Жануарлардың бүркеніш (жасырушы) реңі, өсімдіктердің тікенектері, безді түктері, скат пен камбала балықтарының су түбіне бейімделіп, жалпак пішіндінді болуы идиоадаптация (аллогенез) мысалдарына жатады. Камбала Скат (су түбінде тіршілік ету салдарынан жалпақ пішінді балыққа айналған)
Екінші паразит өсімдік арамсояу (повилика) басқа өсімдіктерге жіңішке қызғылт немесе сары түсті жіп тәрізді сабақтарымен шырмалып өседі. Оның тамары, жапырақтары жойылған, тамырдың орнына өсімдіктің шырынын copy үшін жіңішке мөлдір сарғыш түсті сабағының әр жерінен емізікшелер пайда болған. Оралған өсімдіктің сабағына емізікшелерін қадап, өзіне қажетті қорегін сорып аллоды және оны жабысқан өсімдіктен ажырату өте киынға соғады.