз ауруларына шалдығады. Ол көбінесе мойын терісін, асқазан мен өкпені зақымдайды. Актиномикозды операция жасау, антибиотиктер егу, сәулемен күйдіру арқылы емдейді. Аурудың алдын алу үшін қабынған ошақтарды (әсіресе ауыз қуысын, тісті) уақтылы емдеу қажет.
Таксономиясы. Қоздырғыштардың басым көпшілігі Actynomyces туыстастығына жатады, ең жиі кездесетіні анаэробты түрі A. israeliі, кейбір түрлері Propionobacterium немесе Bifidobacterium туыстастығына жатады. Қалған түрлерінің ішінде жиі кездесетіндері: A.bovis, A,viscosus, A,naeslundii, A,odontolyticus болып табылады.
Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Тармақтары бар жіпшелер мен жіңішке таяқшалар, Грам оң боялады, қозғалмайды. Саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша қабырғасында хитин және целлюлозасы жоқ, қабырғасының құрылымы грам оң бактериялар сияқты. Мицеллиялары қарапайым, жіңішке,тармақталған, тік немесе иілген таяқшалар. Актиномициттердің ерекше қасиеттері - жақсы дамыған мицеллий түзеді. Таяқша пішінді актиномициттердің ұштары жуандау. Жағындыға жұптасып V, Y тәрізді немесе қатарласып орналасады. Морфологиясы мен тинкториалдық қасиеттері. Тармақтары бар жіпшелер мен жіңішке таяқшалар, Грам оң боялады, қозғалмайды. Саңырауқұлақтардан айырмашылығы жасуша қабырғасында хитин және целлюлозасы жоқ, қабырғасының құрылымы грам оң бактериялар сияқты. Мицеллиялары қарапайым, жіңішке,тармақталған, тік немесе иілген таяқшалар. Актиномициттердің ерекше қасиеттері - жақсы дамыған мицеллий түзеді. Таяқша пішінді актиномициттердің ұштары жуандау. Жағындыға жұптасып V, Y тәрізді немесе қатарласып орналасады.
Резистенттілігі. Ауаға түскенде бірден жойылады. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен, фунгицидтық препараттарға тұрақты. Тәжірибеде кеңінен қолданылатын дезинфектанттар мен антисептиктерге сезімтал. Негізгі мекендейтін ортасы- топырақ. Тұрақты түрде ауада, суда, әр түрлі қоршаған орта объектілерінде, өсімдіктерде, жануарларда және адамдарда табылады. Адам және сүт қоректілердің ауыз қуысының шырышты қабатында орналасады.
Патогенезі. Актиномикоз-аэробты және факультативті анаэробты актиномициттер тудыратын адам және жануарлардың созылмалы оппортунистік инфекциясы. Актиномициттер ауыз қуысы мен ішектің қалыпты микрофлорасының құрамына кіретіндіктен эндогенді инфекция дамуы мүмкін. Түрлі ағзалар мен тіндерде қабыну ошақтары-актиномалар түзіледі. Оппортунистік инфекция тудырады. Алғашқы актиномицеттік зақымданулар олардың орналасқан жерлерінде пайда бола бастайды. Содан соң біртіндеп тері асты шелмайлар, байланыстырушы тін, лимфа және қан арқылы бүкіл ағзаға таралады.Міне соның салдарынан эндогенді инфекция ретінде дамиды.
Клиникалық көріністері. Клиникасы гранулемалық қабынумен сипатталады, белгілері полиморфты. Орналасуы бойынша: мойынды- беттік, торакальды, абдоминальды, зәр шығару – жыныстық, сүйек-буындық, сепсистік және т.б.түрлерін ажыратады. Ең жиі кездесетін түрі – жақ-беттік және мойын беттік түрі болып табылады. Өкпе актиномикозы оған қарағанда сирек кездеседі. Актиномикоздың абдоминальды түрінде кіші жамбас қуысы ағзаларының перфорациясы салдарынан дамиды. Ол – аппендикстің жарылуы, ойық жара тесілуі, хирургиялық дивертикулиттер мен және т.б зақымданулар.
Емдеуі. Пенициллин, эритромицин, тетрациклин, клиндамицинге сезімтал. Дегенмен фунгицитдық препараттарға тұрақты. Алдын алуы қарастырылмаған, бейспецификалық сақтандыруы адамның иммундық статусын жоғарлатуға бағытталған.
Назарлары ң ыз ғ а рахмет!