Тақырыбы: Диод және оның түрлері
Диод екі электроды, электр тогыны ң ба ғ ытына байланысты ә р-т ү рлі ө тімділігі бар электронды аспап.
Түзеткіш диод айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіруге арналған аспап. р-n өткелдің бір жақты өткізгіштік қасиеті пайдаланылады. Негізгі заряд тасушылардың концентрациясы жоғары электрод эмиттер (Э), ал негізгі заряд тасушылардың концентрациясы аз электрод – база (Б) деп аталлоды.
Шоттки диод Шалаөткізгіш диод (орыс. Полупроводниковый диод) бір электронды-кемтікті өткелі (р n өткелі) немесе Шоттки өткелі (металл-шалаөткізгіш түйіспесі) бар екі электроды шалаөткізгіш аспап. Көбіне өткелдің бір жақты өткізгіштігі пайдаланылады және шалаөткізгіш диод тұрақты ток немесе төменгі жиілікті айнымалы тізбегіндегі әрекеті оның вольт-амперлік сипаттамасы бойынша анықталлоды. р n өткелінің тесіліп-ойылуына байланысты құбылыстар негізінде стабилитрон дар, ағынды-үшпалы-диодтар жұмыс істейді. Варикаптың жұмысы негізінде р n өткелінің тосқауылдық сыйымдылығы пайдаланылады. Концентрациясы жоғары шалаөткізгіштегі р- n өткелінде пайда болатын туннельдік эффект, туннельдік және қайтарылған диодтарда қолданылады. Конструкциясы жагынан Шалаөткізгіш диодтың негізгі екі чтобы бар: жалпақ және нүк телік. Жасалу технологиясы бойынша диодтар балқыма, диффузиялық, планарлық және т.б. болып белінеді
Фотодиод Фотодиод жұмыс істеу қағидасы ішкі фотоэффектіге негізделген, р-п өткелінен тұратын және екі шықпасы бар фотоэлемент. Фотодиод екі режімде жұмыс істей аллоды: сыртқы кернеу қосылмаған фотогальваникалық және оған кері кернеу қосылған фотодиодтық күйде. Фотодиод автоматика жүйелері мен басқа техника қондырғыларында, индикаторлық құрылғыларда, электр қозғаушы күші ретінде жарық ақпаратын электрлікке түрлендіру үшін қолданылады
Стабилитрон Стабилитрон (лат. stabilis - орнықты, тұрақты) өзі арқылы өтетін электр тогы өзгергенде (белгілі шектерде) оған түсетін кернеу іс жүзінде тұрақты болып қалатын екі электроды газоразрядты немесе шалаөткізгіш аспап. Газоразрядты стабилитронның іс-әрекеті қалыпты солғын немесе тәжді разрядты пайдалануға негізделген. Газдық разрядтың осы түрлерінің ерекшелігі олардың вольт-амперлік сипаттамаларында разряд тар арасындағы кернеудің тіптен өзгермейтін бөлігінің болуында.
Варикап
Қарымта диод Қарымта диод (Обращенный диод) туннельдік эффект салдарынан кері кернеудегі өткізгіштік тура кернеудегі өткізгіштікке қарағанда әлдеқайда үлкен шалаөткізгішті диод. Туннельдік диод тан максималды тоғының төменгі мәндерімен (-100 мкА) ерекшеленеді. Қарымта диодтың өзгешеленген шалаөткізгіштер негізінде жасайды (әдетте, Ge немесе GaAs-тен)