Білім беру ұйымын басқаруда ақпаратық- коммуникациялық технологияларды пайдалану Лекция
Мақсаты: мектеп әкімшілігінің білім беру үдерісіндегі және басқару қызметіндегі заманауи ақпаратық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) туралы теориялық және практикалық білімдерін жаңарту, қолдану және жетілдіру
Міндеттері: - әкімшілік пен педагогтардың АКТ қолдану саласындағы құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру. -ақпаратық технологияларды пайдаланудың жаңа деңгейіне көшу жағдайындағы білім ұйымдарын басқарудағы запалы өзгерістер. -оқу-тәрбие үдерісін ақпараттандыру, сандық білім беру және ақпаратық ресурстарды құру. - мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту.
ҚР білім беруді дамытудың жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – ақпаратық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы. Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» аты бағдарламалық мақаласында оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейту жөнінде тапсырма берілді.
Білім беру ұйымдарының директор лары бүгінгі күні шешуге міндетті: педагогикалық және шаруашылық проблемаларды, әлеуметтік-педагогикалық, экономикалық, құқықтық және қаржылық мәселелерді. Сондай-ақ, басшылар IT-технологияларды қолданады : есепті жасауда, оқушылар мен педагог қызметкерлер туралы деректер базасын қалыптастыруда, іс жүргізуде, нормативті- құқықтық құжаттармен жұмыста, оқу-әдістемелік жұмыстарда және шарттық қызметте.
Мектепті басқару үдерісіне IT- технологияларды ендірудің мақсаты – қабылданатын басқару шешімдерінің запасы мен жеделдігін арттыру және жұмыстың қағазсыз технология сына өту. Бұл мақсатқа мектеп компьютерлік техника мен жеткілікті қамтамсыз етілген және электронды ресурстарға еркін қолжетімділік болған жағдайда жетуге болады.
Мектеп басшысы мен мектеп әкімшілігі үшін компьютерді пайдаланудың әртүрлі мүмкіндіктері бар: -Мектептің жалпы ақпаратық кеңістігін ұйымдастыру. -Оқу үдерісін ұйымдастыру (кестені, мектептің оқушылары мен олардың ата-аналары, педагогтік құрам және т.б. туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды, деректер базасын жасау). -Интернет жүйесінен ақпарат алу және онымен жұмыс жасау үшін компьютерді қолдану. Бұларға іздестіру жүйелерімен, білім портал дары мен жұмыс, тәжірибе алмазу, әдістемелік құралдармен және басқа да құжаттармен электронды пошта мен коммуникативті басқа да құралдардың көмегімен алмазу кіреді. -Оқушылар білімін компьютерлік бақылау. -Мектептің ішкі өмірін көрсететін, оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді өзара байланыстыруға мүмкіндік беретін мектеп сайтын құру үрдісін ұйымдастыру және қолдау.
Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру мен өзіндік білім алу қызметін ынталандыру мақсаттарының бірі болып олардың ақпаратық-коммуникациялық технологиялар саласындағы базалық дағдыларды меңгеруі және оны шығармашылықпен пайдалана аллы табылады.
Білім беру ұйымы басқарушысының АКТ саласындағы құзіреттіліктерінің тізімі: -Білім беру ұйымының бірыңғай ақпаратық кеңістігін құру принциптері туралы түсініктерінің болуы. -Мектепті ақпараттандыру үрдісіндегі басшының рөлі мен орнын түсіне білуі. -АКТ құралдарын білім беру ұйымын басқару қызметкерінің еңбегін оңтайландыру үшін пайдалану мүмкіндіктерін білуі. -Әкімшілік-білім беру міндеттерін шешуге арналған бағдарламалық өнімдер туралы түсініктерінің болуы. - Білім беру жүйесі басшыларына қойылатын АКТ саласындағы типтік біліктілік талаптарын білуі. -Өзінің компьютерлендірілген жұмыс орнын ұйымдастыра білуі.
-ДК мақсаты мен функциясы, ақпараты ендіру-шығару құрылғылары, компьютерлік желілер мен оларды оқу үдерісінде және басқару қызметінде пайдалану мүмкіндіктері туралы базалық түсініктерінің болуы. -Операциялық жүйелердің интерфейсін, файлдық операцияларды орындау тәсілдерін, файл жүйесі ретінде ақпаратық органы ұйымдастыру, ақпараты ендіру- шығарудың негізгі амалдарын меңгеруі. -Қосымшалар мен электрондық білім беру ресурстарын орнату мен жою дағдыларын меңгеруі.
Басқару қызметі мен құжаттарды дайындау контексінде офистік технологияларды пайдаланушы дағдысын меңгеруі: -Мәтіндік құжаттарды дайындау; -Білім беру ұйымдары құжаттарының шаблон дары мен жұмыс; -Кестелік мәліметтермен жұмыс (қарапайым есептеулерді орындау, ақпаратық карталарды құру, тізімдермен жұмыс); -Графиктер мен диаграммаларды құру; -Сөйлейтін сөздерге, баяндамаларға презентациялар жасау; -Құжаттарды басып шығару, CD жазу.
WWW ақпараты іздеу, оны алу және кәсіби қызметте болашақта пайдалану үшін сақтау; -Интернет желісіндегі базалық сервис термин технологияларды игеруі: -Электронды поштамен және телеконференциялармен жұмыс әдістері; -Желіде қатынасты ұйымдастыру, ICQ, AOL және т.б. жұмыс дағдысы.
Электронды білім беру ресурстары, жалпы білім беру секторындағы электронды басылымдар нарығының үрдістері туралы түсінігінің болуы. -Білім беру ресурстары мен нормативті құжаттар көзі ретінде аймақтық білім беру портал дары мен жұмыс дағдысын меңгеруі. -Білім беруде Интернет желісінің ақпаратық ресурстарын пайдаланудың құқықтық аспектілері туралы түсінігінің болуы. -Сандық формата берілген білім беру саласындағы заңнамалық анықтамалармен жұмыс істеу дағдысы.
Әр мектепте қағаз түріндегі жекаленген ақпараттар өте көп (сынып журналы, оқу- әдістемелік материалдар, бұйрықтар және т.б.). Қажетті ақпараты іздестіру білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін (әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар) үлкен қиындықтар тудырады. Осыған байланысты калесі міндеттерді шешетін мектептің бірыңғай ақпаратық орта сын құру қажеттілігі туындайды:
Оқу-тәрбие үдерісінің әртүрлі аспектілері туралы мәліметтерді қамтитын мектеп үшін бірыңғай мәліметтер базасын құру: қызметкерлер, оқушылар мен ата-аналар туралы мәліметтер, оқу жоспары, электронды сынып журналы, сабақ кестесі, әртүрлі есептер және т.б.; Пайдаланушыларға өзара телекоммуникациялық қатынас мүмкіндіктері мен жалпы ресурстарға қолжетімділікті ұсыну; Оқу үдерісінде сандық білім беру ресурстарын (дайын, және өздері жасаған) пайдалануды қамтамасыз ету, оларды бірыңғай ортаға кіріктіру.
Директордың АКТ саласындағы негізгі құзіреттіліктерініңбірі –өзінің компьютерлендірілген жұмыс орнын ұйымдастыра аллы. Бұл үшін компьютердің негізгі элементтері, жүйелік және периферийлік құрылғылар (принтер, сканер және т.б.) туралы түсінігі болуы қажет. Барлық бағдарламалық өнімдер белгілі кластарға бөлінеді. Олар: Операциялық жүйелер. Қосымша бағдарламалық өнімдер. Жалпы мақсаттағы қосымшалар (MS Word, MS Excel MS, Power Point, графикалық, мәтіндік және веб- редакторлар).
Ұйым басшысы үшін көптеген құжаттарды дайындау күрделі және көп еңбекті қажет ететін үрдіс. Әрине, штат кестесінде АКТ- мамоны бар директор бұны басқа біреуге жүктеуі мүмкін. Бірақ кей жағдайларда тек өзіңе ғана жүгінуге тура калетін жағдайлар болады. Сондықтан, бұл құралда инновациялық мектеп директорының түсінігі болуы тиіс бағдарламалық құралдарға сипаттама береміз Олармен жұмыс тәсілдерін меңгеруді ұсынамыз.
MS Office Word – құжаттармен жұмысқа арналған мәтіндік редактор. Жасауға мүмкіндік береді: Қарапайым форматау, Жедел стиль, Құжаттарды басу, Қарапайым және көпдеңгейлі тізімдерді ресімдеу, Материалдың көрнекілігін арттыру үшін кестелерді құру, Басқа құжаттарға, интернет ресурстарына гиперсілтемелер жасау, фотосуреттер мен кез-келген кескіндемелерді орналастыру, схемалар сызу, Объектілерді бір бүтінге топтастыру.
Microsoft Excel білім беру ұйымында қолдану мысалдары: Сынып журналы жүргізу. Сабақ кестесін құру. Бухгалтерлік және басқа да есептерді жүргізу. Кестелік бөлінулерді қажет ететін, күрделі безендірулерімен құжаттарды дайындау. Білім беру ұйымының қызмет салалары бойынша мәліметтер базасын статистикалық өңдеу. Оқушылардың оқу үлгерімін талдау, оқушылар тобин категория бойынша іріктеу. Математика, физика және информатика пәндеріндегі математикалық есептеулер. Диаграммалар құру. Автоматтандырылған тестілеу.
MS Office PowerPoint – презентацияларды құратын танымал орта. Қазіргі таңда бір- бір баяндама презентация сиз оқылмайды. Бұл құралда графикалық, мәтіндік, бейне және дыбыстық объектілерді қою, анимациялар мен стилді безендіру бойынша ғана емес, сонымен бірге презентациялық баяндаманы басқару кнопкаларымен және әртүрлі құжаттарға гиперсілтемелер көмегімен басқару үшін де нұсқаулықтар берілген.
Келесі бізбен қарастырылатын АКТ-құзіреттілік – WWW ақпараты іздеу, оны алу және кәсіби қызметте болашақта пайдалану үшін сақтауды қамтитын Интернет желісіндегі базалық сервис термин технологияларды меңгеруі. Білім беру ұйымының басшысы бірыңғай ақпаратық кеңістік ретінде Интернет желісі туралы түсінікті аллы, ғаламдық желінің негізгі ұғымдары мен ұйымдастыру принциптерімен танысуы қажет. Сонымен қатар Интернет желісі мен заманауи мектептің өзара қарым-қатынас жүйесін жақсы түсінуі керек. Интернет мектеп басшысына не береді? Ресми білім беру ресурстарына, мәліметтер база сына қолжетімділік, нормативті құжаттарды іздестіру (ақпараты іздестіруге кететін уақыт едәуір қысқарады); Әртүрлі ақпарат беттерінен қосымша ақпараты алу; Жедел құжат алмазу мүмкіндігі; Телеконференцияларға, форум дарға қатысу, тәжірибе алмазу; Энциклопедияларға, анықтамалықтарға және т.б. қолжетімділік; Қашықтықтан оқытуды, оқытушы пәнаралық телекоммуникациялық жобаларды, қашықтықтағы олимпиадаларды ұйымдастыру мүмкіндігі; Кеңестік қызмет алу (кәсіби кеңестер, сұрақтар және т.б.)
Мектепті басқару жүйесінде қатынастың интерактивті құралдарын пайдалану Электронды пошта. Электронды пошта арқылы әртүрлі құжаттарды жіберуге, ата-анаңмен және әріптестеріңмен қатынасуыңа болады. Телеконференциялар. Ғаламдық қатынас орнату үшін телеконференциялар ұйымдастырылады. Телеконференциялар дискуссиялар жүргізуге және жаңалықтармен алмазуға арналған. Телеконференция - «ұжымдық электронды поштаның» бұрыннан кале жатқан формасының бірі. Веб-форум дар. Олардағы жұмыс үнемі веб-интерфейс тер де өтеді. Сіздің әртүрлі тақырыптағы желілік форум дарға қатысу, сендай-ақ жеке форумыңызды ашуға мүмкіндігіңіз бар : Әртүрлі мектеп және әдістемелік проблемаларды талқылауға бағытталған форум дардың мысалдарын қараңыздар : Форум школы 127. Учительская Форум школы 127. Учительская ( )
Mail.ru агент Живой Журнал (блог) егер сізде сайтты құруға қажеттілік болмаса, онда жеке желілік қауымдастықты құру үшін «Живой журнал» – электронды күнделіктер қызметін пайдалануды ұсынамыз (служба электронных дневников). Білім беру ұйымы басшысының жұмысына көмектесетін әртүрлі ақпаратық ресурстар. Сондай-ақ, сіз өз бетіңізше танымал ақпаратық-іздестіру жүйелерін пайдаланып электронды білім беру ресурстарын іздестіруіңізге болады : Яндекс Рамблер Апорт Google
Электронные сайты сайт правительства РК – сайт электронного правительства РК - сайт Министерства образования и науки РК - система электронного обучения «e-Learning Казахстан» – это единый крупный казахстанский проект, способствующий развитию электронного и интерактивного обучения в Казахстане на национальном уровне - сайт Республиканского института повышения квалификации руководящих и научно-педагогических кадров системы координирующим деятельность областных институтов повышения квалификации педагогических кадров Коллеги. Педагогический журнал Казахстана. Для директора школы и заместителя директора по учебной работе бесплатные документы и методическая литература журнал для руководителей учебных заведений организаций образования. Образовательный портал -Предназначен для просмотра и размещения созданного пользователями видео со всего мира в интернете - сайт учителей-пользователей интерактивной доски
Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы. Капитанская А.К., Елизаров А.А., Гужеля Д.Ю., Лавренов А.Ю., Ястребов Л.И., Якушина Е.В., Информационные технологии в управлении образованием. – М. Федерация Интернет Образования, НФПК, 2006