Қазақстан Ресей Медициналық университеті СӨЖ Тақырыбы: Жаңа туылғандарға бірінші күтім және оны бағалау Орындаған : фак.-ЖМ, топ-407Б Рахымбердиев Б.Н. Алматы 2018 ж.
Жоспар : I. Кіріспе II. Негізгі бөлім -Нәресте күтімінің принциптері -Жаңа туылғандарға бірінші күтім және оны бағалау
Нәресте– бір жасқа дейінгі сәби. Нәрестенің алғашқы бір жилы дүниеге колу кезеңіне (алғашқы 4 опта) және емшектегі кезеңге (1 жас толғанға дейін) бөлінеді. Нәрестені анасының организмінен тыс өмір сүруге бейімдеу үшін оның организмінің көптеген органдары мен жүйелерінің қызметін өзгертуге тура келеді. Мерзімінде туған сәбидің салмағы 3,0 – 3,7 кг, бойының ұзындығы 50 – 52 см, басының шеңбері 34 – 35 см, куеде шеңбері 34 – 36 см болады. Жас Нәрестенің терісі үлбіреген жұмсақ келеді де дұрыс күтілмеген жағдайда тері қатпарлары базданып іріңдей бастарды. Сүйектерінде тұз аз болғандықтан, майысқақ келеді. Сәбидің күтімі дұрыс болмаса (мысалы, Нәрестені жастыққа отырғызса, аяғына арте тұрғызса), сүйектері тез қисаяды. Бас сүйегі онша жетілмей туады, оның қосылған жігі жұмсақ, былқылдап тұрады, оны еңбегі (ол 9 – 14 айда қатаяды) деп атайды. Басында шашы (2 см-дей), тырнақтары қатты болады. Қасы, кірпігі көп білінбейді. Сәбилердің өкпесі мен тыныс алу органы, бұлшық еттері онша жетілмегендіктен, пересек адамдарға қарағанда ауаны көп қажет етеді. Нәрестенің жүйке жүйелері нашар жетіледі. Олар тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізеді, тек тоңғанда,жаялығы су болғанда не іші кепсе ғана оянады.