Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Инженерлік графика пәні бойынша дәріс сабаққа.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Ділмағанбетов Бабанияз Зейтенұлы Бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі.
Advertisements

Қазақстан Республикасының Конститутциясы Орындаған:Бейшен Қ Тобы:ҚТ-143.
Штепсельді вилканың құрастырмалы сызбасын әзірлеу.
1. Тас қалау процесі технологиясының негізгі ережелері 2. Тас қалауының процестері мен тәсілдері 3. Кірпіш қалау технологиясы 4. Тас жұмыстарын жаңғырту.
§ 11. Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы 25 қазан 2013 жыл.
1 Алгоритмдеу және бағдарламалау Тақырып 1. Алгоритмдеу негіздері.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі
§2. Байланысқан механикалық жүйелер қозғалысының жалпы теңдеуі.
Конденсаторлар, түрлері, жалғануы. Электр өрісінің энергиясы. Аралас сабақ 1-курс Ауесова К.К. жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Кайнарколледжі.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы Дайындаған: Аскарова Н ТФП Тексерген: Қ ара ғ анды 2017.
Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғылары Сайлаубаева Асемгуль НГД 15 ссо(к.о)
ҚАРАҒАНДЫ МЕДИКО-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ Тақырыбы: 2007 жылғы Access пен 2016 жылғы Access-тің функцияларын салыстыру. Орындаушы: Зт/Дт-104 студенттері Рымтай.
Тақырыбы: Аналитикалы қ химияда ғ ы коллоидты ж ү йелер Жетекшісі Студент: Қазақстан Республиканың ғылым және білім министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық.
«Жас мамандарды ң педагогикалы қ к ә сіптік шеберлігін арттыру» ( Жас мамандар ғ а ә дістемелік коучинг ) жыл.
Басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе шетел және ресей ғалымдары.
Та қ ырыбы:Акционерлік қ о ғ ам Орында ғ ан: II Топ Тексерген:Ш ə мшен Жадыра Алмасбек қ ызы.
Көптеген реакциялар бір бағытта жүреді. Мысалы 2 КСІО 3 2 КСІ + 3 О 2, 2Na + 2H 2 O 2NaOH + H 2 оларды қайтымсыз реакциялар деп атайды. Бірдей жағдайда.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Академиясы Гигиена және эпидемиология кафедрасы Презентация Тақырыбы: Әртүрлі құрылыс нысандарды жобалауға тапсырмалар құрастыру.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлкеттік медицина университеті СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Тақырыбы: Аномальды бүйректің гистоморфологиялық сипаттамасы.
Орындағандар: Ақтаева Ж Әбдіғалымова Ғ Намиалиев Қ Қалық А Қоқай Ж Мәтіндік есептер.
Транксрипт:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Инженерлік графика пәні бойынша дәріс сабаққа арналған презентация Құрастырған: Құрылыс кафедрасының доценті Шильмагамбетова Ж.Ж.

Дәріс сабақ тақырыбы: Құрастыру сызбасы Дәріс сабақтың мақсаты: Құрастырылған бұдымды оның құрамына енетің тетікбөлшектерді және олардың біріктіру тәсілдерін көрсетіп үйрету. Дәріс сабақтың жоспары: 1. Құрастыру сызбасы туралы жалпы түсінік 2. Сипаттізім 3. Құрастыру сызбасын орындау ережелері 4. Эскиз

Құрастыру сызбасы Құрастыру сызбаларында тетікбөлшектерді ықшамдап, шартты түрде кескіндеу кең түрде қолданылады. Құрастыру сызбасын оңай әрі жил дам сызу, оқу үшін стандартқа сәйкес (МЕСТ ) шарттылықтарды ескеріп, қолдана білу керек. Құ растырыл ғ ан б ұ дымны ң құ растыру сызбасында ғ ы кескіндерде оны ң барлы қ тетікб ө лшектері біріктірілген қ алпында к ө рсетіледі. Құ растырыл ғ ан б ұ дымны ң кескіндері тетікб ө лшек кескіндерін салуда кездескен ережелерге сайт ұ р ғ ызылады, я ғ ни ө зара перпендикуляр базы қ ты қ тар ғ а тік б ұ рыштап проекцияланады.

Құрастыру сызбасында да кесінділерді проекциялық байланыста орналастырады, қажет болған жағдайда қиюшы базықтықтардың орнын үзік сызықпен жүргізіп, қарау бағытын нұсқамен көрсетеді. Қималардың, тіліктердің және қосымша көріністердің белгілерін сәйкес кескіннің үстіне жазады. Құрастыру сызбаларында әр түрлі тегерьшікшелерді жиі кескіндеуге тура келеді. Бұл бөлшектердің пішіндерін екі көрініспен көрнекті етіп көрсетуге болады. Қиықжиектерді, бунақтарды, жырашықтарды, тереңдетушлерді, бүрлеулерді, бедерлеулерді, шығыңқылықтарды және т.б. майдан элементтерді көрсетпеуге де болады.

Бағыттаушы блок Бұл құрама бірлік көтергіш кранның металл конструкциясы бөліктерінің біреуінде орнатылады және тросты (арқанды) бағыттау үшін қызмет атқарады. Трос роликтің науашасына кіреді және роликті белгілі бұрышпен иеді.

Құрастыру сызбасында бұдымның құрама бөліктерінің өзара орналасуы және біріктірілуі сұлбаларын орналастыруға, бұдымның жұмыс істеу принципі жөнінде мәлметтер келтіруге, бұдымның қозғалатын бөліктерін шеткі немесе аралық орналасу жағдайларында кескіндеуге рұқсат етіледі; - берілген құрастыру сызбасы бойынша бақылауға жататын өлшемдер, шеткі ауытқулар және басқа параметрлер; - орналасу (позиция) нөмірлері. Құрастырылған бұдымның құрама бөліктерін нөмірлейді. Нөмірлер сипаттізімде көрсетілген орналасу нөмірлеріне сәйкес болу керек. Ø бұдымның габарит (сырт) өлшемдері; Ø қондыру, біріктіру өлшемдері және басқа анықтамалық өлшемдер; Ø бұдымның техникалық сипаттамасы (қажет бокса) және тағы басқа мәліметтер.

2. Сипаттізім Сипаттізім жасалатын тетіктердің тізімі: құрама бірліктің, кешеннің немесе жинақтың құрамын анықтайтын кисте түрінде орындалған құрылымдық құжат; стандартқа сәйкес жеке бланкіде жасалған бұдымның негізгі конструкторлық кұжаты. Бұдымның құрамына енетін тікбөлшектер, құрастырылған бұдымдар және материалдар туралы негізгі мәліметтер көрсетілген құрылымдық құжат кисте түрінде сызылады. Сипаттізім А4 пішіндегі жеке сызба қағазына орындалады. Сипаттізімдегі негізгі жазудың пішіні сызбадағы негізгі жазу пішінінен өзге болады

Жалпы жағдайда сипаттізім бірнеше бөлімнен тұрады, олардың саны бұдым құрамына байланысты болады. Бөлімдер белгілі ретпен орналасады: құжаттама, комплекс тер, құрастыру бірлігі, тетікбөлшектер, стандарт бұдымдар, өзге бұдымдар, материалдар. Құжаттама – конструкторлық құжаттаманың негізгі жиынтығы құрастыру сызбасы және бұдымның құрама бөліктерге бөліну; Комплекс - деп өзара байланысқан қызметтерді атқаруға арналған бұдымдардың жиынтығын атайды.

Құрастырылған бұдымдар – берілген бұдымды құрайтын құрастырылған бұдымдар; Тетікбөлшектер – берілген бұдымға тікелей енетін, яғни жоғарыда аталған бұдымдар құрамына енбейтін тетікбөлшектер; Стандарт бұдымдар – мемлекеттік, салалық және т.б. стандарта бойынша қолданылған бұдымдар; Материалдар – берілген бұдымға тікелей енетін материалдар яғни, бұдымның құрастырылған бұдымдар құрамына енбейтін. Сипаттізім негізгі конструкторлық құжат болып табылады. Ол құрастырылған бұдымның, комплекстің, комплектінің құрамын анықтайды.

Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) стандартаының талаптарына сәйкес ықшамдап орындайды. 1). Қиықжиектерді, саңылауларды, галтельдерді, ойықтарды және басқа ұсақ элеметтерді; 2). Қақпақтарды, қалқандарды және т.б.,егерь олар жауып тұрған бұдымның құрама бөліктерін көрсету керек бокса. «3- поз.-дағы қақпақ көрсетілмеген». 3). Ажырайтын бөліктерді ықшамдау. 4). Пісіру, дәнекерлеу, желімдеу және т.б. арқылы біртекті материал дан жасалған бұдымды басқа бұдымдармен құрастырылған жағдайда тіліктер мен қималарда бұдым тетікбөлшектері шекараларын негізгі сызықтармен кескіндеп, бір бағытта сызықтайды.

Нобай (эскиз) Нобай (эскиз) - бір рет қана қолданылатын, тетікті (бұдымды) жасауға жəне тексеруге қажетті барлық мəліметтер (пішіні, құрылымы, өлшемдері т.б.) қамтылған конструкторлық құжат. Масштаб тетіктердің пропорционалдықты сақтай отырып, тік бұрыштап (ортоганальды) проекциялау əдісі бойынша көз мөлшерімен алынып, сызу құрал-жабдықтарын пайдаланбай, қолмен орындалады. Өндіріс орындарында көбінесе тетікті тікелей нобай бойынша жасауға тура келеді, сондықтан оны маңызды техникалық құжат деп түсіну керек. Стандарттық бұдымдарға (бұрандама, бұрамасұқпа, сомын, тығырық жəне тойтармаға) нобай орындалмайды.

Нобайды тетіктің нақты өзіне қарап отырып сызғанда, оны əр түрлі өлшеу құралдарын пайдаланып, өлшеу үшін қолданады. Суретте тетіктерді өлшеу үшін əр түрлі құралдарды: металл сызғыштар, кронциркуль жəне нутромерді қолданады. Тетіктің ұзындығын металл сызғышпен өлшеуге болады. Тесіктің ішкі диаметрін өлшеу үшін – нутромер, цилиндрлік өзектің диаметрлерін өлшеу үшін кронциркуль пайдаланылады. Нутромер жəне кронциркуль мен алынған өлшемді сызғыш бойынша есептейді. Тетікті дəлдікпен өлшеу үшін, штангенциркуль құралын қолдану өте қолайлы.

Сөздік Б ұ дым – изделия Сипаттізім – спецификация Сызы қ тау – штрих тау Тетікб ө лшек – деталь Қ иы қ жиек - фаска

Қолданылған әдебиеттер Есмұхан Ж.М., Есмұханова Ж.Ж. Сызба геометрия. А Жанабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика - Алматы, Бәйдібеков Ә.К. Инженелік графика сандық белгілері бар проекция да Алматы, 2011 Мусалимов Т.Қ., Қолбатыр С.Ә., Алгартова Г.М. Сызба геометрия және инженерлік графика, Алматы, 2013 Наби Ы.А. Сызба геометрия және инженерлік графика – Алматы, Джапаров Р.Р. А.Ж. Нуралин, А.М. Хамсин. Учебное пособие по начертательной геометрии - Уральск, Ыбраев А. Инженерлік графика Алматы, Есмұханов Ж.М., Нұрымғалиев М. Х. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) А. КазПТИ Шильмагамбетова Ж.Ж «Сызба геометрия пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау». Ақтөбе, 2008 ж. Избембетова Н.Б., Шильмагамбетова Ж.Ж., Таханова Г.Ж. «Сызба геометрия және инженерлік графика» пәні бойынша 1 және 2 курс студенттерінің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау. Ақтөбе, 2011 ж.