Сабақтың тақырыбы: Белоктар. Сабақтың мақсаты: а)оқушыларға белоктар,олардың құрамы,жіктелуі туралы түсіндіру,белок құрылымдарын сипаттау,сапалық реакцияларды.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жоспары: Белоктардың аминоқышқылдық құрамы. Онтогенез кезіндегі белоктың құрамының өзгеруі Тұқым қуалайтын аурулардағы организмде белоктың өзгеруі Гемоглобинопатия.
Advertisements

Белоктар Биология және химия пәнінің оқытушысы Бозбаева Г.О. Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері Оқу мақсаты: - көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру.
Топтың ережесі 1. Ойды қайталамау. 2. Сөзді бөлмеу. 3. Топта бірін-бірі тыңдау, сыйлау. 4. Сыпайы сөйлеу. 5. Заңдылықтарды есте сақтау Тотығу дәрежесі.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Бағалау кестесі Оқушының аты – жөні Тапсырмалар Білу Алмаға жасырынған сұрақтар /1 ұпай/ Түсіну Постер қорғау /5 ұпай/ Қолдану Программа құру /5 ұпай/
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Сабақтың тақырыбы : Пәні: Алгебра Сыныбы: 9 Пән мұғалімі: Нургалиева Ж.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
§49 Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация..
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1 В Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін.
i А[i] Жиымға кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді. Олардың саны сипаттау бөлімінде анықталады да,
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
Липидтер алу биотехнологиясы Группа: БТ Орындағандар: Тұтқышбаева М. Ильясова С. Тексерген: Сапарбаева Н. А.
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтер атомдарының жай заттары мен қосылыстары қасиеттерінің өзгеруі Химиялық элементтің кездесу.
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс 13. «Сапалық, мәтінді және эксперименттік есептер шығару»
1 Араша. Аққу,Шор тан һәм Шаян. Ара мен Шыбын. Арыстан мен Тышқан. Мақсаты: Мысал туралы түсінік қалыптастыру.Шығарманың мағынасын ашу,ой-тұжырым жасауға.
Транксрипт:

Сабақтың тақырыбы: Белоктар

Сабақтың мақсаты: а)оқушыларға белоктар,олардың құрамы,жіктелуі туралы түсіндіру,белок құрылымдарын сипаттау,сапалық реакцияларды жасай отырып,білімдерін тереңдету. а)белок синтезінің проблемалары мен жетістіктерін айта отырып,биология пәнімен байланыстыру,сабақта өз ойларын жинақтап айта білуге үйрету. б)топпен,жеке жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар,сұрақтар топтамасы, «Блум түймедағы» әдісі, миға шабуыл. Күтілетін нәтиже::оқушылар белоктардың атқаратын қызметін, жіктелуін,құрамын,амин қышқылдарының формуласын, денатурация процесін,белок синтезінің маңызын біледі. Қолданылатын модульдар:СТО,оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері,оқыту үшін бағалау,ОЖЕ сәйкес оқыту, АКТ,дарынды және талантты оқуш.оқыту. Ресурстар:химиялық реактивтер,ыдыстар,флипчарт,түрлі- түсті қағаздар,желі мәліметтері,сұрақтар топтамасы, оқулық,кері байланыс парақтары.

1.Ұйымдастыру,топқа бөлу. 2.Миға шабуыл арқылы өтілген тақырыппен бүгінгі тақырыпты байланыстыра отырып,жаңа сабақты түсіндіру. 3. «Блум түймедағы» әдісі бойынша тақырып бойынша әртүрлі тапсырмалар орындау,сұрақтарға жауап беру. 4.Тапсырмалардың орындауын қорытындылау,топтар өзара баға қояды. 5.Критериалды бағалау. 6.Кері байланыс,үйге тапсырма беру. Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасына «Белоктардың организмде атқаратын қызметі,α-амин қышқылдарының формулалары,пептидтік байланыстың түзілуі» тақырыбы бойынша оқушылардан «Блиц-турнир» әдісі арқылы тез-тез сұрауларға жауап береді.Жауап берген оқушыларға «смайликтер» беріледі.

Миға шабуыл арқылы үй тапсырмасын еске түсіре отырып,жаңа сабақты түсіндіру. Тақырыбы:Белоктар. Белок молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Белок организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Белокты зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.аминқышқылдарынанорганикалық затазоты Белоктардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.денатурация Белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар. Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, 100 г белок қабылдауы керек. Азықпен түскен белок әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды. [1]асқазан [1] Белок тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Фридрих Энгельстің пікір бойынша: «Тіршілік белок заттарының өмір сүру формасы».Фридрих Энгельс

Белоктардың құрылысы өте күрделі. Белок молекуласы құрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп бөліп қарастырады. Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірініші реттік құрылым анықтайды. Белокты құрайтын жүздеген, мыңдаған, миллиондаған а-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік байланыс ( CO NH ) арқылы жалғасады Ақуыздық оралма тектес молекуласы биологиялық процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік байланыс, SS дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара байланысады да, өте күрделі үшінші реттік құрылым түзіледі. Бұл кезде оралма құндақталып, шумаққа айналады Белок молекуласы тек қана бір полипептидік тізбектен тұрса, оның құрылымдары бірінші, екінші және үшінші реттік болады. Ал белок молекуласы екі және одан да көп полипепидік тізбектен құралса, онда төртінші реттік құрылым түзіледі. Төртінші реттік құрылым кейбір белоктарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі. Мысалы, гемоглобин құрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін төрт полипетидтік тізбектен және құрамында темір атомы бар белокты емес бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек осы құрылымда ғана оттекті тасымалдай алады.

Пептидтік байланыс

Химиялы қ қ асиеттері Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, белоктардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әртүрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтары бар. Белоктар екідайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей (изоэлектрлік нүкте деп аталады) болады. Бұл белоктардың маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл нүктеде белоктар электрбейтарап болып, суда еруі азаяды. Олардың осы қасиеті технологияда белокты өнімдер алуға қолданылады. Белоктар гидролизі. Сілті немесе қышқыл ерітінділерін қосып қыздырғанда, белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді:. Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады. а) Ксантопротеинреакциясымен (грек. ксанты сары) құрамында бензол ядросы бар белоктар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді. ә) Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белоктардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды. б) Құрамында күкірті бар белоктарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі. [1] [1]

Биуреттік реакция

ги Белоктардық гидролиз реакциясы

Денатурацияға ұшыраған белок өзінің биологиялық функциясын атқара алмайды (denatuze табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден ақуыз денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин ақуызының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де белоктардың денатурациялануы жатады.альбуминказеин Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, белоктардың нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір белоктар, мысалы, тауық жұмыртқасының ақуызы суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді. Ақуыздар ерігенде, басқа да ЖМҚ сияқты коллоидты ерітінділер түзеді. Ақуыздарға спиртті немесе формалинді қосқанда, ақуыздар қайтымсыз ұйиды, сондықтан бұл заттарды биологиялық препараттарды сақтауға қолданады. [1] [1]

А қ уыздарды ң организмдегі ө згерісі Ақуыздар аса маңызды тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді. Аминқышқылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы аминқышқылдары организмде қор болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән ақуызын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі ақуыз емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады. Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С0 2, Н 2 0, т.б.) дейін ыдырап, энергия бөледі.

Инсулиннің құрылымы

Белоктың гидролиз реакцияларын қолдану

Сұрақ-ұпай 1-10 ұпай 2-20 ұпай 3-30 ұпай 4-40 ұпай 5-50 ұпай 6-60 ұпай

10 ұпай Белоктар дегеніміз не және олар қандай қызмет атқарады, қалай жіктеледі?

20 ұпай Белок молекуласының құрылымы бойынша І,ІІ,ІІІ,ІV реттік құрылымдарын салыстыра отырып,сипаттама беріңдер.

30 ұпай Неге белоктар денатурацияға ұшырайды және түсіндір, полипептидтік тізбектердің бір- бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуіне қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

40 ұпай Белоктардың көмірсулар мен майлардан айырмашылығы және олар организмде қандай өзгеріске ұшырайды?

50 ұпай Белоктардың сапалық реакциялары бойынша эксперимент жасаңдар және түзілген тұнбаларды түсіндіріңдер, гидролиз реакциясын жазып көрсетіңдер.

60 ұпай Қазіргі кездегі белок синтезінің проблемасын айтыңдар және жетістіктерін айта отырып,белоктар туралы қорытынды жасаңдар.

Оқушыларды бағалау және кері байланыс.

Үйге тапсырма:Белоктар.