Экожүйенің негізгі қызметтері
Экологиялық жүйе- тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады
Экожүйе денег терминді 1935 жилы бірінші рет ұсынған ағылшын экологи А.Тенсли. Ол экожүйенің құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударады.
Экожүйенің ең басты қызметі – ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі. Экожүйедегі қоректік тізбек және энергия. Продуценттер немесе өндірушілер. Бұларға автотрофы жасыл өсімдіктер жатады. Нәтижесінде, жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын сіңіреді. Консументтер немесе пайдаланушылар (гетеротрофы организдер). Бұларға жануарлар дүниесі жатады Редуценттер – ыдыратушылар немесе қайта қалпына келтірушілер.