Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс- әрекетінің жүйесі
ЖОСПАР: 1. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері. 2. Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі мен тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыруы.
Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог, сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым – қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу – тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Бүгінгі күні сынып жетекшісі: жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы; оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші; сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы; оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері : тәрбиелік коммуникативтік диагностикалық жобалаушылық ұйымдастырушылық- әрекеттік дамытушылық әдістемелік бағалаушылық түзетушілік ынталандырушылық
Сынып жетекшісінің міндеттері 2. диагностикалық - әдептік-этикалық міндеттер 1. әлеуметтік міндеттер 3. адамгершілік міндеттер 4. жеке дара практикалық сыныптағы міндеттер
Сынып жетекшiнiң тәрбие жоспары – сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайтын міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Бабаев С.Б. Жалпы педагогика (электронды окулык).-Алматы:Нур-Пресс. 2.Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: оқу құралы.-Алматы:Дарын, 2004 ж 3. Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.