Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Биохимия және химия кафедрасы СӨЖ Тақырыбы:Витаминдердің биохимиясы.Дәрументәріздің заттар.Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар мен гиповитаминоздар.Гипервитаминоздар. Орындаған:Нұриден Нұржамал 215-топ,ЖМФ Тексерген:Бекбосынова Р.Б Семей 2016 жыл
Жоспар: І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім: Дәрументәрізді заттар Авитаминоз Гипервитаминоз ІІІ Қорытыңды ІV Пайдаланған әдебиеттер
Витаминдер азық –түлік өнімдерінде,жем- шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін,ал адам мен жануарлар организмінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төмен молекулалары органикалық заттар.
Дәрументәрізді заттар – организмде аз мөлшерде болатын және дәрумендер сияқты әр түрлі биологиялық процестерді катализдеуші заттар. Олардың дәрумендерден айырмашылығы – паравитаминдер организмде синтезделеді.
П АРАВИТАМИНДЕРГЕ : Убихинон Инозитол Холин Пангам қышқылы Липой қышқылы Витамин U т.б. жатады
У БИХИНОН
Убихинон (коэнзим Q) – XXғ еінші жартысында ашылған заттар тобы. Химиялық табиғаты бойынша бейтарап липид және бензохиноның туындысы болып табылады. Бүірлі изопреноидты тізбегі убихинонның изопреноидты тобымен ажыратылады. Адамдарда және жоғары сатылы жануарларда 10 изопреноидты тобы бар убихинон кездеседі. Убихинон – тыныс алу тізбегінің компоненті. Ол тыныс алу тізбегінің ортасында, протондар мен электрондар тасымалданатын бастапқы нуклеотидты бөлік пен тек ғана электрондарды тасымалдайтын терминалды, цитохромды бөліктер арасында орналасады. Яғни ол тыныс алу тізбегіндегі жалғыз май еріткіш компонент болып табылады.
Убихинон митохондриясы бар барлық клеткаларда, май тіндерінде, әсіресе оттегі мен энергияны жоғары мөлшерде пайдаланатын жүрек және бауыр тіндерінде көп кездеседі. Сонымен қатар убихинонның өсімдіктер мен жануарлар клеткасындағы мөлшерін, субклеткалы орналасуын және басқа витаминдер мен коферменттермен әсерлесуі зерттелген. Соның нәтижесінде убихинон мен Витамин Е-нің арасындағы функционалды байланыс ерекше болып шықты. Витамин Е убихинонның алмасуы мен функциясына спецификалық қадағалау жүргізіп, оның қышқылданып кетуін болдырмайды.
Х ОЛИН
Холин – организмде бос күйінде, бірақ көп жағдайда күрделі липидтер – холинфосфатидтер мен жүйке-жүйесі медиаторы – ацетилхолин құрамында кездеседі. Метионин аминқышқылдарынан және басқа да метил ракциясының компоненттерінің қатысуымен серин аминқышқылдарынан синтезделеді. Холиннің синтезі метил топтарының донорлары мен синтез ферменттерінің белсенділігіне байланысты. Холин және оның синтезіне қатысушы метионин липотропты қызмет атқарады, яғни холинофосфотидтердің синтезін белсендіріп, бауырда бейтарап майлардың жиналуын болдырмайды. Холинофосфатидтер биологиялық мембраналардың басты компоненті болғандықтан барлық тін жасушаларының мембранасында кездеседі.
Л ИПОЙ ҚЫШҚЫЛЫ
Липой қышқылы – құрамында екі тиол тобы бар табиғатта көп таралған заттар. Жасушадағы қышқылдану, детоксикация процестеріне қатысып, медицинада бауырдың ауруларына қарсы және токсикалық жарақаттануға дәрілік зат ретінде қолданылады. Липой қышқылы - α-кетоглутар және пирожүзімнің дегидрогеназды комплексінің негізгі компоненті. Көп мөлшерде етте, бауырда, жануарлардың басқа да тіндерінде, ашытқыларда, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі.
П АНГАМ ҚЫШҚЫЛЫ
Пангам қышқылы – негізгі функциясы жасушадағы метилдену және трансметилдену процестеріне қатысу болып табылатын паравитамин. Ол металь топтарының донаторы ретінде метионин, холин, креатин, кейбір стероидты гормондар мен катехоломиндердің синтезіне қатысады. Бұл процестер пангам қышқылының организмге маңыздылығын, оның кең физиологиялық спектрін, дәрілік зат ретінде қолдану маңыздылығын аңғартады. Пангаматтың әсерінен аэробты қышқылдану реакциялары белсендіріледі. Табиғатта пангам қышқылы өте кең таралған, жануарлар мен өсімдіктер тағамдарынан адам организміне түседі.
И НОЗИТОЛ
Инозитол – алтыатомды циклды спирт, глицерофосфатидтер құрамына кіреді. Көптеген ғалымдар организмде инозитолдың жетіспеушілігінен жүйке-жүйесі функцияларының бұзылысын, бойдың өсуінің тежелуін және даму процестерінің бұзылыстарын байқаған. Инозитолдың негізгі қызметі – регуляцияның фосфоинотизоллипидті циклы. Инозитолдың туындылары жасушаның негізгі мессенджерлері болып табылады, фосфорилдену және простоагландиндердің синтезін реттеуші қуатты регулятор қызметін атқарады. Жасушаның негізгі екі процесі – жасушаның пролиферациясы мен дифференциясына қатысады.
В ИТАМИН U
Витамин U – метиониннен синтезделген, асқазан жарасына қарсы фактор ретінде белгілі паравитамин. Ол метилдену процестерінде метил топтарының донаторы болып, антигистаминді және антисеротопипті эффекті көрсетеді. Соның нәтижесінде секрецияларды реттеп, қабыну прцестерін төмендетіп, асқорыту каналының шырышты қабатының регенерациясына қатысады.
А ВИТАМИНОЗДАР
Авитоминоз – белгілі бір дәрумен жетіспеушілігінен пайда болған симптомдардың спецификалық жиынтығы. Оның пайда болу себептері: - тағаммен дәрумен түсуінің бұзылыстары (құнарсыз тағамдар, толыққанды тамақтанбау); - асқорыту процестерінің бұзылысы (дәрумендердің сіңірілуінің бұзылыстары); - ағзаға витаминдерге қарсы – антивитаминдердің түсуі (витаминдердің биологиялық эффектілерін тежейді);
Авитаминоз бен гиповитаминоз көбінесе бір мағынада қолданылады. Негізінен авитаминоз – витаминнің ағзаға мүлдем жетіспеуі немесе көп мөлшерде жетіспеуі, ал гиповитаминоз – салыстырмалы түрде аз мөлшерде жетіспеуі.
С ВИТАМИНІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ С витаминінің жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі – көкөністер мен жеміс-жидектерді аз пайдалану және олардың ұзақ уақыт термиялық өнделуі. Бұл витаминнің абсолютті жетіспеушілігі цинг атауымен белгілі (Меллер-Барлоу ауруы). Организмде қан тамырларының тінін және қабырғаларын құрайтын коллаген талшықтарының биосинтезі мен жинақталуын қамтамасыз етеді. С витаминінің жетіспеушілігінен коллаген талшықтарының синтезі бұзылып, қан тамырларының қабырғасының жұқаруына байланысты органдарға және тіндерге қан кетеді. Көбінесе қан кету қызыл иекте, теріде және теріасты жасунықтарда, қан тамырларда кездеседі. Сонымен қатар, балаларда сүйек және шеміршек тінінің дамуы тежеледі. Цинг кезінде ішекте темір мен фоль қышқылының жетіспеушілігінен анемия пайда болады.
Ц ИНГА АУРУЫ
В1 ВИТАМИНІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ Бұл кезде (бери-бери ауруы дамиды)орталық және перифериялық жүйке-жүйесі функциясы, жүректің жұмысы және басқа да ішкі органдардың функциясы бұзылады. В1 организмнің энергетикалық метаболизмінің орталығы болғандықтан, оның жетіспеушілігі организм жасушаларының энергетикалық ашығуына әкеледі. Жүйке-жүйесі мен жүрек жасушалары В1 жетіспеушілігіне ерекше сезімтал. В1 жетіспеушілігінің негізгі себебі – дұрыс тамақтанбау, витаминнің сіңірілуін жоятын асқорыту жүйесінің әртүрлі аурулары. Көбінесе авитаминоз В1 маскүнемдікке шалдыққан адамдарда көптеп кездеседі.
Б ЕРИ - БЕРИ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН АДАМ
РР ВИТАМИНІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ РР витаминінің жетіспеушілігі(пеллагра)терінің және шырышты қабаттың, жүйке-жүйесі мен асқазан- ішек жолдарының бұзылыстарымен сипатталады. Италиянша пеллагра сөзі қабыршақты тері деп аударылады. Пеллагра кезінде тері қабыршақтанып, ұзаққа жазылмайтын жаралар пайда болады. Ауыз қуысы да осындай өзгерістерге ұшырайды. Жүйке- жүйесі симптомдарына созылмалы шаршау және ашуланшақтық, депрессия, галлюцинация жатады. Жас балаларда ақыл-ой кемістігі байқалуы мүмкін.
А ВИТАМИНІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ Бұл кезде көру функциясының бұзылуы (гемеларопия) мен тері және шырышты қабаттардың жарақаттануына әкеледі. Витамин А регенеративті қызмет атқарады. Жетіспеген жағдайда А витамині синтездейтін көздің торлы қабатындағы жарыққа сезімтал жасушалардың пигменті синтезі бұзылып, түнгі соқырлыққа әкеледі. Е витаминінің жетіспеушілігі Организмнің регенеративті және қалпына келу процестерін қамтамасыз етеді. Е витаминінің жетіспеушілігі ерте қартаю процестерін тудырады.
К ВИТАМИНІНІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ Геморрагиялық синдром пайда болады (тіндерге және ағзаларға қан кету). Бұл кезде осы К витамині синтездейтін белоктың жетіспеушілігінен қанның ұю процесі бұзылады. Фоль қышқылының жетіспеушілігі: В12 витамині жетіспегендегі симптомдар болады. Жүктілік кезінде бұл витаминнің жетіспеушілігі ұрықтың даму процесін бұзады. Фоль қышқылы мен витамин В12 организмнің дамуы мен өсуіне қажетті ең негізгі витаминдер.
Г ИПЕРВИТАМИНОЗДАР - организмдегі бір витаминнің мөлшерінің артуы. Мұндай жағдайлар көп талқылауға салынбаған, себебі витаминдер гипервитаминоз тудырмайды, дегенмен витаминдерді шектен тыс пайдалану да организмге өз әсерін береді. Витаминдерді көп пайдаланудан туған әсерлерге қарсы антиоксиданттар немесе витамин Е қолдану керек.
Біз витаминдер туралы, олардың тіршілікке пайдасын қысқаша айтып өттік. Сондықтан кім де кім «денім сау, өмірім ұзақ болсын» десе, күнделікті ішіп-жейтін тағамын қадағалау. Витаминдер – ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық – түліктерде болады
Пайдаланған әдебиеттер: 1.Биохимия Сеитов З.С 2. Медициналық биохимия Тапбергенов С.О