Педагогикалық әсер ету психологиясы. Орындаған: Мейрашов А.Қ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
Advertisements

Қ АЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘЛЕУМЕТТАНУ Орындаған:Қуанышбекұлы Н Группа:АжБ Тексерген:
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлуметтік - саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы : Әлуметтану тарихының негізгі бағыты. Дайындаған:
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
LOGO Диплом жұмысының тақырыбы: «Халықаралық менеджмент: даму перспективасы мен болашағы» («Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ мысалында)
Экономика негіздері. Экономика (гр. Οικονομία үй шаруашылығын жүргізу өнері) материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде.
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін.
§49 Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация..
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Сабақтың тақырыбы: «Cos х = а, Sin х = а, tg х = а, ctg x = a түріндегі қарапайым тригонометриялық теңдеулер.»
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары.
Топтың ережесі 1. Ойды қайталамау. 2. Сөзді бөлмеу. 3. Топта бірін-бірі тыңдау, сыйлау. 4. Сыпайы сөйлеу. 5. Заңдылықтарды есте сақтау Тотығу дәрежесі.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ Мұнай және газ факультеті.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Транксрипт:

Педагогикалық әсер ету психологиясы. Орындаған: Мейрашов А.Қ.

Мақсаты: Психологияның теориялық негізі. Әсер ету тиімділіктері. Бихевиоризм. Когнитивті психология. Гуманистік психология.

Педагогикалық психология- жалпы,жас ерекшелік,әлеуметтік психология,тұлға психологиясы,теориялық және пратикалық педагогикаға негізделінген білімнің дербес саласы.

Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дуние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.

Демокрит (б.э.д ж.) Сократ (б.з.д ж.)

Педагогикалық қызмет- әлеуметтік қызметтің түрін көрсетеді, үлкен буыннан кіші буынға өмірлік тәжірибесімен, мәдениетімен, жеке даму шартын әлеуметтік рөлдерде қоғамда жүзеге асырылуына бағытталған дайындық. Педагогикалық қызмет-мазмұны оқу, тәрбие, білім, оқушылардың дамуы болып саналатын кәсіптік қызметтің бір түрі. Бұл қызметті жүзеге асыратын тек педагог мамандар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдастырушы мекемелер, мекемелерді басқаратын, өндіруші және де басқа топтағы тұлғалар, бұқаралық ақпарат өкілдері болып табылады

Н.В.Кузьмин педагогикалық қызметінің 5 құрастырылған құрылымын көрсетеді: 1) педагогикалық әсерлі субъект; 2) педагогикалық әсерлі объект; 3) олардың біріккен қызметі; 4) оқудың мақсаты; 5) педагогикалық коммуникация құралы.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Арнайы ұйымдасқан, мақсатты және басқарылатын мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесу үрдісі. Оқыту Тәрбиелеу Білім беру Тұлғаны мақсатты және ұйымдасқан түрде қалыптастыру үрдісі. Оқыту үрдісінде адамзаттың жинақталған білім, білік, дағдыларын меңгерту, ойлау тәсілдерін дамыту жүйесі.

Педагогиканың зерттейтін негізгі проблемасы Педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесіннақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негзгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Ондай проблемалардың қатарына кіретіндер:

Педагогикалық психология дәстүрлі үш тараудың құрамында қарастырылады: оқыту психологиясы, тәрбие беру психологиясы, мұғалім психологиясы. Гипотеза белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал. Тәжірибе - адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен танымын дамытудың жалпыға бірдей негізі Бақылау зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді

Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет, Behaviorism)) - іс-әрекет дағдысының мәні мен адам психологиясындағы кызметін түсіндіру. Биховиоризм ілімі ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған психология ағымы. Олар еш негізсіз, нақты дәлелсіз психологиялық болжаулық теорияларға қарсы шығып, адамның іс-әрекет дағдысын тіке күзету және нақты өлшеу арқылы адам психологиясын анықтауға болады деп есептеді. Олар ішкі толғанысқа сенбеді, тәжірибелік нақты зерттеу әдіснамаларын ұсынды.ағылш.іс-әрекет Д. Уотсон ( ) Америкалық психолог,бихевиоризмнің негізін салушы

Когнитивизм – адам ақыл ойын, олармен байланысты ментальды процестерді зерттеу объектісі етіп алган ғалымдарға бағытталады. Американдық белгілі ғалым Н.Хомский: «Когнитивтік төңкеріс ақыл – ой мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивтік болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді» (Хомский, 1999) деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когницизм деп аталады.

Когнитивті психология дегеніміз - басқа да әлеуметтік ғылымдар зерттейтін түрлі мінез- құлық түрлерін түсіну үшін маңызды когнитивті психология түсінуге тырысатын адам ойының негізгі механизмдері.

Дж.Брунер 1915.ж америкалық ғалым когнитивті психологияның негізін қалаушы

Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт.психологияның А. Маслоу Америкалық ғалым,гуманистік психологияның негізін қалаушы

Гуманистік психологияның мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады : адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет; әрбір адам қайталанбас тұлға; адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;психологиялық ақиқат адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет; адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады; өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады; адам ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.интенциялы

Қолданылған әдебиеттер тізімі Аймауытов Ж. Психология – Алматы,1994 Алдамұратов Ә.Жалпы психология- Алматы, 1996 Алдамұратов Ә. Қызықты психология – Алматы, 1992 Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология – Алматы, 2005

Назарларыңызға рахмет!!