14 тақырып Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Міндеттер: 1) Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін маңыздылығын ашу; 2) Өнім сапасының бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы ролін меңгеру 3) Бәсекелестік қабілеттілікке ықпал ететін факторларды анықтау және жетілдіру
Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы. Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары запалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталлоды, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды. Сапа бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогресс қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары: 1.Экономикалық 1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар Жөндеуге кеткен қосымша шығындар Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен запалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары Экспорттың төмен үлесіне байланысты алтын бай қалған валюталық табыс Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары. 2.Әлеуметтік 2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі Халықтың тауэр жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық 3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспорты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындаллоды. Көрсеткіштердің келесі топтары бар. Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі) Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар). Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөнденегде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері өнім құрамында стандарты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды. Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер). Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды. Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін сипаттайды. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патент пен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды. Экологиялық көрсеткіштер өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алуштыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушты өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме денег сұраққа жауап берегу тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын аллоды, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды. Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды: Копт =Q(1) C мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа; Q – өнім сапасы; C - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру. Екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын реттеу.