1

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ Орындаған: Сеитова Ж. Топ: В 16 Фин-3 Қабылдаған: Блялова А. К.
Advertisements

Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектеп ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ Дайындаған: Диханбаева Г 2016 ж-2017 жылы.
Орындаған: Абдрахимова А. Тобы: 6 М Қабылдаған: Қ аражігітова К.
Орындаған: Абдрахимова А. Тобы: 6 М Қабылдаған: Қ аражігітова К.
МЕНДЫБАЕВА АЛИЯ АЛИАСКАРОВНА. БАСҚАРУ Ынталандыру Болжау Бақылау Үйлестіру Жоспарлау Жобалау.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ Сауытжан Қайнар Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту.
Жоспар І.Кіріспе Кадрлық саясат мәні және рөлі ІІ.Негізгі бөлімі Кадрлармен жұмыс істеу Басқару кадрларын дайындау ІІІ.Қорытынды.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы Дайындаған: Аскарова Н ТФП Тексерген: Қ ара ғ анды 2017.
Мемлекет органдары және оның түрлері. Мазмұны Мемлекеттік орган мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының жүйе құрушы элементі ретінде. Мемлекеттік орган.
ШЕТ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ Жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері Орындаған: 1 курс магистранты Искендирова Э.Т.
Қазіргі заманғы сабақты талдау Талдау- затты/ құбылысты, үрдісті/ бөліктерге, бөлшектерге немесе белгілерге ойша бөліп, оларды салыстыру және маңызды,
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Философия табиғат, қоғам.
Мемлекет қаржысы
Бірінші рет Криминалистика деген сөзді 21 ғасырда Австриялық ғалым Ганс Гросс пайдаланған, яғни қылмыстарды ашатын ғылым деген. Кримимналистика пәні қылмыстармен.
Адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикадағы ең күрделі мәселелердің бірі екендігін айқындау.
Оқытушы мен студенттік тұлға аралық өзара әрекеттестігінің мәселелері.
О ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Орындаған: Сабырхан А. Баумуратова Ш. Тобы: Қабылдаған: Адылбекова Э. Шымкент,
«Мен та ң да ғ ан маманды қ » «Есеп ж ә не аудит» Орында ғ ан: Құ нанбаева А. Тексерген: Шыныбекова А.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Қаржыны басқару ұғымы, қаржыны басқарудың негізгі қағидаттары.
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Транксрипт:

Орында ғ ан: Онласинова А. А.

Адам ресурстарын басқарудың негіздері 1. Адам ресурстарын басқару мақсаттары 2. Адам ресурстарын басқару жүйесі мен тұжырымдамасы 3. Адам ресурстарын басқару аспектілері мен әдістері

Адам ресурсы - бұл адамдардың жеке сапаларының күрделі жиынтығы оның ішінде әлеуметтік-психологиялық қасиеттері басты рөл атқарады, персонал - кәсіпорынның экономикалық және инновациялық кеңістігінің маңызды бөлігі. Алдыңғы қатарлы кәсіпорындар жұмыс кезінде адам ресурстарының басқа ресурстар түріне қарағанда артықшылығын дәлелдейтін философиясы мен басшылық эту кезінде шаруашылық субъектілерінің табысты іс-әрекетінің негізгі әлеуеті - кәсіпорын персональныйда, олардың біліктілігі мен кәсіпорын мүдделеріне берілгенінде екенін жақсы түсінеді. Персонал - барлық адамдар ресурстарының жиынтығы. Персонал - бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор, себебі тек адамдар ғана жұмысты орындайды, ойларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіншілік береді.

Адам ресурстарын басқарудың қазіргі замандағы тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде кәсіпорынның іс-әрекеті негізінде нақты адамды қояды және қызметкерді кәсіпорынның ұйымдық-экономикалық механизмінің шешуші элементі ретінде қарастырады. Адам ресурстарын басқару іс-әрекеттің атқарымдық функционалды ортасы, оның мәселесі - кәсіпорынды керек уақытта, қажетті мөлшерде және талап етілетін запада персонал мен қамтамасыз эту, оларды дұрыс орналастыру және ынталандыру. Персоналды басқару мақсаты жалпы ұйымның игілігі мен жұмыскерлердің жеке мүдделерін искре отырып, әрекет ететін еңбекке қабілетті ұжымын қалыптастыру болып табылады..

Адам ресурстарын басқару келесі мақсаттарды көздейді: - жалпы мақсаттарға жэтуде кәсіпорынға көмек көрсэту; - жұмыскерлердің шеберлігі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; - кәсіпорынды біліктілігі жоғары және қызығушылық танытатын қызметкерлермен қамтамасыз эту; - жұмыскерлердің өз жұмыстарына барынша толық қанағаттануына, олардың өздерін толық корсете алуына ұмтылу, ал бұл өз алтына әрбір жұмыскердің осы кәсіпорында жұмыс істеу тілегін жоғарылатады; - жеке адамның әлеуетін тиімді пайдалану қағидасына сәйкес адамның еңбек (жеке басты, психофизиологиялық) іс-әрекетін басқару механизмін меңгеру. Ең жоғары мақсат - өндірісте адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Персоналды басқару жүйесі персоналды басқару мақсаттарын, функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру, басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау процестерінде мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен атқарымдық өзара байланыстардың қалыптасуынан тұрады. Персоналды басқару функциялары жүзеге асыратын жүйе ұйым персональный басқару жүйесі деп аталады. Ұйым персональный басқару жүйесі жалпы және желілі басқарудың ішкі жүйелерінен, сонымен қатар, бірыңғай функцияларды орындауға мамандандырылған бірқатар атқарымдық ішкі жүйелерден тұрады. Жалпы және желілі басқарудың ішкі жүйесі ұйымды жалпы басқару мен жеке функционалды және өндірістік бөлімшелерді басқару жұмыстарын атқарады. Жалпы және желілі басқарудың ішкі жүйесінің функция сын ұйымның жетекшілері, оның орынбасарлары, атқарымдық және өндірістік бөлімшелердің жетекшілері, олардың орынбасарлары, шеберлер мен бригадирлер орындайды.

Ұйым персональный басқару жүйесі келесі атқарымдық және қамтамасыздандырушы ішкі жүйелерден тұрады: - персоналды жоспарлау және маркетинг; - персоналды жалдау және есепке алуды басқару; - еңбек қатынастарын басқару; - бір қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі; - персоналды дамытуды басқару; - персоналдың мінез-құлқын уәждемелеуді басқару; - әлеуметтік дамытуды басқару; - басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамыту; - персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыз эту; - персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз эту; - персоналды басқару жүйесін техникалық қамтамасыз эту.

Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы - бұл персоналды басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы. Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастыруы келесі кезеңдерден тұрады: - персоналды басқару жүйесінің мақсатын қалыптастыру; - басқару функция сының құрамын анықтау; - басқару функция сының қүрамын қалыптастыру; - ұйымдастырушылық құрылымының ішкі жүйелерінің құрамын қалыптастыру; - барлық деңгейдегі бөлімшелердің мамандары мен жетекшілердің құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтау; - ішкі жүйелер арасында байланыстарды бекіту; - бөлімшелердің саны мен атқаратын функцияларының еңбек сыйымдылығын есептеу; - ұйымдастырушылық құрылымның кескін үйлесімін құру. Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын құру процесіндегі маңызды кезең - оның ішкі жүйелерінің арасындағы байланыстарды қалыптастыру. Бұл жағдайда байланыстың түрі, оның маңызы, мерзімі, материалдық негізі нақты белгіленуі қажет.

Персоналды басқару аспектілері: - технико-технологиялық аспект: нақты өндірістің даму деңгейін, әсіресе қолданылатын техника мен технологиялардың, өндіріс жағдайларының ерекшіліктерін ескеру қажеттілігін ұйғарады; - ұйымдастырушылық-экономикалық аспект: жұмыскерлердің саны мен құрамын, рухани және материалды ынталандыру, жұмыс уақытын пайдалану және т.б. қызметтерді жоспарлауға байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді; - құқықтық аспект: персонал мен жұмыс істеуде еңбек заңдылықтарын сақтау мәселелерін қарастырады; - әлеуметтік-психологиялық аспект: персоналды басқаруда әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз этуді, жұмыс істеу тәжірибесіне әр түрлі әлеуметтік және психологиялық рәсімдерді енгізуге байланысты мәселелерді қарастырады; - педагогикалық аспект: персоналды тәрбиелеу және оқытуға байланысты мәселелерді қарастырады.

Персоналды басқару әдістері - бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жэту үшін басқарушылық объектіге әсер ететін әдістер жиынтығы. Персоналды басқару әдістері төмендегіше топтастырылады: - ұйымдастырушы-әкімшілік; - экономикалық; - әлеуметтік-психологиялық. Ұйымдастырушы-әкімшілік әдістері еңбек тәртібінің қажеттілігін, жауапкершілікті, адамның белгілі бір ұйымда тікелей директивалық нұсқауларға негізделген жағдайларда еңбек эту керек екенін түсінген каналы уәжге бағытталған. Ұйымдастырушы-әкімшілік әдістері жетекшінің билігіне, құқығына, тәртіпті ұйымдастыру мәніне және жауапкершілігіне тіреледі. Экономикалық әдістер қызметкерлерді экономикалық ынталандыруына негізделсе, әлеуметтік-психологиялық әдістер оның әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатында қолданылады. Экономикалық әдістердің көмегімен ұжымның, жеке жұмыскерлердің материалды ынталандыруы жүзеге асырылады.

Басқарудың экономикалық әдістері негізгі тәсілдердің қатарына жатады және келесі түрде жүзеге асырылады: жоспарлау, талдау, шаруашылық есеп, бағаның қалыптасуы, қаржыландыру, ұйымдық материалдық қорды, пайданы, еңбекақыны пайдалануда өз билігін жүргізу, экономикалық мүдделерін, жаңа мүмкіндіктерді және пайда болған резервтерді пайдалануға экономикалық тәуелсіздік алуға мүмкіншілік беру. Персоналды басқарудың экономикалық әдістеріне техникалық-экономикалық талдаулар да жатады.

Әлеуметтік-психологиялық әдістер еңбек ұжымында кездесетін жеке қарым-қатынастар байланыстарға әсер ететін арнайы әдістердің жиынтығын білдіреді. Әлеуметтік- психологиялық әсер эту әдістер мен тәсілдері көп жағдайда жетекшінің дайындығы, жете білім деңгейі, ұйымдастырушылық қабілеті мен психология саласындағы білімдерімен анықталады. Еңбек ресурсы басқару тұжырымдамасы - персоналды басқарудың мәнін, мазмұнын, мақсатын, мәселелерін, критерийлерін, қағидалары мен тәсілдерін түсіну және анықтаудың теориялық-әдістемелік көзқарастарының жүйесі, сонымен қатар, ұйымның нақты жағдайларда әрекет эту механизмін қалыптастыруда ұйымдастырушылық-тәжірибелік тәсілдері. Оған жататындар: -персоналды басқарудың әдістемесін жасау (басқару объектісі ретінде ұйым, персональныйың мәнін қарастыру, ұйым сәйкестігіне персоналды басқару тәсілдері мен қағидаларын, тұлғалардың мінез-құлқын қалыптастыру процесі) -персоналды басқару жүйесін қалыптастыру (персоналды басқарудың мақсаттарын, функцияларын, ұйымдастырушылық құрылымын қалыптастыру, басқарушылық шешімдерді жасау, қабылдау және орындау процестерінде жетекшілер мен мамандардың тік және көлденең байланыстарын қалыптастыру); -персоналды басқару технологиясын жасау (персоналды жалдау, іріктеу, қабылдау, оның іскерлік бағасын, кәсіби бағыт беру және дағдылану, оқыту, оның іскерлік бағытын, кәсіби- қызметтік жоғарылауын басқару, еңбектің уәждемесін ұйымдастыру, келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерді басқару, ұйымның әлеуметтік дамуын қамтамасыз эту, персоналды жұмыстан босату, кәсіподақтар мен жұмыспен қамту қызметінің өзара әрекет этуі).