Тақырыбы: Босанудан кейінгі үшінші кезеңді белсенді жүргізу Орындаған: Тақан Н.Б. 533 топ ЖМ Тексерген: Семей 2017 СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Акушерия және гинекология кафедрасы
1. Кіріспе бөлім. ІІІ кезең туралы түсінік 2. Негізгі бөлім: ІІІ кезеңді жүргізу реттілігі
Босанғаннан кейінгі үшінші кезең деп – нәресте туылғаннан бала жолдасының туылуына дейінгі аралықтағы кезеңді айтады. Негізінде бала жолдасының түсуі 3 – толғақпен, ұзақтығы минут ішінде аяқталады.
Босанушыға өткізілетін манипуляция мәнін түсіндіреміз. Қолды жупы, бір рет қолданылатын орамалмен сүрту және бір ретті қолғапты кию.
Бала жолдасы шыққан кейін оны екі қолмен ұстап, ұрық қабықшалары шыққанға дейін ақырын айналдырамыз.
Бала жолдасының бүтіндігін тексереміз. Плацентаны шары лотокқа аналық бетін жоғары қаратып орналастырамыз және барлық бөліктерінің болуын анықтаймыз, жиектерін мұқият тексереміз. Содан кейін плацентаның аналық бетін төмен қаратып, бала жолдасын кіндік бауынан ұстап көтереміз, екінші қолды ұрық қабықшаларының ішіне енгізіп, оларды саусақтармен жазып, бүтіндігіне көз жеткіземіз.
Осы кезде ұрық қабықшаларының арасында плацента жиектерінен шығатын үзілген қан таймырларының бар-жоқтығына көңіл бөлеміз (үзілген таймырлар жатыр қуысында қалған плацентаның қосымша бөліктерінің бар екендігін көрсетеді).
Барлық қанды өлшегіш колбаға құю арқылы жоғалтқан қанның көлемін анықтаймыз. Сыртқы жыныс мүшелерін қараймыз. Қажет жағдайда, жұмсақ тіндердің жыртылуын жергілікті жансыздандырумен тігеміз.
Босанған әйелдің жалпы жағдайын бағалаймыз, таймыр соғысын тексереміз, АҚҚ өлшейміз.