Лекция Биологиялық активті нүктелер функциясының тәуліктік ырғақталығы
Мақсаты: 1. Жалпы активтіліктің тәуліктік ырғақтылығы 2. Адамның хронотипіне тән жұмысқа қабілеттілік ырғақтары
Жалпы активтіліктің тәуліктік ырғақтылығы Адам активтілігінің ырғақтылығы ұйқы мен сергектіктің мезгілді ауысып келіп отыруымен байланысты. Геофизикалық «уақыт датчиктерінің» реттеушілік әсерлерімен байланысты ұйқы-сергектік ырғақтылығы организмнің түрлі жүйелерінің функциональды активтілігінің ішкі циркадиандық ырғақтылығын ішкі үйлестірудің негізі болып есептеледі. Егер сыртқы ортаның мезгілді ауытқулары жануарлар үшін тәуліктік биоырғақтылық әрекетінің басты синхронизаторы болып табылса, адамдардағы тәуліктік ырғақтылық әрекетінің синхронизаторлық факторы на әлеуметтік мезгілдік құбылыстар, оның ішінде өндіріс және тынығу тәртіптері жатады.
Адам активтілігінің тәуліктік ырғақтылығы оның еңбек қабілетінің тәуліктік ырғақтылығымен тығыз байланысты және ол оның өндірістегі активті әрекетін бейнелейді. Көптеген зерттеулер адамдардың физикалық және психологиялық жұмыс қабілетінің күндіз жоғарылап, түнде күрт төмендейтіні жөнінде жалпы тұжырымға келген.
Адамның хронотипіне тән жұмысқа қабілеттілік ырғақтары Адамның жұмыс қабілеті мен еңбек өнімділігі танартеңнен кешкі сағаттарға тамань төмендеп, одна әрі күрделене түсетіндігі белгілі балды. 24 сағат бойы төсекте жатқан сау адамның барлық қозғалыс әрекеттерін актографтың көмегімен тіркеген. Нәтижесінде оның барлық тәуліктік активтілігі «аздаған қозғалыс» мезгілі мен жалпы қозғалыс әрекетінің төмендегенінен тұрған. Көптеген тексерілушілердің қозғалыс мезгілдерінің ең ұзақ кезеңі 9-12 және сағатқа, ал түске жақын сағат 12-ден 15-ке дейінгі аралыққа сәйкес келген, ал активтілігі 21 сағаттан кейін төмендеп кеткен.
Түрлі контингенттегі адамдарды тексергенде олардың тәулік бойғы әрекеттерінен де осы тәрізді бір типті өзгерістерді айткен. Күндізгі жұмыс активтілік таңартеңгілік жасалу фазасынан басталып, бір сағатқа дейін созылады, одна әрі еңбек қабілеті танартеңгі сағат 9 бен 11 арасында сәйкес калетіндей болып күрт өзгереді. Осы уақыттан бастап еңбек активтілігі біртіндеп төмендей кале, минимумға жетеді. Бұл мезгіл түскі тамақтану уақытымен дәлме-дәл каледі. Сағат 14-тен кейін «түскі тамақтану» минимумы еңбек қабілетінің жаңа көтерілуімен алмасып, сағат ға дейін созылады. Одан әрі еңбек активтілігі төмендей кале, түнгі сағат 3-те абсолюттік минимумды көрсетеді, одна әрі адамның енбек әрекетінің таңғы көтерілісімен жалғасу үшін қайтадан көтеріле бастарды. Мұндай күрделі ырғақтылық психикалық активтілікке тән.
Сонымен бірге мезгілдік ырғақтылыққа байланысты да актитвті нүктелердің ырғақтылықтары өзгеріп отрады
Адам активтілігінің тәуліктік өзгерістерін зерттеу жоғарыда аталған динамиканың жалпы заңдылықтарын ғана көрсетеді, дегенмен көптеген адамдардың еңбек қабілеттілігі бұл заңға толықтай бағынбайтындығы белгілі. К.М.Смирновтың көрсетуі бойынша, тексерілушілердің 60-70% ғана түнгі кездерде жұмыс кабілеттерін төмендеткен. Ал калғандарында айтарлықтай өзгерістер байқалмаған. Тәулік бойына оптимальды жұмыс қабілетінің уақыт бойынша пайда болуы негізінде адамдарды үш топке бөлуге болады. Бірінші топке жататын адамдар үшін таңартеңгілік арте, жеңіл ояну құбылыстары тән, мұндай адамдар таңартеңгі жұмысқа тез кірісіп кетеді, олардың ең жоғарғы жұмыс қабілеті тәуліктің бірінші жартысында байқалады, ал түстен кейін еңбекке активтілігі төмендей кале, кешкі-түнгі мезгілдерде минимумға жетеді. Бұлар -таңартеңгілік уақыттық типті адамдар немесе хронотиптілер («қараторғай»).
Екіншісі, кешкі «хронотипті» адамдар, керісінше, арте оянғанымен, әзер тұрады, бірақ атқарар жұмысын кейінге қалдыра береді; олардың пайдалы жұмыс қабілеті күннің екінші жартысында барып қалыптасады. Мұндай екі биоырғақтылық типтегі адамдар эволюцияның туындысы және универсальдық бейімдеушілік маңызы зорь. Таңартеңгілік және кешкі хронотипті адамдардың жұмысқа қабілеттілік айырмашылықтары эмоциональдық ширығу кезінде рельефті түрде байқалады. Тренажермен жаттыққан кезде таңартеңгі сағаттарда «үкілер», «қараторғайларға» қарағанда 1,5 есеге дейін көп қателіктер жіберген; ал кешкілік бұл қатынастар керісінше болған.
Адамдардың қандай да бір хронотопке жатуларының өзі оларда із қалдырып, тәуліктің түрлі мезгілдерінде зақымға ұшырауларына ықшамдайды. Талдаулар таңғы хронотопке жататын адамдардың 83,5% сағат 12-ден, ал кешкіге жататындары сағат 6-дан 12-ге дейін тұрмыстық зақым алатындығын көрсетті. Әр түрлі биоырғақтылық профилі тәулік бойғы жұмыс қабілетінің динамика сына әсер етіп қоймай, адамның денсаулық жағдайын да анықтайды. Кешкі хронотиптілерге циркадианды жүйелердің серпімділік қасиеті тән. «Үкілер» қоршаған орта әлеуметтік жағдайлардың көптеген қолайсыз әсерлерін жеңіл көтереді. Бұл айырмашылықтар кейбір аурудың бары сына әсер етеді, мысалы, гипертония ауруы таңғы хронотиптегілердің 48,6%-да байқалып, кешкілерінің 29,4% ғана қамтыған.
ҚОРЫТЫНДЫ Адамдардың қандай да бір хронотопке жатуларының өзі оларда із қалдырып, тәуліктің түрлі мезгілдерінде зақымға ұшырауларына ықшамдайды. Талдаулар таңғы хронотопке жататын адамдардың 83,5% сағат 12-ден, ал кешкіге жататындары сағат 6-дан 12-ге дейін тұрмыстық зақым алатындығын көрсетті. Әр түрлі биоырғақтылық профилі тәулік бойғы жұмыс қабілетінің динамика сына әсер етіп қоймай, адамның денсаулық жағдайын да анықтайды. Кешкі хронотиптілерге циркадианды жүйелердің серпімділік қасиеті тән. «Үкілер» қоршаған орта әлеуметтік жағдайлардың көптеген қолайсыз әсерлерін жеңіл көтереді. Бұл айырмашылықтар кейбір аурудың бары сына әсер етеді, мысалы, гипертония ауруы таңғы хронотиптегілердің 48,6%-да байқалып, кешкілерінің 29,4% ғана қамтыған.