{ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Фармацевтикалық пәндер және химия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Сіңіру. Биологиялық белсенді қосылыстардың иондалу және липофильділік мәселелері. Қарағанды 2017 Орындаған: Алибай А.,Казбекова А.,Бердіш В.,Абдисадикова Л ОМ Тексерген: Кокжалова Б.З.
1. Сіңіру 1. Сіңіру 2. Иондалу 2. Иондалу 3. Липофильділік 3. Липофильділік Жоспары
Дәрілік заттарды емдік немесе профилактикалық мақсатта пайдалану оларды ағзаға жіберуден немесе дененің беткейіне жағудан басталады. Жекеленген жағдайларда жіберу әдісі заттың әсер ету сипатын анықтайды. Дәріні ағзаға жіберу әдісі 2-ге бөлінеді: энтеральдық парентеральдық Сіңіру
Дәрілік зат жіберу әдістері Энетарльдық Пероральдық Сублингвальдық Ректальдық Парэнтеральдық Инъекциялар Ингаляция Трансдермалық
Сіңіру адам ағзасының кез келген жерінен, бірақ, асқазан-ішек жолынан, өкпеден, кілегейлі қабықшаның беткейінен белсенді түрде орындалады. Себебі, бірден қанға түскен дәріліу зат кедергіге ұшырамай сіңіріледі, ал ас қорыту жолы арқылы өтетін болса, онда бауыр тосқауылы әсерінен дәрілік зат толық сіңірілмей қалады. Дәрілік заттың сіңірілуі оның ағзаға жіберілу әдісіне, дәрілік формаға, физикалы- химиялық қасиеттерге, жіберілу орнындағы қан ағымының жылдамдығына тәуелді болады.
Дәрілік заттардың мембрана арқылы жасушаға өтуінің немесе тасымалдануының бірнеше түрі бар: Белсенді емес (пассивті) тасымалдану Белсенді (активті) транспорт Пиноцитоз
Белсенді емес (пассивті) тасымалдану – су, иондар, кейбір төмен молекулалық қосылыстар жасушаның екі жағындағы концентрациялар градиентіне байланысты еркін қозғалады және оларды теңестіреді. Липофильдік заттар (негізінен полюссіз) тез сіңіріледі. Заттың липофильділігі жоғары болған сайын, олардың жасуша мембранасы арқылы өтуі жеңіл орындалады.
Диффузия – молекулалар мен иондардың концентрациясы жоғары ортадан концентрациясы төмен ортаға қарай өз бетінше қозғалуы. Жеңілдетілген диффузия - тасымалдаудың бұл түрі мембранадағы арнаулы ақуыздар тасымалдағыштар арқылы іске асады. Олар мем брана арқылы табиғаты гидрофильді болатын, өз беттерінше мембрана арқылы өтуі өте төмен заттарды тасымалдайды. Мұднай тасымалдағыштар мембрана қабаты арқы лы кейбір аминқышқылдарын, көмірсуларды, пурин дік және пиримидтік негіздерді, нуклезоидтарды тасымалдайды.
Осмос – жартылай өткізгіш мембрана арқылы орындалатын, еріген заттың концентрациясы жоғары жаққа қарай бағытталатын су диффузиясының ерекше түрі. Осмостың әсерінен жасуша ішінде осмос қысымы пайда болады. Осмосқа қатысты орталар: Гипотоникалық – жасуша жарылады. Гипертоникалық – жасуша сусызданады. Изотоникалық – теңдік орнайды. Дәрілік заттарды изотоникалық қысымда жасайды.
Фильтрация – судың және онда еріген заттардың жасуша мембранасы арқылы осмос қысымының әсеріне қарсы бағытта қозғалуы. Процесс иондық арналар деп аталатын мембрана жасушаларының саңылаулары арқылы орындалады. Иондық арна – жасушаның сыртқы ортамен иондар (K +, Na +, H +, Ca 2+, Clˉ) алмасуы, сол сияқты су алмасуы үшін мембранада саңылау түзетін және өзінің өткізгіштігін өзгертуге қабылетті болатын интегралдық белок.
Белсенді транспорт – заттар концентрациясы аз ортадан концентрациясы көп ортаға қарай, яғни градиентке қарсы бағытт а тасымалданады, әрине мұндай тасымалдануға э нергия қажет. Осы мақсаттағы энергия көзі болы п аденозин трифосфат қышқылы молекуласыны ң (АТФ) ыдырау кезінде бөлінетін энергиясы қолданылады.
Пиноцитоз – жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған ортадан сұйық затты немесе ерітіндіні нәзік- микроскопиялық мөлшердегі көпіршіктер түрінде жұту процесі. Медицинада сирек кездеседі.
Электрлік бейтарап атомдар мен молекулалардың оң және теріс зарядталған иондарға айналу процесі; химиялық әрекеттесу барысында, заттарды қыздырған жағдайда, күшті электр өрістері, жарық сәулелері немесе басқа да сәулелер әсерінен жүзеге асуы мүмкін. Заттар өздерінің үш түрлі жағдайында да, яғни қатты, сұйық және газ күйінде иондана алады. Заттардың иондану дәрежесі олардың табиғатына, температурасына, сәулелер түріндегі энергия мөлшеріне т. б. жайттарға байланысты. Иондалу
Электролиттік диссоциация теориясы (С. Аррениус, 1887ж.) 1. Электролиттер суда ерігенде (н/е балқығанда) » зарядталған иондарға (электролиттік диссоциация, ионизация) ыдырайды: CaCl 2 Ca Cl - 2. Электр тогының әсерінен катиондар (+) катодқа (-), аниондар (-) анодқа (+) бағытталады. 3. Электролиттік диссоциация – қайтымды процесс. 4. Электролиттік диссоциация дәрежесі – ерітіндідегі иондарға ыдыраған молекулалар санының (n) жалпы молекулалар санына (N) қатынасы: α = n / N 0 < α < 1 Әлсіз көп негізді қышқылдар мен көп қышқылды негіздердің диссоциациясы сатылы түрде орындалады, соған сәйкес әр сатының өз диссоциациялану константасы болады.
Диссоциациялану константасы заттың иондарға ыдырау қабылетін сипаттайды: K D жоғары болса, иондардың ерітіндідегі концентрациясы жоғары. Диссоциациялану константасын пайдалану қолайлы болу үшін электролиттердің қышқылдылығы мен негізділігі рК шамасымен сипатталады: рК = - lgK Заттардың иондарға ыдырау дәрежесі жоғары болған сайын, К мәні жоғары және рК мәні төмен болады.
Заттың органикалық қосылыстарға химиялық ұмтылуын көрсететін қасиеті, гидрофобтылықтың синонимі. Құрылымдары ұқсас заттардың қатарында биологиялық белсенділік туындау үшін липофильділік қарапайым теңдеуден шығатын белгілі оптимумға жауап беретіндігі анықталған: С – препараттың стандартты биологиялық реакция туындататын концентрациясы; Р – препараттың майлы және сулы фазалардың арасында таралу коэффициенті; k, k1, k2 – константалар. Липофильділік
Егер зат иондалса, ол онда липидтік қабаттан өте алмайды және липидтерге бай мүшелер мен ұлпаларда (ми, жүйке жасушалары) салмақты концентрация туындата алмайды. Сонымен қатар, жоғары липофильді заттар жасуша мембраналарының липидтік қабаттарында жиналатын болады, майлы ұлпада «қор» жасайды және олар да мақсаттарына тез жете алмайды. қосылыстың липофильділігін диссоциацияға қабылетті функционалдық топтарды енгізу арқылы өзгертуге болады. Егер осындай топтар болатын болса, онда рК-ны модификациялау немесе молекуланың құрылымына қолайлы π шамалы фрагменттерді енгізу арқылы қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады.