Кафедра:1 Ішкі аурулар Факультет: Жалпы медицина СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Тақырыбы: Бронхиальды обструкция синдромының диагностикалық әдісі Орындаған: Көшенова К.Н. 413 А Тексерген: Дандагариева Ж.С.
Ж О С П А Р : 1. Спирография туралы түсінік және қолданылуы. 2. Спирографияны жүргізу алгоритмі. 3. Спирография жүргізуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер.
Спирография (лат.spiro-тыныс алу,грек.grafe-жазу) – өкпенің тыныс алғандағы көлемінің өзгерісін графикалық тіркеу арқылы зерттеу әдісі. Бұл әр түрлі тыныс жүйесінің ауруларын диагностикалайтын қауіпсіз әрі ақпаратты әдіс. Оның көмегімен науқастың тыныс алу қызметінің көрсеткіштерін анықтауға болады. СПИРОГРАФИЯ
Спирографияның көмегімен анықталатын көрсеткіштер: Тыныс алу жиілігі–1 мин. Ішіндегі тыныс алу қозғалысы (қалыпты жағдайда орташа 16-17). Тыныс алу көлемі–1 рет тыныс алғандағы өкпеге түсетін ауаның көлемі(ерлерде мл,әйелдерде мл). Минуттық тыныс алу көлемі -1 мин ішінде өкпеге келіп түсетін ауаның көлемі (4-10 л). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – терең тыныс алғаннан кейін терең тыныс шығарудағы максимальді ауаның көлемі(2,5-7,5 л) Тифно индіксі 4/5 ы.
Спирография әр түрлі созылмалы өкпе ауруларын диагностика лауда маңызы зорь. Мысалы: созылмалы бронхит,өкпе эмфиземасы,пневмосклероз, созылмалы тыныс тұншықпасына жүргізу өте қажет болып табылады. Сонымен қатар зиянды өнеркәсіптегі халықты профилактикалық тексерулер кезінде, дене шынықтыру және спортпен айналысу барысында, медициналық бақылау жүргізгенде де қолданады.
Жүргізу алгоритмі Спирографияны таңертеңгілік уақытта ашқарынға немесе тамақтанғаннан соң 1-1,5 сағат өткеннен соң жүргізеді. Тексерілу алдында темекі шегуден жане қою шай немесе кофе ішуден бас тарту қажет. Егер науқас тексеруден бұрын дәрігер тағайындаған тыныс жүйесіне әсер ететін препарата қабылдаған бокса, оларды зерттеуден сағат бұрын қабылдауды тоқтатады.
Зерттеу науқастың спирограф алдында отырған қалпында жүргізіледі. Орындықтың биіктігі науқасқа ыңғайлы болатындай реттелетін болуы керек. Әйтпесе зерттеу нәтижесі дұрыс болмауы мүмкін. Киімі терең дом алып, терең дом шығару үшін куеде қуысын қыспайтын бос әрі ыңғайлы болуы қажет.
Спирография жүргізуге көрсеткіштер: Өкпе жеткіліксіздігінің түрін және дәрежесін анықтау. Аурудың үдеуін және дәрежесін анықтау мақсатында өкпелік вентиляцияның көрсеткіш мониторингі. Бронхиальді обструкцияны бронходилятатормен, холинолитик термин,ингаляциялық глюкокортикостероидтармен және мембрана тұрақтандырушы препаратамен курстық емдеудің тиімділігін бағалау.
Өкпелік және жүректік жетіспеушіліктің басқа да зерттеу әдістер кешенімен дифференциялды диагностика сын жүргізу. Өкпе ауруларына қауіп төнген адамдарда немесе зиянды факторлар әсер ететін жерлерде қызмет ететін адамдарда вентиляциялық жетіспеушіліктің бастапқы белгілерін анықтау. Жұмысқа жарамдылық экспертизасы және клиникалық көрсеткіштермен қоса өкпелік вентиляция негізінде жүргізілген әскери экспертиза. Бронхиальді обструкцияны анықтау мақсатында бронходилятациялық тестер жургізу және бронхтардың гиперреактивтілігін анықтау үшін ингаляциялық тестер жүргізу.
Спирография жүргізуге қарсы көрсеткіштер: Спирография өткізуге мүмкіндік болмайтын науқастың жалпы жағдайының ауырлығы. Үдомелі стенокардия,миокард инфарктісі,жедел ми қан айналымының бұзылысы. Қатерлі артериальді гипертензия, гипертензиялық криз. Жүктілік токсикозы, жүктіліктің екінші жартысы. Үшінші дәрежелі қан айналым жетіспеушілігі. Ауыр өкпелік жетіспеушілік.
Ә д е б и е т т е р: 1. Х.Қ Сәтбаев, А.А. Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева. Адам физиологиясы, Алматы 2007 жил 2. Л.З. Тель,К.М.Хамчиев,Н.А. Агаджанян, В.И.Циркин Адам физиологиясы Алматы 2012 жил 3. Интернет,сайт