Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді: * ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы; * рактикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
Қайырымдылық қағидаты: Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!
Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты.
Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс. Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
Этика мен мораль – қоғамдағы адамдардың мінез – құлқын, олардың бір-біріне және қоғамдық құндылыққа деген қарым – қатынасын реттейтін ережелерге қажеттіліктен туған қоғамдық сананың формасы болып табылады. Медициналық этика біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын қолданылып келеді. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі «Гиппократ анты», ол 2400 жыл бойы әйгілі. «Гиппократ анты» - негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін сөздері өзекті болып тұр:
Медициналық этиканың бір бөлігі – деонтология. Деонтология грек тілінен аударғанда - «тиісті» деген мағынаны білдіреді. Деонтология– басқа салаларға қарағанда, медицина мен тәжірибелік денсаулық сақтау саласына өте тән қажетті ғылым. Медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек науқасты емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.
Деонтология мен этиканың принциптерін қолайлы іске асыру үшін мынандай жағдайлар қажет: парыз сезімі, өз мамандығына бейімділігі мен білімін үнемі жетілдіру, медициналық қызметкер сырқат сеніміне кіріп, ауруынан жазылатындығына иландыру. Гиппократ: «Не істеу керек болса да бәрін байсалды және шебер істей біл... Реті келгенде сырқатты көңіл аулағыш орынды сөздермен, достық пейілмен мақұлдау керек. Қажетті жағдайда оның орынсыз талабын қатал да, орнықты түрде ысырып, ал кей кезде оған сүйіспеншілік білдіріп, басу айту керек» деген. Науқасты емдеуде сөздің ролі әрдайым жоғары, кей кезде сырқат көзінше медициналық қызметкерлер көбірек сөйлеп қояды. Ол ятрогенияға әкеліп соқтырады. Науқасқа әр түрлі психикалық сөз әсерлерінен болатын жағдай эгротогения деп аталады.
Ятрогенді ауру – медицина қызметкерінің сөзінен, ісінен пайда болатын ауру. Ол медициналық қызметкерлердің теріс түсіндірген сөзінен немесе мінез - құлқынан шығады. Кіші мейіркеш немесе техникалық қызметкерлердің сырқатқа зерттеу нәтижесін қате болжап, айтып берген жағдайда да кездеседі. Сөз науқасты емдеп қана қоймайды, оны жаралауы да мүмкін екендігін мейірбике жанында ұстап, науқас көзінше түсініксіз терминдерді айтпауға тырысу керек. Ятрогенді аурулардың себептеріне: жалпы және медициналық мәдениетінің жетіспейтіндігі, асығысты, науқастың ыңғайсыз диагнозын болжау, зерттеу нәтижесін дұрыс түсіндірмеу жатады. Кез келген ауру жағдайында мейірбике науқастың психикасын бұзбауға тиіс. Науқастар ауруханаға түсіп, өздерінің қасына адамдар жинайды, «дәрігерден» артықпыз деп ойлайды, басқа науқастарға агрессивті түрде өздерінше оңды-солды кеңестер, нұсқаулар береді, өздерінің тыңдаушыларын депрессияға, толқуға ұшыратады. Мейірбике мен дәрігер осы сырқаттарға ерекше көңіл аударып, түсіндіру жүмысын ж.ргізгенде терең білім мен ақылды қолдану қажет. Науқасқа дәрі-дәрмектерден гөрі, Сіздің түсінушілігіңіз, моральдық қолдауыңыз керек. Ал науқастың өзіне әсері /жақсы, жаман ойлауы / эгогения деп аталады. Эго дегеніміз : - ішкі мәдениеттің ережелерін сақтау, тәртіпті сақтау, қоғамдық жағдайларға үнемділікпен қарау, татулық, әріптестік сезім; - сыртқы мәдениет ережелерін, тәртіпті сақтау, сыпайлық, әдептілік, жақсы сөз, сәйкес келетін киім /сыртқы жинақылық, денесінің, киімінің, аяқ киімінің тазалығын сақтау т.б./
Субординация –қызметіне қарай бір-біріне бағыну. Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігерге қарағанда мейірбикелер жұмыс кезінде көп уақытын науқастармен өткізеді. Мейірбикелер науқастың көңіл –күйін, қорқыныш- уайымын, жасалып жатқан емнің түрлерін жақсы біледі. Емнің ең басты мақсаты – дәрігердің, мейірбикенің, науқастардың сеніміне кіруі мен олардың талабына сай келуі.