Орындаған: Тоқсанбаева Н.Қ. Алматы 2013 ж. Жоспары: 1. Тұлғалық, өзін жетілдіру туралы идеялар (базистік бағдарлар) 2. Тұлға ұғымының түсінігі 3. Тұлғалық.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Advertisements

Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Тұлғалық өсу Орында ғ ан:. То қ санбаева Н. Қ.. Тұлғалық өсу Жеке мінезді ң, қ абілеттерді ң ж ә не ә леуметтік - Менні ң дамуы. Ба ғ алаулар ғ а т ә.
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
1-ТАҚЫРЫП. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ОРЫНДАҒАН: ӨМІРЗАҚ С.М. ТЕКСЕРГЕН: СМАГУЛОВА А.С. АҚТӨБЕ 2019.
С# тіліндегі м ә тіндік ө ріс. C# тілі туралы түсінік Жаңа бағдарламалау тілі - С#. Бұл тілмен жұмыс істеу үшін Framework ортасын және С++ бағдарламалау.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
LOGO Критериалды бағалау – сапалы білім негізі. Коучинг – сессия мақсаты : 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына.
Мотивация менеджмент қызметі ретінде. Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға.
Алматы облысы Қарасай ауданы Жармұхамбет ауылы Жармұхамбет орта мектебі Ақиқат Өзін-өзі тану мұғалімі Тынышбаева Н.Т.
Атом б ү тіндей ал ғ анда зарядсыз, бейтарап б ө лшек. Ол ортасында ө зінен радиусы есе кіші к ө лемді алып жат қ ан о ң зарядты ядродан ж ә не.
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
Транксрипт:

Орындаған: Тоқсанбаева Н.Қ. Алматы 2013ж

Жоспары: 1. Тұлғалық, өзін жетілдіру туралы идеялар (базистік бағдарлар) 2. Тұлға ұғымының түсінігі 3. Тұлғалық өсудің критерийлері: Интраперсоналдық критерий Интраперсоналдық критерий Интроперсоналдық критерий Интроперсоналдық критерий

Мен бір нәрсені ұғындым...өзін жетілдіру ұғымы Роршахтың сиясына қатты ұқсас болып келеді. Көбінесе бұл ұғымды қолданған кезде, маған сол ұғымның шынайы мәнінен гөрі, соны қолданған адам туралы көптеген мәлімет берді. А.Маслоу

Отандық психология мен педагогикада қазіргі таңда «тұлғаның өзін жетілдіруі», «өзін таныту», «тұлғалық өсу» және т.б ұғымдар көп таралған және қолданысқа кеңінен енген ұғымдар болып келеді.Бірақ, біздің ойымызша «бұл жаңа формулалар толықтай ұғынылмаған және өзінде нақты мәнге иеленбейді немесе олар метафоралық сипатта пайдаланылып, әдемі ярлыктың қызметін атқарады. Соңғысында біздің ғалымдарымыз батыстың идеяларын механикалық түрде біздің психолого-педагогикалық практикамызға енгізуге тырысады. Сондықтан да өзін таныту, тұлғалық өсу және басқа да идеялар өзінен өзі туындаған жоқ, олар тереңнен алынған бағдарлар негізінде қалыптасып, адамға және оның дамуына байланысты өзіндік амалы болады.

Өз кезегінде Макс Отто былай тұжырымдаған: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы. Егер адам басқа адамдарға сенім артса, онда ол олардың көмегімен белгілі бір жетістіктерге жете алады және бұл сенім оның өмірге деген, әлемге деген қатынасын өзгертеді. Кейін олар сеніммен гармонияда болады. Ал сенімнің болмауы осыған сәйкес түсініктерді қалыптастырады» Осыдан біз әрбір концепцияда міндетті түрде болатын теоретикалық пен практикалық құрылымнан басқа, оның құндылық құрамы болады. Осы аксеомалық кредо концептуалды құрылымның шынайы фундаменты болып келеді.

Егер адамның сенім-сенімсіздік критерийсін қолдансақ. Өз кезінде Макс Отто былай деп айтқан: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы (С.Б.-мен негізгі психологиялық теорияларға қосымша ретінде атап өтілген). Олар өз кезегінде бірдей мәнге ие болмайтын 2 топқа бөлінеді: адам табиғатына «сенетін» (яғни гуманисттік бағдарланған); адам табиғатына «сенетін» (яғни гуманисттік бағдарланған); «сенбейтін». Бірақ, әрбір топтың ішкі құрамынан да өзгешеліктер табуға болады «сенбейтін». Бірақ, әрбір топтың ішкі құрамынан да өзгешеліктер табуға болады

«Сенбейтіндердің» тобында (пессимисттердің) қатал позицияны ұстанады. Олар адам табиғатын негативті – ассоциалды және деструктивті болады және адам оны шеше алмайды. Бірақ одан қарағанда жұмсақ форма да болады. Ол нейтралды объект түрінде болады. «Сенетін» топтың ішінде радикалды көзқарас болады. Олар міндетті позитивті көзқарасты ұстанады, адам конструктивті, жақсы мәнге ие болады. Бұл ерекшеліктер потенциал түрінде болады және бұл потенциал жағдай өзгерген сәтте ашылады. Және адамға байланысты епті көзқарас та болады. Ондай мәнге адам бірден ие болмайды және позитивті өзін жетілдіру міндетті түрде болып жатпайды. Бірақ ол адаммен саналы, ерікті түрде таңдалады және оны шартты-позитивті деп атауға болады.

Адамның болмысы туралы мәселемен қатар, сол мәнмен не істеу керек екендігі туралы мәселе де кеңінен қарастырылады. Бұл жерде оны тәрбиелеу, дамыту және жақсарту мәселелері қарастырылады. Тәрбиелеудің мәні туралы мәселе принципиалды түрде былай шешіледі: егер адамның болмысы негативті болса, оны өзгерту керек; егер ол жоқ болса, оны құрастырып, консруктизациялап, адамға енгізу керек. Егер ол позитивті болса-оның ашылуына көмектесу керек, егер болмыс ерікті түрде жүзеге асса, оған сол шешімді қабылдауға көмектесу керек.

Базистік бағдар Адам табиғаты Тәрбиелеу мәні Негізгі өкілдері Адамға деген сенімсіздік Негативті Өзгерту, компенсация Классикалық фрейдизм Нейтралды Қалыптастыру, түзету Бихевиоризм, отандық психологиядағы көптеген бағыттар Адамға деген сенімдік Міндетті позитивті Өзін жетілдірудегі көмек К.Роджерс, А. Маслоу концепциялары Шартты позитивті Таңдаудағы көмек В.Франкл, Дж. Бюдженталдың экзистенциалды бағыттары Әлемдегі базистік имплицидті психологиялық концепциялардың типологиясын кесте түрінде ажыратып көрсетуге болады. Бірақ бұл кесте әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс, ашып көрсете бере алмайды. Біздің ойымызша ол педагог пен психологтың кәсіби аумағындағы өзгешеліктерді ажыратып,таңдау нұсқалары мен осы таңдаудың себептерін фиксациялайды. Бірақ бұл кесте әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс, ашып көрсете бере алмайды. Біздің ойымызша ол педагог пен психологтың кәсіби аумағындағы өзгешеліктерді ажыратып,таңдау нұсқалары мен осы таңдаудың себептерін фиксациялайды. Кесте: Психологиялық концепциялардың базистік бағдарлары

Осылайша тұлғалық өсу және өзін жетілдіру концепциясы адамға деген гуманисттік көзқарастардың логикалық жалғасы екендігі анық. Және ол өз кезегінде адамға сенім артпайтын бағыттармен байланысты емес. Бұл жерде атап өтілген тұлға мен тұлғалық өсу ұғымдары «гуманисттік психологияның дамуына» үлесін қосқан лидерлердің К.Роджерстің концепциясына сүйенеді.

Жалпылай алғанда тұлға – сыртқы ортамен, басқа адамдармен және өз-өзімен қатынас үшін жауап бере алатын, өз өмірінің субъекті болып келеді. Тұлға – өзін реттеудің ішкі жүйесі. Ол басқа детерминациялайтын күштердің әсер етуін бастан кешіп, оларды ішкі әлем немесе ағза деп атауымызға болады. Және одан басқа сыртқы әлем болады, ол аумақты түсінікте қолданылады, соның ішінде басқа адамдар да. Осы үш басқаратын күштің арасындағы байланыс адамның өмір жолын анықтайды; оны дамудың үшбұрышы деп қарастыруға болады.

«Дамудың үшбұрышы» суреті Тұлға Тұлға Ішкі әлем Сыртқы әлем Ішкі әлем Сыртқы әлем Тұлғаның кемелденуінің маңызды көрсеткіштеріне: интенционалдылық, автономдылық, динамикалылығы, тұтастылық, конструктивтілік және индивидуалдылық жатады. Бірақ бұл тұлғаның атрибуттары берілмеген, олар шартты түрде жасалған. Олардың жүзеге асуының деңгейі белгілі-бір шарттарға сәйкес болады – бастапқыда тұлға басқа екі қозғаушы күшпен қатынасына байланысты.

Тұлғалық-орталықтанған бағдардың орталық идеялардың бірі: егер адам (тұлға) ерікті болса және өзін тыңдай алу және өзін тұтас табиғи ағза ретінде қабылдай алса, «өзін жетілдіруге» деген тенденция толық күшімен жүзеге асады және адамның қозғалысын қамтамасыз етіп отырады. Бұл тенденция адамның бойында нышан ретінде болады деген идея өте маңызды, ол белгілі-бір жағдайларда жүзеге асып отырады, бірақ сыртқы күштермен қалыптаспайды және басқарылмайды: «бұл ішкі тенденция, ол сырттан мотивтенбейді және оны үйретуге мүмкін емес». (Лэндрет Г., 1994, 63б.).

Тұлғаның сыртқы ортамен байланысы – әсіресе басқа адамдарың әлемімен – өте күрделі, біркелкі емес және драматикалық болады. Тұлға жағынан қарастырғанда онда басқа адамдармен қатынасқа деген қажеттілік болады, адам, К.Роджерстің айтуы бойынша, «әлеуметтен ажырамас болып келеді: онда қарым-қатынасқа тереңдетілген түрде қажеттілік болады» (П.Тиллих, К.Роджерс...,1994, 136б.). Сонымен қатар, «Мен» тұлғасының орталық компоненті –өзіндік құрметке деген қажеттілік болады және ол бала шағынан бастап басқа адамдардан құрмет және махаббат сезімі арқылы сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың тұлғасы қоғаммен қарым-қатынасқа ғана бағытталмай, олардан ажырамас түрде болады.

Тұлғалық өсу гуманистикалық түсініктерден қарағанда – белгілі-бір білімдерді қабылдау емес; белгілі-бір әрекетті және әсіресе «қоғамға пайдалы»,құндылық бағдарларының жүйесінің қалыптасуы емес, баламен қоғамдық адами болмысты өзіне иелену емес, белсенді өмір позициясын қабылдау емес, жаңа формаларды танып-білу дағдысы емес, идеалды ересектің бейнесін қабылдау емес. Осы аталған адамның өзгеруінің бағыттары белгілі-бір позитивті мәнге ие. Бірақ бұл бағыттар «тұлғадан» деген бағытты қолдайды, сондықтан да ол тұлғалық өсуге көмек бермейді. Ол оны тежеп, тұлғалық өсуге керекті ерекшеліктерді қалыптастырмай, оны алмастырады. Сондықтан да олар даму үшбұрышының бір қырында ғана қалыптасады, яғни «сыртқы әлем-тұлға» байланысы ғана есепке алынады.

Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні – босаңсу, өзіңді және өмірлік мәнді табу, өзін жетілдіру және барлық тұлғалық негізгі атрибуттарды дамыту. Ал тұлға мен өзінің ішкі өмірімен қатынаста болу сыртқы әлеммен қатынаспен тең. Адам үшін принципиалды маңызды болып оның ішкі өмірін басқа адамдармен құрмет тұту. Осылайша тұлғалық өсу болу үшін интерперсоналдылық интраперсоналдылықпен басылмау керек және адам 3 негізгі шыңды байланыстырып, қатынас жасай алса. Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады. Біз К.Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу пайда болады.

Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады. Біз К.Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл өзгерістер – олардың құрылымы, бағдары, динамикасы – тұлғалық өсудің бар екендігі жайлы мағлұмат бере алады және оның критерийлері ролін атқарады. Толық тұлғалық өсу кезінде ондай өзгерістер адамның ішкі өмірімен қатынасына да интерперсоналдылық, сыртқы өмірмен қатынасына да интерперсоналдылық, сыртқы өмірмен қатынасына да интраперсоналдылық байланысты болады. Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады. интраперсоналдылық байланысты болады. Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады.

Тұлғалық өсудің интраперсоналдық критерийлері: Өзін қабылдау. Бұл өзіндік қабылдауды және өзіне деген махаббаты білдіреді. Адамның қаншалықты өзіне құрмет тұтатынын және өзіндік шешімге келе алу қабілетін өзіне қосады (Роджерс К., 1993, 69б.), өзіне деген сенім, өзіндік табиғатына сену де осыған жатады. Ішкі бастан кешу тәжірибесіне ашылу. «Бастан кешу тәжірибесі» - гуманистік психологиядағы орталық ұғымдардың бірі. Ол ішкі әлемнің жағдайларын субъективті бастан кешуді көшеді. Тұлға неғұрлым күшті және жетілген болса, соншалықты ол сыртқы әсерлерге бағынбайды және өзінің ішкі шынайылығына түңіле алады, қазіргі шықпен өмір сүре алады».

Өзін түсіну. Өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы –осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары. Өзін түсіну. Өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы –осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары. Жауапкершілікті ерік. Өзімен қатынас жасау деген кезде біз өзіміздің өмірімізді саналап, өзіміздің бостандығымызды және субъекттілікті қабылдау. Ол «ішкі локус бағалауды» білдіреді – құндылықтарды таңдаудағы жауапкершілік жән бағалау, сыртқы бағалардан тәуелсіз болу. Сонымен қатар, бұл өзіндік танытудағы жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу. Жауапкершілікті ерік. Өзімен қатынас жасау деген кезде біз өзіміздің өмірімізді саналап, өзіміздің бостандығымызды және субъекттілікті қабылдау. Ол «ішкі локус бағалауды» білдіреді – құндылықтарды таңдаудағы жауапкершілік жән бағалау, сыртқы бағалардан тәуелсіз болу. Сонымен қатар, бұл өзіндік танытудағы жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу.

Тұтастылық. Тұлғалық өсудегі маңызды бағдар – интегративтіліктің күшеюі және кеңеюі және адам өмірінің аспектілерін байланыстыру. Әсіресе – ішкі өмірдің тұтастылығы мен адам тұлғасының өзі. Нақтырақ айтқанда, тұтастылықты сақтау мен қорғау, ол адамда басынан бастап болады. К.Роджерстің айтуы бойынша, басынан бастап «бала... интеграцияланған және Бұл жердегі мәселе бұл көбейетін индивидуализациялау және дифференциялау адамның ішкі тұтастылығы мен конгруэнттіліктің жоғалуына алып келуі мүмкін. Тұтастылық пен конгруэнттілік адамның өмірінің эффективті регуляциясымен байланысты болады. Динамикалылық. Ішкі тұлғалық тұтастылық және келісушілік аяқталғандықты білдірмейді. Керісінше, тұлға әрдайым өзгеріп отырады. Осылайша жетілген тұлға –бұл қалыптасатын тұлға, яғни адамның дамуы оның өмір сүруінің негізі. Сондықтан да тұлғалық өсудің маңызды критерийі – динамикалылық, иілгіштік, өзгеруге ашықтық және дағды өз идентификациясын сақтап әрқашан қозғалыста, дамуда болуды көздейді. «Яғни мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек және әрқашан процесте болу керек»

Тұлғалық дамудың интерперсоналдылық критерийлері: Басқаларды қабылдау. Интерперсоналды бағытта тұлғалық өсу ең алдымен басқа адамдарға деген қатынасының динамикасында көрінеді. Тұлға неғұрлым басқа адамдарды қабылдай бастаған кезде, соғұрлым ол оның жетілгендігінің белгісі.Ол тек қабылдау ғана емес, оларға құрмет пен оларға деген сезімнен де білдіріледі. Ал ол өз кезегінде адамның табиғатына сене білу қабілетінің негізі де болады. Басқаларды түсіну. Жетілген тұлға басқалардың ойларына елікпей, стереотиптерге бағынбайды. Ол адекватты баға беріп, сыртқы ортаны дифференциациялап, басқа адамдарды қабылдайды. Тұлғалық өсудің маңызды критерийлері – тереңдетілген тұлғааралық контактка түсе алады және басқа адамды түсінеді, эмпатия сезімін бастан кеше алады.

Әлеуметтенуі. Тұлғалық өсу адамның эффективті фундаменталды дамуына алып келеді – конструктивті әлеуметтік қатынастар. Адам басқа адамдармен қатынасқа түскен кезде көбірек ашылып, өзінің шынайы бейнесін ашады, бірақ осыған қарамастан – адам шынайы болып, иілгіштік және тұлғааралық мәселелерді шеше алу қабілетіне ие болады Шығармашылық адаптивтілік. Жетілген тұлғаның маңызды ерекшелігі – өмірлік мәселелерді қабылдай алу қабілетінде және оларды шеше алу.Ол сол жағдайға адаптацияланып, өзінің ішкі қабілеттерін жүзеге асырады. Тұлғалық өсудің осы бағыттардағы өзгерістер болғанда өзінің спецификалық заңдылықтарға байланысты болады. Бұл жағдай адамға бостандық, жауапкершілік, аутенттілік сезімін береді және оған бұл өмірді қабылдауды өзгертеді.

Пайдаланылған әдебиеттер: Лэндрет Г. Ойын терапиясы: қатынас жасау өнері. М., Лэндрет Г. Ойын терапиясы: қатынас жасау өнері. М., Тиллих, К. Роджерс: диалог // Моск. психотерапевтич. журн Роджерс К. Эллен Вест және жалғыздық // Моск. пснхотерапевтич. журн Роджерс К. Психотерапияға деген қатынас. Адамның қалыптасуы. М, Хорни К. Біздің кезіміздің невротикалық тұлғасы. М., Rogers С. A theory of therapy, personality and interpersonal relationship, as developed in client - centered framework // Psychology: A Study of a Science Vol The Carl Rogers reader /Ed by H.Kirschenbaum, V Henderson. Boston, Братченко С.Л., Миронова М.Р., БРАТЧЕНКО С.Л., МИРОНОВА М.Р. Тұлғалық өсу және оның критерийлері. // Тұлғаның өзіндік жетілудің психологиялық мәселелері СПб., 1997, С