Орындағандар : Қыздарбекова А. С Хайрулла А Тексерген : Елеусізова А. Т
Аурудың қоздырғышы : Fusobacterium necrophorum. Тұқымдасы : Bacteroideceae Туысы : Fusobacterium Бұл қоздырғышты алғаш 1884 жилы Р. Кох ашқан, ал Леффлер 1884 жилы оны жазып сипаттаған.
Некробактериоз – терінің, оның астындағы ұлпаларды, ауыз және асқазан каналының кілегейлі қабықтары өлі еттенетін жануарлар мен құстардың созылмалы ауруы. Көбіне ауру энзоотия түрінде қойда, жылқыда, бұғыда негізінен аяқтарының төменгі жағын зақымдайды.
Қой некробациллезі - тұяқтардың жұқпалы қабынуы, аяқ шіруі, шірік ақсақтық, панарицум ( күбіртке ) қойдың тұяқша дерті. Дерт тұяқ аралық саңылауда, тұяқ көбесінде, май та банда, ұлтанда орнығады, бақайшақтар, сіңірлер, тарамыстар және сүйектер некрозы тудыруы мүмкін. Ауру жас уақытында кездеседі. Төл, құйрықты және асылдандырылған қойлар көбірек ауырады. Шығу себептері. Аяқ терісінің жидуі, жарақаттану, эрозиялар, соғып жарақаттау, тұяқтардың нашар күтімі. Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі бірнеше күн. Алдымен ақсақтық бір аяғынан басталады. Тұяқ аралық саңылауда бақайының ашабында ( қызару, ыстық ауырсынатын инфильтрат, шоғыр ), сонин соң шұбалаңқы ірің шығатын утты жаралар пайда болады. Кейін олар қабыршақтанады және сүйектерді қамтиды. Кейде тез қотыр ( парша ) еріндерде болуы мүмкін - мұндайда қызару, утты жаралар, қабыршақтар байқалады, мұрын қанаттары зақымдалады. Кейде ерні мен мұрны қатар түсіп қалады. Ауыз ішінің зақымдалуында - утты жаралар үсті ірімтіктелген бозамықпен жабылған, жалақтанып қызару, көпіршіктер, сілекей ағу байқалады, сілекей желімді, сасық иісті. Ішкі ағзалардың зақымдалуы метастаздардан шығады.
Жылқының некробактериоз кезіндегі артқы аяқтарының жарақаты. Жылқы некробациллезі - гангернозды дерматиттің бір түрі - гангренозды күс болып өтеді, қолайлы жағдайларда 2 айдың ішінде сауығумен тынады. Гангренозды түрі үдеп ілгері дамыған кезінде өкпеге сирегірек бауырға, талаққа, жүрекке метастаз дан берілуі байқалады. Қолайлы жағдайларда жылқы сауығып кетеді.
Шошқа некробациллезі - торайларды көптеп өлім - жітімге ұшырататын некрозды ауыз уылуы ( стоматит ) байқалады. Әсіресе тіс жарған кезде емшектегі торайлар ауырады (35 күннен 4 айға дейінгі жастағы ). Клиникалық белгілері. Іш өту, жөтел, тілдің еріннің кілегейлі қабықтарында, көмекей бездерінде утты жаралар, қабыршақтар ал олардың астында құрғақ сарғыш эксудат, ыдыраған ұлпа болады. Некрозды ринит - мұрын қуыстарының алғашқы зақымдалуы. Некрозды энтерит - ішектің зақымдануы, өлексені жарып сойғанда анықталады. Некрозды дерматит тері және оның шелінің абцесстері көбірек жағдайда зілсіз.
Некробактериоз кезіндегі ірі қара малдың тұяғының жарақаты Ірі қара некробациллезі - ауыз ішінің өлі еттеніп зақымдалуы. Бұзау күлі мұнымен пересек мазда ауырады. Өлім – жітім жиі болады. Себептері : организмнің әлсіреуі, нашар күтім, тіс жару. Клиникалық белгілері : жасырын белгілері бірнеше күн. Сарғыш түсті іріңді жентектелген ағулар танауларынан шығады, іші өтеді. Ұзақтығы 4-21 күн. Ересек малдың аяқтары зақымдалады, желінде және дененің әр түрлі бөлшектерінде шелдегі абцесстер пайда болады.
Бұғы некробациллезі. Тұяқ ауруы, жиі жағдайда бұзаулары көбірек бейім. Ауру қар ерігеннен кейін басталады. Некрозға тері және ауыздың, ішектің кілегейлі қабықтары, ішкі ағзаларшалдығуы мүмкін. Аурудың барсы негізінен созылмалы, жіті түрінде өлім - жітім сирек болады.
Солтүстік бұғының тұяғындағы өлі ұлпалар мен буын аймағындағы жаралар
МИКРОСКОПИЯСЫ. Fusobacterium necrophorum- жұқа қозғалысыз Грам оң таяқша, ұрық және капсула жасамайды. Зақымданған ошақтан алынған мазок - таңбаларда жіп тәріздес тізбекпен орналасады, бірқалыпты боялмайды, цитоплазма түйіршіктенуі байқалады. Леффлер көгі, фуксинімен жақсы боялады.