Тақырыбы: Көкөніс салат дайындаймыз
Білім беру салаты: Таным Оқу қызметі: Жаратылыстану Тақырыбы: «Көкөніс салат дайындаймыз». Мақсаты: Балалардың көкөністер туралы түсініктерін молайту, көкөністердің қасиеті жұмсақ, қатты, дөңгелек, тәтті, дәмді жайлы түсінігін жетілдіру, сөздік қорын молайту. Ойын есте сақтау қабілетін, дүниетанымын дамыту.
Шаттық шеңбері: Бақшамызға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе, міне мен, Доспын енді сенімен.
Өткен сабақты қайталап өту Жыл мезгілдерімен таныстыру Балалар: Күз. Тәрбиеші: Суретке қарап, күзде қандай өзгерістер болады кен? Балалар: Жапырақтар сарғайып, күн суета бастарды. Тәрбиеші: Жиі – жиі не жауады? Балалар: Жаңбыр жауады.
Тәрбиеші: Сонымен балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы « Көкөніс салатын дайындаймыз ». Балалар: Дастарханды жаямыз, Ыдыстарды қоямыз. Тағамдарды әкеліп, Дастарханға қоямыз.
Тәрбиеші: Ал, балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Біз оларға дәмді салат дайындап берейікші. Ол үшін бізге қияр керек, қиярдың түсі қандай кен? Балалар: Жасыл Тәрбиеші: Қиярдың пішіні қандай? Балалар: Сопақша Тәрбиеші: Оны майдалап тұраймыз. Одан соң балалар бізге қызанақ керек. Оның түсі қандай? Балалар: Қызыл Тәрбиеші: Ал пішіні қандай? Балалар: Домалақ
Тәрбиеші: Оны да майдалап тұраймыз. Сосын жақсылап араластырамыз. Балалар, біздің салатымыз дайын балды. Апайлар салатымыздың дәмін көрсін.
Сергіту сәті Күн болып жанайық Су болып ағайық Терең, терең дом алып Жүгіріп, жүгіріп алайық.
Тосын сәт Алдар көсе: Саламатсыздар ма балалар! Ой сендер де келіп қалыпсындар ғой. Менде өз бақшама келген едім. Қиярмен қызанағымнын өсіп жатқанын көруге келген едім.
Қасқыр: Алдар, сен не істеп жатсын? Алдар: Мен бақшамдағы қияр мен қызанақтарды жинауға келген едім. Қасқыр: А-а, Алдар маған да бересін ба? Алдар: Ия, беремін. Қасқыр: Маған қай жағын бересін? – Жердің үстіндегісін бе, әлде жердің астындағысы бересін бе, қай жағы дәмді? Алдар: Тамыры дәмді ғой.
Қасқыр: Жарайды хонда, тамары бокса, тамары болсын, мен таңертен келемін. Алдар: Балалар қасқыр келгенше маған жинауға көмектесіңдерші. Балалар шығып Алдарға терпуге көмек береді. Қасқыр келгенде тамырлары жатады. Қасқыр: Қап бәлем, алдар мені алдапты ғой. Алдар: Жоқ, Қасеке сені алдаған жоқпын. Өз еңбегімен еңбектеп жесін, дедім. Ендігі көктемде кел бірге егейік. Қасқыр: Жарайды, рахмет балалар сендерге. Алдар: Балалар мен сендерге алып келген ойынымыз бар. Оның шорты: Қызанақпен қиярды ажырату және себетке салу.
Тәрбиеші: Сендер жақсы ажырата білдіңдер, және ойнаймыз ба? Балалар: Ия Алдар: Екінші ойынымыз « Қалташаға салу ». Алдар: Жарайсыңдар балалар, сендерге көп – көп рахмет, жақсы ойнадық. Сол үшін мен сендерге сыйлық әкелдім. (Сыйлықтарды таратады) Енді біз кетейік, сау болыңдар! Тәрбиеші: Балалар, енді осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды. Сендерге ұнады ма? Балалар: Ия Тәрбиеші: Сау болыңыздар! Бәріне көп – көп рахмет!
Назарларыңызға үлкен рахмет!