3.4 Такырып Инфориатика сабағы.Сабақ түрлері мен оларды өткізу формалары. Сабақ және сабақты кезеңдері.Сабақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар.Сабақ типтері.Дәстурлі және дәстүрден тыс сабақтар. Сабақ жоспарын жасақтауга қойылатын талаптар.Сабақ жоспарлаудағы негізгі құжаттар.
Информатиканы оқуға денег қызығушылық көбінесе сабақтың қалай өтуіне байланысты болады. Тіпті өте жоғары деңгейде өткізілген сабақтың өзінде міндеттілік элементі пәнмен қызығушылықты дамыта түсуге мүмкіндік береді. Сондықтан информатика сабағында оқытудың дәстүрлі емс түрлеріне кеңінен қолдануға көп көңіл бөлген жөн. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен іздомпаздығына тікелей байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге денег қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар, жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдарды пайдалана отырып өткізуге болады. Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тесттік тапсырмалардың, пысытау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір форматы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емс. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді форматы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері: -үй тапсырмасын сұрау; - оқу саяхаттары; - кино-теле-сабақтар; - өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б. Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері: - жаңа материалды игеру; - бекіту; - қайталау; - білімді бақылау, тексеру. Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын бокса, ондай сабақты аралас сабақ деп актау қабылданған. Сабақтан басқа да, жоғары да айтылғандай, оқуды ұйымдастырудың əртүрлі форматы баршылық. Солар арасында аса ерекше көзге түсетін і – дəрісбаян (лекция).
Дəріс баян – оқу процесінің өзіндік анапы құрылымымен танылған тəлім-тəрбие форматы. Дəрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндай, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формата шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дəріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дом беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау- қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл писать ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Оқу түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология (кейінгі дəрісбаяндарда қарастырылады) писатьымен анықталады. Оқу түрлері келесідей ажыралады: түсіндірме-көрнекілік, жалаң-жаттанды (догматикалық), тұлғалық бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан оқу (дистанционный), пəнаралық, т.б. Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі. Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шəкірттер ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді. Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған ақпараттың мəн- мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды. Проблемді оқуда ұстаз басшылығында оқу, дəріске байланысты мəселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой- өрісі жəне басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері демиды.
Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған ақпараттың мəн-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды. Проблемді оқуда ұстаз басшылығында оқу, дəріске байланысты мəселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті, белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі жəне басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері демиды.