СӨЖ Тақырыбы:Адам эмбриологиясы.Ұрықтан тыс мүшелер. Дамудың қауіп-қатерлі кезеңдері. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ Адам морфологиясы және физиологиясы кафедрасы Гистология-1 пәні Орындаған:Джумадуллаева А.Б. Тобы:ЖМ-606 Қабылдаған:Тастемирова Б.Т. Түркістан 2018 ж
ЖОСПАР: Кіріспе Адам эмбриологиясы туралы жалпы түсінік Негізгі бөлім 1.Ұрықтан тыс мүшелер А) Амнион Б) Сары уаз қа п В) Аллантоис Г) Кіндік бау Д) Хорион Ж) Плацента 2.Дамудың қауіп-қатерлі (кризистік) кезеңдері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ Адам эмбриологиясы- адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Студент үшін кейбір клиникалық пәндерді игеруіне және болашақ дәрігерлік практикасында эмбриологиялық мәліметтерді жетік білуінің маңызы зорь.Себебі,әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық даму, анна – нәресте жүйесіндегі әртүрлә қатынастар бұзылып, түсіктер, туа біткен кемістіктер, нәрестенің туылғаннан кейін болатын аурулары пайда болады.Олардың даму механизмдерін, факторларын анықтау негізінде, медициналық эмбриология осы эмбриопатияларды алдын-алу, емдеу шараларын жете зерттейді.
Ұрықтан тыс мүшелер Ұрықтан тыс ағзалар деп эмбриогенезде ұрық денесінен тысқары қалыптасып, оның өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек қанна пренатальді кезеңінде болатын құрылымдарды атайды. Провизорьлық ағзаларға амнион, сары уаз қабы, аллантоис, хорион, плацента жатады.Ұрықты қоршағандықтан, олардың біреулерін (амнион,хорион,аллантоис)ұрық қабықтары деп атайды.Плацента, ұрық қабықтары және кіндік бау анна организмі мен ұрық арасындағы екі жақты қатынастарды камтамасыз етіп, босану кезінде нәрестеден кейін шығатынбала жолдасын құрайды.
Ұрықтан тыс мүшелердің пайда болуы(схема): 1 – амниондық көбікше; 1 а –амнион қуысы; 2 – ұрық денесі; 3 –сары уаз қабы; 4 – ұрықтан тыс целом; 5 – біріншілік хорион бүрлері; 6 –екіншілік хорион бүрлері; 7 – аллантоис жа пырақшасы; 8 – үшіншілік хорион бүрлері; 9 - аллан-тоис; 10 –кіндік бау; 11 - тегіс хорион; 12 – котиледон дар
Амнион(амнионды қ қ абы қ, амнионды қ қ а п, қ а ғ анна қ ) Ұрық қабықтарының бірі, ұрық дамуы үшін қажет суллы органы қамтамасыз ететін уақытша ағза.Адам эмбриогенезі гаструляцияның екінші фазасында амнион эпибласт жасушалары арасындағы кішкене қуыс- амниондық қабық құрайды.Оның сыртқы қабығын ұрықтан тыс эктодерма және мезодерманың париетальді жа пырақшасынан тұратын жартылай мөлдір жұқа амнион қабығы құрайды.Қуысқа қараған амниондық эпителий қағаннақ суын өндіруге және оны резорьбциялауға арте маманданнады. Қызметтері: Қағаннақ суын өндіру; Ана мен ұрық арасындағы зат алмасуға плацента құрылуына қатысу; Ұрықты қолайсыз әсерлерден қорғау; Пренатальды диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Сары уаз қ а п Адам ұрығы дамуының 2- а птасында қалыптасып, ол ұрықтың қоректенуін аз ғанна мезгіл қамтамасыз етеді.Себебі,3-а птадан баста п, ұрық пен анна организмі арасында байланыс орна п, гемототрофты қоректену өтеді.Сары уаз қа птың қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі қабаты-ұрықтан тыс энтодерма, ал, сыртқысы –ұрықтан тыс мезодерманың висцеральді жа пырақшасы. Функциясы: 3 а птадан баста п, ұрықтан тыс мезодерма да эмбриондық гипопоэз өтеді; Энтодермасынан біріншілік жыныстық жасушалар-гоноциттердің даму көзі; Сары уаз ка птың ұрық ішегімен байланысы сары уаз сабақшасы деп аталатын қуысты жіп түрінде сақталады; Эмбрион дамуының 7-8 а птасына дейін қызмет атқарып,3-айдың соңында кері демиды да, қан тамырларын плацентаға өткізетін тар түтікше түрінде кіндік бау құрамына кіреді.
Аллантоис Жатырдағы дамудың 16-тәулігінде адам ұрығында сары уаз көбікшесінің артқы қабырғасынан ұрық сабақшасына қарай саусақ тәрізді кішкентай өсінді-аллантоис өсіп шығады.Аллантоис хорионның дәнекер тінді табақшасына жетпей бітеу аяқталады.Ұрық денесінен шыққан кіндік қан тамырлары аллантоис ты бойлай болашақ плацентаға қарай бағыттайды да, плацентаның тамырлы торин құруға қатысады.Эмбриогенездің 2-айында аллантоис редукцияға ұшыра п,сары уаз қа птың дәл сендай қалдығымен бірге жасушалық тарпан түрде кіндік бау құрамына кіреді.
Кіндік бау Адам ұрығының денесі амниондық және сары уаз көбікшесінен жекешеленген кезде қалыптасатын, ұрықты плацента мен байланыстыратын серпімді бау.Кіндік баудың строма сын ұрықтан тыс дәнекер тінінің ерекше түрі- шырышты немесе сілікпе тәрізді дәнекер тін құрайды.Мұнда екі кіндік артерия лары,бір кіндік ванессы, сары уаз қа птың түтігі, аллантоис түтігі өтеді.Шырышты дәнекер тін кіндік баудың серпімділігін қамтамасыз етеді, кіндік тамырларын сығылысудан сақтайды.Нәтижесінде, эмбрион қоректік заттармен, оттекпен үздіксіз жабдықталып тұрады.Ол зиянды агенттердің плацента тамырларынан тыс жолдармен ұрыққа өтуіне тосқауыл жаса п,қорғаныс қызмет атқарады.
Хорион Ұрықты қоршайтын және плацентаның нәрестелік бөлігін құрайтын ең сыртқы ұрықтан тыс қабық.Бетінде жатыр қабырғасына кіре өсетін көптеген бүрлер болуына байланысты, оны бүрлі қабық деп те атайды. Хорион қалыптасуының кезеңдері: 1.Бүрлер алды-дамудың 7-8-тәуліктері; 2.Бүрлер қалыптасуы; 3. Котиледондар кезеңі тәуліктерге дейін
Плацента (бала урны) Эмбриогенездің 3-айында түзіліп,анна мен нәресте организмдерін байланыстыратын ұрықтан тыс уақытша ағза. Ол ұрық дамуын қамтамасыз ететін бірнеше аса маңызды қызметтерді атқарады: 1. Тыныс алу; 2.Транспорттық 3.Экскреторлық 4. Миометрий қысқарылуын реттеу 5.Иммундық қорғаныс 6.Эндокриндік 7.Барьерлік Плацента екі бөліктен тұрады:ұрықтық-pars foetalis, және анналық-pars materna.
Плацентаның анналық бөлігі Жатырдың түрі қатты өзгерілген шырышты қабығының децидуальді, яғни босанғаннан кейін түсіп қалатын қабатының ұрық пен миометрий арасындағы decidua basalis бөлігі. Қалыптасқан плацентаның құрылымдық-функционалдық бірлігі болып котиледон дар табылады.Ол бағанна бүрден және ішінде нәрестенің қан тамырлары бар оның тармақтарынан тұрады.Жүктіліктің соңында плацента диаметрі см, орталық бөлігінің қалыңдығы 2-4 см, массы г жұмсақ диск түрге ие болады.
Дамуды ң қ ауіп- қ атерлі кезе ң дері Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған органың әртүрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтамыз. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады, не міндетті түрде әр түрлі ақаулықтар қалыптасады. Адам эмбриогенезінің 3 қауіпті кезеңдерін ажыратады: -имплантация –эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі (ұрықтанғаннан кейін 6-7 тәулік) -плацентация – плацентаның түзілуі (ұрықтанғаннан кейін тәулік) -перинатальді (тылу) кезеңі (39-40 а пталар)
Қ орытынды Адам эмбриогенезіне трофобласт пен ұрықтан тыс мезодерманың арте және жақсы дамуы тән. Бұл оның жұмыртқа жасушасында қоректік заттардың мөлшері аз болғандығынан және де анналық қаннайналым жүйесімен арте кезде және тез арада контакт құру қажеттілігіне байланысты. Осыған орай, провизорьлық ағзалар құралады:амнион, хорион, сары уаз қа п, аллантоис, плацента.Олар ұрықтың қабықтарын құрайды және бірқатар маңызды қызметтер атқарады.
Пайдаланыл ғ ан ә дебиеттер: 1.Гистология. І-бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы (төрт бөлімді оқу құралының І-бөлімі). С.А.Ажаев. Кентау,«Еркін и К-ХХІ» баспасы – С. Т. Нұртазин Жалпы гистология: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы -А.:Қазақ университеті,2015 ж., Гистология, цитология және эмбриология атласы. Медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Р.Б.Абильдинов,Ж.О.Аяпова, Р.Н.Юй. Алматы. «Эффект» баспасы – 411 б.