Құқықтық тәрбие – қоғам талабы
Құқықтық тәрбие дегеніміз құқықтық білімдерді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениет пен қоғамның құқықтық мұраттарын бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беру жөніндегі мақсатты қызмет болып табылады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты – жекелеген адамның да, тұтастай қоғамның да құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалаптастыру.
Жеке тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру ісіндегі құқықтық тәрбие маңызының көрсеткіші Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ҚР мемлекеттік егемендігі қалыптасуының алғашқы жылдарында-ақ «Қазақстандағы оқушы жастардың құқықтық тәрбиесінің тұжырымдамасы» балды (Ел Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен бекітілген). Тұжырымдамада құқықтық тәрбиенің басты мақсаты ретінде «жоғары құқықтық бананы және заңдарды құрметтеу дәстүрлерін», «заңды каналы түрде құрметтеуді және оны өмірлік тәжірибеде белсенді пайдалана білуді» қалыптастыруды белгіледі.
Жоғары оқу орнындағы құқықтық тәрбиенің мақсаты таңдап алынған еңбек қызметіне даярлау үрдісінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және арнаулы құқықтық білімдерді беру ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның дүниетанымын, оның адамгершілік-құқықтық сапаларын, этап айтқанда: адамның жоғары азаматтылығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру болуға тиіс.
Конституция күніне арналған өз сөзінде Н.Ә. Назарбаев этап көрсеткеніндей: «Біздің ортақ парызымыз – негізгі заңға ұқыпты қарау, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей құрметтеу». Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР негізгі конституциялық құқықтарын және адам мен ҚР азаматының міндеттерін, әумесерлік мінез- құлық салдарынан жеке тұлғаның құқықтық жауапкершілігі мәселелерін зерделеуді көздейді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!