Аденома (грекше: aden – без, omа – ісік) призмалық эпителиймен астарланған мүшелердің кілегейлі қабықшасының ісігі. Бітімі айқын шектелген түйін тәрізді,

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті СӨЖ А типті микобактериоз қоздырғыштары.
Advertisements

жоспары: 1. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Көптік аллелизм. 2. Гендердің әсері. 3. Гендік және орта факторларының өзара әсері.
Астана медицина университеті АҚ Презентация Жүректің ишемия ауруы Дайындаған : Бақтыгереева К. Астана 2015.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Ішкі аурулар профедевтикасы кафедрасы CӨЖ Орындаған: Назар Әділхан 3041 топ, ЖМФ Қабылдаған: Ахметова М Қабылдаған:
Дәрумендер туралы ғылым- дәруменология қазіргі кезде өз алдына бөлек ғылым болып бөлініп шықты.Дегенмен, 100 жыл бұрын адам мен жануарлар ағзасына тек.
Гормондар (гр. hormao қ оздырамын, қ оз ғ аймын) эндокринді бездер немесе эндокриндік қ ызметке қ абілетті жекеленген жасушалар б ө летін тым белсенді.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Өнep индуcтpияcындa қaзіpгі зaмaнғы ұйымдacтыpу құpылымын қaлыптacтыpу.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Химиялық элементтер, олардың таңбалары С.Есетов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Ахметова Эльвира Мухамбетжановна – химия пәнінің мұғалімі.
Қазақстан Респубикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Тақырыбы: Зілді ісіктерді анықтау және емдеудің.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
1. Күкірт физикалық қасиеті А) сары түсті суда жақсы ериді Ә) Көк түсті суда ерімейді Б) сары түсті суда ерімейді 2. Күкірт қосылыстарындағы валенттіктер.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
АКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАУ Аксонометриялық проекцияны салу үшін екі негізгі сұраққа жауап керек: 1) аксонометрия осьтерін қалай жүргізеді? 2) аксонометрия.
2 жалпы орта білім беретін мектеп ММ 2015 – 2016 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: Аралас бездер. Ұйқыбез. Жыныс бездері. Гуморальдық және жүйкелік реттелу Сынып:
ҚММУ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы Балалардағы баспа синдромымен жүретін аурулар Доцент: Гулшарбат Канагатовна Алшынбекова Алшынбекова КАРАГАНДА 2013.
УКРАИНА Украина - Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украинаның 24 облысы және Қырым автономиясы бар. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының.
Транксрипт:

Аденома (грекше: aden – без, omа – ісік) призмалық эпителиймен астарланған мүшелердің кілегейлі қабықшасының ісігі. Бітімі айқын шектелген түйін тәрізді, тіні жұмсақ, кескенде ақшыл қызғылт түсті, кейде кисталы болады. Аденоманың көлемі бірнеше миллиметрден ондаған сантиметрге дейн жетеді. Кілегейлі қабықшаның үстінде өсіп, олармен жалпақ табан немесе жіңішке сабақ арқылы жалғасқан аденомалар полип деп аталады. Аденома – органоидтық, безді құрылымдар; кейде бүрлі өсінділер қалыптастыратын призмалық немесе текше жасушалардан түзіледі. Ісіктің безді құрылымдары кейде бүрлі өсінділер қалыптастыратын призмалық немесе текше жасушалардан түзіледі. Ісіктегі безді құрылымдар мен строманың үлесі әртүрлі. Егер ісіктің паренхимасынан стромасы басым болса, онда оны фиброаденома деп атайды. Эпителий кешенділігі мен полярлығын сақтап, өзінің мембранасына жайғасады. Аденома жасушаларының морфологиясы мен қызметі өзі өнген тінге ұқсайды. Құрылысының ерекшелігіне сәйкес аденоманың, фиброаденома мен аденомалы полиптен басқа мынандай түрлері бар: бездің альвеолалық паренхимасынан өнетін – ацинусты, яғни альвеолалы аденома; бездік өзекшелер түзетін тубулалы аденома; тізбектер түзетін трабекулалы аденома; қуыстар түзетін касталы аденома және бүрлі өсінділер қалыптастыратын бүрлі аденома. Аденома артынан карциномаға ұласуы мүмкін.

Органоспецификалық ісіктер белгілі бір мүшенің жасушаларынан дамып қана қоймай, онымен бірге, кейде осы мүшеге тән морфологиялық әрі қызметтік нышандарын сақтап қалады. Бұл ісіктер экзокриндік бездер мен эпителилік жамылғыларда және эндокриндік бездерде де кездеседі. Бұларға: Бауыржасушалық аденома (гепатоаденома, гепатома) гепатоциттерден құрылған, ұсақ трабекулалар түзетін қатерсіз ісік. Ол, әдетте балаларда кездеседі.

Бүйректің қатерсіз ісіктеріне әртүрлі аденомалар жатады. Бүйректің аденомасы қоныржасушалық (базофильді), ашықжасушалық (гипернефроидты) және ацидофильді болады. Қоныржасушалық аденоманың құрылымы – солидтық тубулалы немесе цистопапилома. Кейде ол мүшені түгел жайлап, бүйректің тіні жиегінде жұқа жолақ түрінде ғана қалуы мүмкін. Ашықжасушалық аденома – әдетте, кесіндісінің беті сарғыш түсті, кейде қан құйылған ошақтар ұшырасатын, кішіректеу, қабықпен шектелген түйін; ол цитоплазмасында липидтер мен гликоген мол, ашық түсті, ірі полиморфты жасушалардан құрылады. Ацидофильді аденома – көлемі өте үлкен болатын, сирек ісік. Оның құрылымы тубулалық, солидты немесе папилалы, ал жасушалары полигональды, цитоплазмасы ашық түсті ацидофильді түйіршіктелген.

Адамда сүт бездері 15 – 20 безді бөліктерден тұрады. Жалпы омырау дәнекер тіндер және май қабатымен қоршалған. Сүт жолдары омырауда радиалды бағытта орналасады. Көбінесе рак сүт өзектерінің ішкі қабығы-шырышты қабатынан,сирек жағдайда оның алвеоларынан дамиды. Сүт бездерінің өсіп- жетілуі ішкі секреция бездерінің (гипофиз, қалқанша без) бөліп шығаратын гормондарына байланысты. Cүт бездерінің жағдайына эндокриндік жүйенің аурулары үлкен әсер етеді. Мысалы, қыздар мен әйелдерде жыныс органдарының (аналық жұмыртқаның) жұмысы бұзылса, Cүт бездерінде қатерсіз ісіктер пайда болады. Сүт безінің рагы жасушалардың қалыпты өсу және олардың көбеюінің бұзылуы нәтижесінде безді тіндердің өсуімен сипатталады. —Омырау бездерінің қатерсіз ісіктері- полиэтиологиялық ауру болып табылады. Оның пайда болуына бiр немесе бiрнеше этиологиялық факторлар әсер етуі мүмкін. —дисгормоналдық өзгерiстер —аналық бездер,сүт безiнiң, гипофиздін, қалқанша без, эстрогендердiң функциясынын бұзылысы —организмның гормон регуляциясының қайта құруы — қоректенудiң тәртiбi —Тұқым қуалаушылық фактор —Нейроэндокринді бұзылыстар —психикалық стресс эндокрин бездерiнiң секреторлық функциясының өзгерiсiне алып келуі мүмкін. Омырау бездерінің қатерсіз ісіктері 30 жасқа дейінгі әрбір 4 әйел адамда кездеседі, ал 40 жастан аскқан әйелдерде 60% пайызында кездессе, ал 75 жастан асқан әйелдерде 80% омырау бездерінің қатерсіз ісіктері кездеседі. Омырау бездерінің қатерсіз ісіктерінің түрлері: Фиброаденома Папилломалар Липомалар Мастопатиялар

Фиброаденома сүт безiнiң қатерсiз iсiгi, дәнекрлеуші тіндері мен эпителиальды элементтерден тұратын қатерсіз ісік. Мастопатиясының формаларының бiрi, гормон дисбалансының фонында пайда болады. Формасы дөңгелек, шар тәрізді тығыз түйiн болады. Фиброаденома қатерлі ісіктерге қарағанда қозғалмалы болады. Өлшемі 2 мм ден 5-7 см дейін кездеседі. Фиброаденома эстрогендер ықпалына байланысты, менустралды циклда және жүктілік кезінде оның өлшемі өседі. Менопаузадан кейін эстрогендердің деңгейі төмендеу нәтижесінде фиброаденоманың көлемі кішірейеді, ал гормон алмастырушы терапия ағзада эстрогендер деңгейін көтере отырып, сүт безінің фиброаденомасының өз көлемін сақтап калуға жағдай туғызады. Түтік іші папилломалар сүт безiнiң тармақтарының эпителиында пайда болады. Олар кез келген жас шамасында дами алады постменопаузаға пубертат мерзiмiнен. Макроскопиялық карағанда сүт безiнiң түтік іші папилломачсы киста сиякты еміздік тәрізді болып көрінеді. Клиникасы ісiктiң төңiрегiдегi қан құйылу және некроздар болуы мүмкiн. Қатерсіз папиллома (өзекше ішіндегі диффуздық папилломатоз) сүт бездерінің сот жолдарында орналасатын түйіндеме болып табылады. Папилломалар әдетте жалғыз және көпше түрде болады. Клиникалық белгісіне жүктілік немесе емізу кезеңінен тыс емшек ұшынан бөліністердің шығуын жатқызуға болады. Бөліністердің түсі мен сипаты қан аралас немесе мөлдір сары болады. Емшек ұшынан бөлінетін сұйықтықтың мұндай сипаты фиброзды-кистозды өзгерістер мен өзектер кеңеюі кезінде кездеседі. Өзек ішіндегі өсінділерді анықтаудың жалғыз жолы дуктография (сүт безі өзегінің контрасты затқа толтыру) болып табылады. Липома – май тіндерінен туындайтын қатерсіз ісік. Сүт безiнiң липомасы өсiмтал май ұлпасынан және сыртын қоршаған капсуладан тұрады.Сүт безiнiң барлық катерсіз ісіктерінде 9% жағдайларында кездеседi. Диагностикасы УДЗ,маммография, термомаммография, окоцитология.Емі хирургиялық жолмен алып тастау. Хирургиялық жолмен алып тастаудан кейін : Қабынуға қарсы преппараттар Иммуномодярлы препараты (циклоферон, иммунал) Витаминді препараттар (А,В,С,Е) Гомеопатикалық заттар (мастодинон, эдас )

Мастоптия: Эстероген гормонының кобею салдарынан сүт безінде ісік алды аурулар пайда болады. Қазіргі кезде оларды мастопатия деп атайды. Мастопатия өте жиі кездесетін ауру. Оған дәнекер және шырышты қабаттағы клеткалардың пролиферациялы гиперплазисы мен дисплазиясы жатады. Ол үш сатыдан тұрады: 1-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы. 2-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы. 3-дәрежелік гиперпазиясы мен дисплазиясы. Бұлардың 1-ші дәрежелік гиперплазиясы, нақты ісік алды емес, ал кейінгі 2-ші,3-ші дірежедегілері нақты ісік алды аурулар болып саналады. Гиперплпазия 1-2 осу дәрежесі дәрі дәрмектермен емделеді, ал 3-ші өсу дәрежесінде операция қолданылады. Клиникасы: Омырау безінде тығыз түйіннің пайда болуы. Омырау безі аумағындағы терінің өзгеруі( терінің қалындауы, түсінің өзгеруі, емізікше немесе ареола маңында жараның пайда болуы) Қолтық асты аймақтағы лимфа түйіндерінің үлкеюі.Үлкейген лимфа түйіндерінде пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Емізікшені қысқан кезде бөліністің шығуы. Бөлініс мөлдір немесе қан аралас болуы мүмкін. Сонымен қатар температураның жоғарлауы, омырау безінің ауырсынуы байқалады. Диагностика жасау: Фибрааденоманын диагностикасында пальпациялау, маммография, УДЗ жасап, биопсия алынады. Биопсияда атипиялық клеткалар табылады. Ақырғы диагноз iсiктiң алып тастаудан кейiн гистология зерттеу негiзiнде қойылады.

Сирингоаденома – тер бездері өзекшелерінің эпителийінен өнетін қатерсіз ісік. Сирингоаденоманың бүрлі және тубулалық түрлері болады. Ісіктің бірінші түрінде эпителийден қос қабатымен астарланған бүрлер түзілсе, екіншісінде, қосқабатты эпителий ретсіз жайғасқан түтіктер қалыптастырады. Гидраденома тер бездерінің секрет түзетін эпителийінен дамитын қатерсіз ісік. Эпителийден бүрлі өсінділер пайда болады.

Сирингоаденома Гидраденома