Өнер дегеніміз не? Өнерлі өрге жүзер дегенді қалай түсінесіңдер? Адам өнерді не үшін үйренеді? Өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
Әбілхан жас кезінде неман шұғылданды? Түргенбай қарт Әбілханды қалай қолдады? Шежіре қарт Әбілханға қандай көмек көрсетті? Әбілханның суретшілік өнер жолы қалай бастарды? Әбілхан Қастеевке суретшілік өнерді кім үйретті? Әбілханның өнерге құштарлығы қалайша көрінді? Өзіңнің қандай өнерің бар, өнеріңді қалай шыңдап жүрсің?
Қастеев Әбілхан ( ) – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы.Ол еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып баста ты. Қазақстанның халық суретшісі (1944 ж). Қазақстан суретшілер одағы басқармасының төрағасы. ( ж). Мәскеудегі көркемсурет студияларында Н.Г.Хлудов пен И.Бродскийден сабақ аллоды ( ). Оның «Қарындастың портреті», «Автопортрет», «Мектепте» (1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбылдың портеті» (1937), «Амангелді сарбаздары» (1970), «Жас Абай» (1945) сияқты туындылары бар.
Ойлан, тап!
ЖҰМБАҚТАР Екі шекпен күмбірлеп, Көңіл сазын сапырады, Тұлпар шабыс дүмбірлеп, Желпіндіріп отрады. (Күйші ) Өрнектеп, сәндеп, Тігістерін бүгетін. Солпысын жөндеп, Кім көйлек тігетін? ( Тігінші) Өнерге тән жаратқан, Көкірегі кең аслан. Барша жұртты қаратқан, Бейнегер кім тым асқан? (Қылқалам шебері) Адамның жүзін, Басы мен көзін. Айнытпай келбетін, Салатын кім суретін? (Бейнегер)
Мақал-мәтелдердің жалғасын тап 1.Өнерлі елдің өрісі биік. 2. Өнер өрге жүзгізеді. 3. Өнерлінің өзегі талмас. 4. Өнерпаздың он қолы бар. 5. Қол өнері - кілемде, Сөз өнері -өлеңде. 6. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. 7. Өнерлі бала елдің көркі, Үкілі қамыс көлдің көркі ? ? ? ? ? ? ? ? ? ?
Шатасқан мақал-мәтелдердің сөздерін орналастыр. 1.Қолы, өлеңшінің,алтын, сөзі, өнерлінің,алтын. ( Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын.) 2. Өнер, та стан,асыл, шығады, өнер, жастан, шығады. (Асыл та стан шығады, Өнер жастан шығады.) 3. Ақыл, жеткізер, көпке, көкке, жеткізер, өнер ( Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.) 4. Жігіт, өнерлі,өрде, озер, өнерсіз, жігіт, соғар, жер ( Өнерлі жігіт өрде озер, Өнерсіз жігіт жер соғар.) 5. Жұмыс,өнер, қуып, ой, қылып,түзе, бой, түзе. ( Өнер қуып ой түзе Жұмыс қылып бой түзе.)
Адамның сәні – өнер, білім, ақыл. Халық мақалы
Дина Нүрпейсова күйші Мақпал Жүнісова әнші Роза Рымбаева- әнші Шұғыла Сапарғалиқызы Бибігүл Төлегенова әнші Майра Илясова әнші Құрманғазы Сағырбайұлы күйші Нүрғиса күйші