Тақырып: Аралық қаржылық есептілік (34 ҚЕХС)
Дәріс сұрақтары: 1 Қаржылық есептілік түсінігі мен мақсаты. 2 Қаржылық есептілікті пандаланушылар. 3 Ұйымның қаржылық есептілігін қалыптастырудың тұжырымдамалық негізі. 4 Қаржылық есептілік компоненттері және элементтері.
Дәріс мақсаты: ҚЕХС бойынша қаржылық есептілік және оның компоненттері, қаржылық есептіліктің талдаудың ақпарат көзі ретіндегі орны мен маңызы туралы студенттерге түсінік беру
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТҮСІНІГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ДЕГЕНІМІЗ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРДІҢ НЕМЕСЕ ҰЙЫМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ МАҚСАТЫ КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ, ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕСІ ЖӘНЕ АҚША АҒЫНЫ ТУРАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ АҚПАРАТТАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА ҰСЫНУ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ КОМПАНИЯНЫҢ АКТИВТЕРІ, МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ, МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ, ТАБЫСТАРЫ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚШАЛАЙ АҒЫНДАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ.
Инвесторлар Қаржылық есептілікті пандаланушылар Мемлекеттік органдар жұмыскерлер Жеткізушілер мен сатып алушылар құрылтайшылар Қарыз берушілер
Қаржылық есептілік мы на принциптердің негізінде дайындаллы тиіс: - есептеу әдісі. - қызметтің үздіксіздігі. 3 – сұрақ. Ұйымның қаржылық есептілігін қалыптастырудың тұжырымдамалық негізі.
Есептеу әдісі бойынша – операцияның және өткен оқиғалардың нәтижесі: 1. Олар үшін ақша қаражаттарының алину немсе төлену сәтінде емс, операциялардың болған сәтінде мойындалады. 2. Есеп жазуларында және қаржылық есептілікке операциялар болған кезеңдегі мерзімге жатқызылады.
Қыметтің үздіксіздігі – бұл ұйымның болшақта үздіксіз яғни жойылып немсе жабылып кетпейтіндей қызмет істейтін мақсатын білдіреді.
Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары: -түсініктілік, -салыстырмалылық. -орындылық, -сенімділік.
Түсініктілік – яғни қаржылық есептіліктің ақпараттарын пандаланушылар ұйымның шаруашылық, коммерциялық және бухгалтерлік есеп қызметтеріне қатысты біліктілігі арқылы ақпараттарды тиісті деңгейде түсіне аллы тиіс.
Салыстырмалылық – яғни қаржылық есептіліктің ақпараттарын пандаланушылар: 1.Ұйымның қаржылық жағдайы мен нәтижесін бағалау үшін ақпараттарды өткен кезеңдермен немсе әртүрлі кезеңдермен салыстыруға мүмкіндіктері болуы тиіс. 2. Әртүрлі компаниялардың қаржылық есептіліктерінің көрсеткіштерін өз ұйымының мәліметтерімен салыстыра алу мүмкіндіктері болуы тиіс.
Орындылық – яғни пандаланушыларға: 1.Өткен, осы уақыттағы және болшақтағы жағдайларды бағалауға; 2.Талдаудың нәтижесін растауға немсе түхетуге мүмкіндік беруі тиіс.
Сенімділік – яғни пандаланушылар үшін қаржылық есептіліктің мәліметтері дұрыс, қатесіз берілуі тиіс.
Қаржылық есептілік компонент тері 1 нисан Қаржылық жағдай туралы есеп беру (бухгалтерлік баланс) 2 нисан Жиынтық кіріс туралы есеп беру 3 нисан Ақша қаражаттары туралы есеп беру 4 нисан Капиталда ғы өзгерістер туралы есеп беру
Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есептіліктің элементтері: Активтер - бұл өткен кезеңдердегі оқиғалардың нәтижесінде ұйыммен бақыланатын, болашақта экономикалық панда әкеледі деп күтілетін ресурстары Міндеттемелер - бұл компанияның өткен кезеңдердегі оқиғалардан туындаған, оны реттеу кезінде экономикалық панда әкелетін ресурстардың азаюына әкелетін ағымдағы қарыздары. Капитал (таза активтер) – компанияның барлық міндеттемелерін шегергеннен кейін қалатын активтегі үлесі.
Қызмет нәтижелерін өлшеумен тікелей байланысты қаржылық есептілік элементтері: Табыстар - бұл есепті кезең ішінде активтердің көбеюі немсе міндеттемелердің азаюы түрінде экономикалық панданың өсуі, бұл меншік иелерінің салымдарына қатысы жоқ капиталдың артуына әкеледі; Шығыстар - бұл есепті кезең ішінде активтердің азаюы немсе міндеттемелердің көбеюі түрінде экономикалық панданың азаюы, бұл капиталдың азаюына әкеледі және оның меншік иелерінің арасында капиталдың бөлінуімен байланысы жоқ.