Информатика және есептеуіш техника негіздері 8 сынып Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер
Компьютердің қосымша құрылғылары Компьютердің қосымша құрылғыларына компьютерге сырттан қосылатын құрылғылар жатады
Қосымша құрылғылардың түрлері Шығару құрылғылары Енгізу құрылғылары Компьютер жұмыс істеп жатқан кезде компьютерге ақпаратты немесе сигналдарды енгізу мақсатында қолданылатын құрылғылар енгізу құрылғылары деп аталады Енгізу - шығару құрылғылары құрылғылар мен компьютердың арасындағы аппараттық интерфейсы құрайды Машиналық цифрлы кодты адам қабылдай алтын және оны өндей алтын форма сына айналдыратын құрылғыларды шығару құрылғылары деп атаймыз
Енгізу құрылғылары Геймпад Сканер Микрофон Трекбол Джойстик Пернетақта Тышқан WEB - камера
Шығару құрылғылары Монитор Принтер Проектор Құлаққап Динамик
Қосымша құрылғыларды орнату Әр құрылғының орнататын арнайы порты болады. Компьютердың артқы бөлігінде әдетте жоғарыдағы суретте көрсетілген порттар болады.
PS/2 –порты. Бұл портқа пернетақтаны немесе тышқанды орнатуға болады. Ескі нұсқадағы компьютерлерде бұл порт екіге бөлінеді. Бірі тек пернетақта, екіншісі тек тышқан орнатуға арналған (боялған түсіне назар аударыңыз) USB 2.0 –порты. Қолданыста ең жиі қолданылатын порт. Бұл портқа тышқан, USB-флеш жинақтағыш, Web-камера, геймпад, HDD – диск, принтер, сканер және тағы басқа құрылғыларды орнатуға болады. USB 3.0 –порты. Бұл порт USB 2.0 портының жетілдірілген түрі. LAN –порты. Негізінен UTP кабельдері арқылы компьютерные модемы жалғауға арналған. Интернетке қол жеткізудың негізгі порты. Қолданылатын негізгі порттар
DVI, HDMI – порт тары арқылы компьютерные мониторды немесе проекторды жалғауға болады. Ескі нұсқаулы компьютерлерде VGA атаулы порт арқылы жалғанады. 3,5 мм TRS – порт тары. Әр порттың түсіне байланысты өзінің қызметі бар. Жасыл түсті портқа құлаққап, динамик, портативті дыбыс-ұлғайтқыштарды қосуға болады. Қызғылт түсті портқа микрофонды орнатады. Көгілдір түсті портқа дыбысты күшейтетін қосымша құрылғыларды қосады.
Драйверлер Драйвер компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің cыртқы құрылғылармен байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмазу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге эстрады Әрбір сыртқы құрылғының өз драйвері болады Соңғы нұсқаудағы операциялық жүйелерде қажетті құрылғылардың драйверлері операциялық жүйеде орнатылған болады Қажетті драйверлерді құрылғыны шығарған компанияның ресми сайтынан табуға болады