Липидтер алу биотехнологиясы Группа: БТ Орындағандар: Тұтқышбаева М. Ильясова С. Тексерген: Сапарбаева Н. А.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Advertisements

Мамандық:ФПСиЕ Кафедра:Ұлттық спорт негіздері курс:1 Тақырыбы:Жасуша.Ұлпа Орындалу формасы:Презентация Орындаған:Мұратов Алмат Тимурұлы Тобы:1-6.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
СӨЖ Тақырыбы : Ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың, шырмауықтар мен жатаған өсімдіктердің жіктелуі Орындаған : Рамазанов Каусар Тобы : ЛД -411.
Жасуша құрылысы және құрамы. Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке.
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері Оқу мақсаты: - көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
§49 Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация..
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Айқас және өздігінен тозаңдану ОМ: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.
Сұйық беттердегі ерімейтін заттардың қабыршықтардың зерттеулері 4000 жыл бұрын Плиний мен Плутарх майдың толқындарды тыныштандырғыш әсерін байқаған
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Биохимия және химия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Витаминдердің биохимиясы.Дәрументәріздің заттар.Алиментарлы және екіншілік.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Жасуша теориясыЖасуша ашылуы Жасуша құрылысы және қызметі.
Ц ИТОЛОГИЯ Ц ИТОЛОГИЯ – КЛЕТКА ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ. Ц ИТОЛОГИЯ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН, ОЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН, ЖАСУША ІШІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІН,
Аналық тақша қайда орналасқан? Порталдар дегеніміз не? Аналық тақшада нелер орналасқан атап шығыңыз? Шинаның неше түрі бар? Сақтау құрылғысын атаңыз Алмасу.
КӨМІРСУЛАР Фотосинтездің реакциясы 00 МОНОСАХАРИДТЕР.
L/O/G/O PowerPoint Template Add your company slogan Сабақ тақырыбы: Фосфор және оның қосылыстары. Жалпы мақсат: Фосфор және оның қосылыстарының.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
Транксрипт:

Липидтер алу биотехнологиясы Группа: БТ Орындағандар: Тұтқышбаева М. Ильясова С. Тексерген: Сапарбаева Н. А.

Мазмұны Липидтер; Құрылысы; Қызметтері Түрлері Құрылыс қызметі Май – қоректік заты Майдың қорғаныштық қызметі Май – су көзі

Липидтер Липидтер (гр. λίπος, lípos май) барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы (–СООН, –ОН, –NH2) аймақтар болады. Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтаргр.

Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды. Триацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир. Күрделі липидтерге фосфолипидтер жатады. Фосфолипид биологиялық мембрананың негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Барлық жасуша мембранасы құрамына фосфодиацилглицерин кіреді. Ол күрделі эфир, молекуласы глицерин қалдығынан, май қышқылының екі қалдығынан, фосфор қышқылының қалдығынан және азотты негіздерден тұрады.

Стероидтар биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло- пентанофенантрен құрайды. Стероидтар сабындалмайтын липидтерге жатады, сілтілі гидролизде сабын түзілмейді. Олар жануарлар, өсімдіктер ұлпаларында және микроорганизмдерде кездеседі. Стероидтарға холестерин және олардың туындылары жатады.

Құрылысы Липидтерге майлар және май тәрізді заттар липоидтер жатады. Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді. Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы қасиет олардың молекулаларының полюссіздігінде (гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда: бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді. Липидтердің гидрофобты (грекше hydor су және phobos қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады.

Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады. Липидтердің ішінде көп таралғаны және ең негізгісі майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі болып келеді. Оның молекуласы үш атомды спирт глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұратындығы мынадай формулада бейнеленген:

Қызметтері Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б. Құрылымдық. Нәруызбен бірге жарғақша құрамына кіріп, оның жартылай өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Регуляторлық. Кейбір гормондар липидтік табиғатты болады.

Қорғаныштық. Жылуды сақтайды, ішкі мүшелерді қорғайды, тері астындағы май созылғыштықты қамтамасыз етеді. Жануарлар организмі үшін су көзі Энергияны депонирлеу. 1 г май ыдырауының нәтижесінде 39 кДж немесе 9,5 ккал энергия бөлінеді.

Түрлері Жай липидтер (бейтарап май және воск) Күрделі липидтер (фосфолипидтер, гликолипидтер, липопротеидтер) Стероидтар

Құрылыс қызметі Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруынша мүмкіндік береді. Ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық косылыстардың түзілуіне қатысады.

Липидтер энергия көзі Липидтердің ішіндегі табиғатта көп таралғанымайлар. Майлар организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 2530%-ын липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38,9 кДж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп.

Май қоректік қор заты Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т.б. мүшелерінде май қоры жинакталады. Жануарлар мен өсімдіктер осы әртүрлі мүшелерде жинақталған май корын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды, әсіресе май қорының қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.

Майдың қорғаныштық қызметі Май жылуды нашар өткізеді. Сондықтан жануарлар тері астындағы май қабатының есебінен дене температурасын тұрақты сақтайды. Мысалы, киттің тері астындағы май қабатының қалыңдығы 1 м-ге дейін жетеді, бұл оның солтүстік теңіздердегі суық суда үнемі тіршілік етуге бейімділігін арттыра түседі. Өсімдік түқымдарында майдың көп болуы жаңа дамып келе жатқан өсімдікке, оның тамыр жүйесінің бекініп, өзіне тиісті қызмет атқара бастағанша энергиямен қамтамасыз ету үшін қажет.

Май су көзі 1 кг май тотығып ыдырағанда, 1,1 кг су түзіледі. Мұндай суды метаболит су деп атайды. Қыста ұзақ ұйқыға кететін, сол сияқты сусыз шөлді жерлерде тіршілік ететін жануарлар (кейбір кемірушілер, бөкендер, түйелер және т.б.) организміндегі тотығып, ыдыраған майдың суын пайдаланады.

Назарларыңызға рахмет!