БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРГАНИЗМІНІҢ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Advertisements

Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті. БӨЖ 1 Тақырыбы: Физиология ғылымының дамуы,оның.
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметінің балалардағы ерекшеліктері. Орындаған:
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Респираторлық дистресс синдромы Oryndagan: Magazam S. MD.
§49 Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация..
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
ҮШ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА ЕКІ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА Фракталдықг рафика Векторлық графика Растрлық графика Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің)
Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Транксрипт:

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРГАНИЗМІНІҢ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

ЖОСПАР АДАМ ОРГАНИЗМІ ТОЛЫҚ ЕР ЖЕТІП, КЕМЕЛІНЕ КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН ҰЗАҚ ӨСІП, КҮРДЕЛІ ДАМУ ЖОЛЫ. СӘБИДІҢ ТУҒАН КҮНІНЕН БАСТАП ЕР ЖЕТКЕНГЕ ДЕЙІНГІ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ПРОЦЕССІНДЕ БАЙҚАЛАТЫН ЗАҢДЫЛЫҚТАР: 1.ӨСУ МЕН ДАМУ ҚАРҚЫНЫНЫҢ БІРКЕЛКІ ЕМЕСТІГІ; 2.ӘР ТҮРЛІ ОРГАНДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ БІР МЕЗГІЛДЕ ОРЫНДАЛМАУЫ. 3.ӨСУ МЕН ДАМУ ПРОЦЕССІНІҢ ЖЫНЫСТЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ (ЖЫНЫСТЫҚ ДИ-МОРФИЗМ) 4.ОРГАНДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІ; 5.АКСЕЛЕРАЦИЯ;

АДАМ ОРГАНИЗМІ ТОЛЫҚ ЕР ЖЕТІП, КЕМЕЛІНЕ КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН ҰЗАҚ ӨСІП, КҮРДЕЛІ ДАМУ ЖОЛЫ АДАМ ОРГАНИЗМІ ТОЛЫҚ ЕР ЖЕТІП, КЕМЕЛІНЕ КЕЛГЕНГЕ ДЕЙІН ҰЗАҚ ӨСІП, КҮРДЕЛІ ДАМУ ЖОЛЫНАН ӨТЕДІ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ 4 КЕЗЕҢДІ АЙЫРУҒА БОЛАДЫ: ҚҰРСАҚТАҒЫ ДАМУ, БАЛАЛЫҚ ШАҚ, ЕР ЖЕТУ ҚАРТАЮ. БҰЛ ТҮСІНІК БОЙЫНША ӨСУ ДЕГЕНІМІЗ-ТІНДЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ САН ЖАҒЫНАН ҰЛҒАЮЫ, АЛ ДАМУ ДЕГЕНІМІЗ- ОЛАРДЫҢ САПАЛЫ ТҮРДЕ ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯЛАНУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ҚАБЛЕТІНІҢ ЖЕТІЛУІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ҚҰРСАҚТАҒЫ ДАМУ МЕН БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ ДАМУДЫ БІР КЕЗЕҢГЕ БІРІКТІРІП, ЕР ЖЕТУ КЕЗЕҢІ ДЕСЕ ДЕ БОЛАДЫ, ӨЙТКЕНІ ОСЫ УАҚЫТТА АДАМНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУІ, РЕПРОДУКЦИЯҒА ҚАБЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОРЫНДАЙ АЛУ МҮМКІНДІГІ ҚАЛЫПТАСАДЫ. АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖЕТІЛУІ, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАРАУЫНАН ЕРТЕРЕК ҚАЛЫПТАСАДЫ ЯҒНИ БІРІНШІСІ-13-15, АЛ ЕКІНШІСІ ЖАС АРАЛЫҚТАРЫНДА ЖЕТІЛЕДІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ ЕТЕККІРІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ОРТАША МЕРЗІМІ 12 ЖАС 7 АЙ ДЕП АЛУҒА БОЛАДЫ. ТОЛЫҚ ЕР ЖЕТУ ЖАСТА ДЕП ЕСЕПТЕЛІНЕДІ.

ӨСУ МЕН ДАМУ ҚАРҚЫНЫНЫҢ БІРКЕЛКІ ЕМЕСТІГІ ; ӨСУ МЕН ДАМУ ПРОЦЕССІНІҢ БІРКЕЛКІ ЖҮРМЕЙТІНДІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ "БАЛАНЫҢ ЖАСЫ" ДЕГЕН СӨЗДІҢ ӨЗІН ДӘЛЕЛДЕУ ҚАЖЕТТІГІ ТУАДЫ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ЖАСТАРДЫ АЙЫРУҒА БОЛАДЫ: ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАС (НЕМЕСЕ КҮНТІЗБЕ ЖАСЫ) - ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН УАҚЫТЫНАН БАСТАП, БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІП ОТЫРҒАН КҮНГЕ ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚ. ЖАСТЫҢ МҰНДАЙ ТҮРІН АЙЫРУ КҮНТІЗБЕ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАЛАТЫНДЫҚТАН ЕШҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚ ТУҒЫЗБАЙДЫ. БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАС. ӘРБІР СӘБИДІҢ ЖЕКЕ ӨСУ ЖӘНЕ ДАМУ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАТЫН, ОРГАНИЗМНІҢ МОРФОФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ. БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАСТЫ АНЫҚТАУ - БОЙ ҰЗЫНДЫҒЫ КӨРСЕТКІШІНЕ, БОЙ ҰЗЫНДЫҒЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОСПАСЫНА, ТҰРАҚТЫ ТІСТЕРДІҢ САНЫНА, ЕКІНШІ ЖЫНЫСТЫҚ БЕЛГІЛЕРІНЕ ЖӘНЕ MENARCHE ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

ӘР ТҮРЛІ ОРГАНДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ БІР МЕЗГІЛДЕ ОРЫНДАЛМАУЫ ; ОРГАНИЗМНІҢ БІР БҮТІН ЖҮЙЕ ЕКЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН, ОНТОГЕНЕЗ ПРОЦЕССІНДЕ ЖЕКЕ ОРГАНДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫ БІР МЕЗГІЛДЕ БОЛМАЙДЫ (ГЕТЕРЕХРОНДЫ). ЖЕКЕ ОРГАНДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ ГЕТЕРОХРОНДЫЛЫҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ЖЕКЕ НОРМАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

ӨСУ МЕН ДАМУ ПРОЦЕССІНІҢ ЖЫНЫСТЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ( ЖЫНЫСТЫҚ ДИ - МОРФИЗМ ); ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМ - ӨСУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН БҮКІЛ ОРГАНИЗМНІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫНЫҢ ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕССІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ. МЫСАЛЫ, ЖЫНЫСТЫҚ ЕР ЖЕТУГЕ ДЕЙІН, ЕР БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ АНТРОПОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА ҚАРАҒАНДА ЖОҒАРЫ БОЛЫП КЕЛЕДІ. АЛ КЕРІСІНШЕ, ПУБЕРТАТТЫ КЕЗЕҢДЕ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНЫҢ ӨСУ ПАРАМЕТРІ, САЛМАҒЫ, КЕУДЕ ШЕҢБЕРІ ЕР БАЛАЛАРҒА ҚАРАҒАНДА ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ. ЯҒНИ, ОСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС-ЖЫНЫС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СӘЙКЕС БІРІНШІ ҚИЫЛЫСУЫ БОЛАДЫ. АЛ 15 ЖАСТА ЕР БАЛАЛАРДЫҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ ҮДЕЙ ТҮСЕДІ ДЕ, ОЛАРДЫҢ АНТРОПОМЕТРЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚАЙТАДАН ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА ҚАРАҒАНДА ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ. СӨЙТІП, ЕКІНШІ ҚИЫЛЫСУДЫ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ. БОЙДЫҢ ӨСУІНДЕГІ ОСЫ ЕКІ ҚИЫЛЫСУ - ДЕНЕ БІТІМІ ДАМУЫНЫҢ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫНА ТӘН. СОНЫМЕН ҚАТАР КӨПТЕГЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ӘСІРЕСЕ БҰЛШЫҚ ЕТ, ТЫНЫС АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК, ҚАН-ТАМЫРЫ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫНЫҢ БІРДЕЙ ЖҮРМЕЙТІНДІГІ БАЙҚАЛАДЫ

ОРГАНДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІ ; ОРГАНИЗМНІҢ ӘРБІР ҚЫЗМЕТ ЕТУШІ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ СӘЙКЕС БИОЛОГИЯЛЫҚ СЕНІМДІЛІКТІ АНЫҚТАЙТЫН ПОТЕНЦИАЛДЫ МҮМКІНДІКТЕРДІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ҚОРЫ БЕРІЛГЕН. БҰҒАН ӨКПЕ, БҮЙРЕК, КӨЗ, ҚҰЛАҚ СИЯҚТЫ БІРҚАТАР ОРГАНДАРДЫҢ ЖАРЫСА ҚЫЗМЕТ ЕТУІ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ, ЯҒНИ ТІРІ ОРГАНИЗМДЕГІ НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ КӨБІ БІРІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БІРІ ҚАЙТАЛАЙ АЛАДЫ ЖӘНЕ ОРГАНИЗМГЕ ҚАЖЕТТІ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ҚОРЫ ШЕКСІЗ ДЕП ЕСЕПТЕУГЕ БОЛАДЫ. ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ОСЫНДАЙ БИОЛОГИЯЛЫҚ СЕНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК МҮМКІНДІГІНІҢ МОЛДЫҒЫ БОЛМАСА, ӨМІРГЕ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІПТЕН ОРГАНИЗМНІҢ ӨСІП, ДАМУЫ ҚОРҒАНА АЛМАС ЕДІ.

АКСЕЛЕРАЦИЯ ЛАТЫНША (ACCELARAE) - ЖЫЛДАМДЫҚ ДЕГЕН СӨЗДЕН ШЫҚҚАН. АКСЕЛЕРАЦИЯ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ БИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚТЫ КӨРСЕТЕДІ, ТАБИҒАТЫ КӨП ФАКТОРЛЫ БОЛЫП КЕЛЕДІ. КӨПТЕГЕН ГИГИЕНИСТЕРДІҢ ПІКІРЛЕРІ БОЙЫНША БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫН БҰЗАТЫН БОЛҒАНДЫҚТАН ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ҚАБЛЕТІН АЗАЙТА - ТЫНДЫҚТАН АКСЕЛЕРАЦИЯ БАЛАЛАР ОРГАНИЗМІ ҮШІН ҚОЛАЙСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. СОНДЫҚТАН, ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ БІТІМІНІҢ ДАМУЫН БАҚЫЛАУҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУІ КЕРЕК. ОРГАНИЗМНІҢ ӨСІП, ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТЫ ӨСІП, ДАМУЫ ҮШІН, ҚОРШАҒАН ОРТА ФАКТОРЛАРЫН ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАЛАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰЛ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ БІЛУ, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ГИГИЕНАСЫ БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРІНЕ ЖЕКЕ ОРГАНДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ БАЛАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖАС КЕЗЕҢДЕРІНДЕ БҮТІН ОРГАНИЗМ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУІН, ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН БАЙЛАНЫСЫН АНЫҚТАУҒА ЖӘНЕ ОСЫ ЖАҒДАЙДЫҢ МӘНІН ТЕРЕҢІРЕК ТҮСІНУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН, ДАМУ ЖАҒДАЙЫН БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ЖИНАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕРГЕ, САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕР, ӨСІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОРГАНИЗМНІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕРЕҢ ЕСКЕРУ НЕГІЗІНДЕ ҒАНА ДҰРЫС АНЫҚТАМА БЕРЕ АЛАДЫ. ЯҒНИ, ОСЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРДЫ ТЕРЕҢ ТҮСІНІП АЛМАЙЫНША БАЛАЛАРДЫҢ КҮН ТӘРТІБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТӘРБИЕЛЕУ, ОҚЫТУ ПРОЦЕССТЕРІНЕ, ТАМАҚТАНУ ЖАҒДАЙЫНА ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕЛГЕН ТАЛАПТАР ҚОЮ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ МҮМКІН ЕМЕС.

ӘДЕБИЕТТЕР НЕМЕНКО Б.А. ОСПАНОВА Г.К БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ГИГИЕНАСЫ(ОҚУЛЫҚ).- АЛМАТЫ Б. КУЧМА В.Р. ГИГИЕНА ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ., М., МЕДИЦИНА, 2004.