Қан лимфа. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі Орындаған: Арынғазы Д.А. Тексерген: Комекбай Ж.Е.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметінің балалардағы ерекшеліктері. Орындаған:
Advertisements

Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Орындаған: Жақанова А.К. 5 В Дефектология Оқытушы:Жантеева Г.Е Оқытушы:Жантеева Г.Е.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
Сүйекті ұлпа
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Атом б ү тіндей ал ғ анда зарядсыз, бейтарап б ө лшек. Ол ортасында ө зінен радиусы есе кіші к ө лемді алып жат қ ан о ң зарядты ядродан ж ә не.
Липидтер алу биотехнологиясы Группа: БТ Орындағандар: Тұтқышбаева М. Ильясова С. Тексерген: Сапарбаева Н. А.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Жоспары: Белоктардың аминоқышқылдық құрамы. Онтогенез кезіндегі белоктың құрамының өзгеруі Тұқым қуалайтын аурулардағы организмде белоктың өзгеруі Гемоглобинопатия.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Бейімделу және орын толтыру процестері СӨЖ Тақырыбы:
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Жергілікті иммунитет. Шырышты қабаттарын өкпемен ассоцациаланған лимфоидты тіндер Тақырып: Жергілікті иммунитет.
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері Оқу мақсаты: - көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру.
Элементар бөлшектерСалыс массасыЗаряды Протон 1+1 Нейтрон 10 Электрон 0 Атом дегеніміз оң зарядты ядродан және теріс зарядты электроннан тұратын электробейтарап.
Транксрипт:

Қан лимфа. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі Орындаған: Арынғазы Д.А. Тексерген: Комекбай Ж.Е.

Қан Қанның қызметі Қанның форменді элементтері Қанның ұюы Қан плазмасы Лимфа Ұлпа сұйықтығы Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі

Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.Ішкі ортаның салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды. Организмнің ішкі ортасы ҚанЛимфа Ұлпа сұйықтығы

Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген кан жасушаларынан, яғни пішінді элементтерден тұрады. Ересек адамда қанның көлемі салмағының 6-8%-іне тең (5-6 литрдей). Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) мен ақ туйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан жасушалары ~42-48%-не тең. Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48%, ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп аталады.

асқорту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды; тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді; регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін аңықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бесеңдетеді) қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар - антиденелер болады, олар зиянды организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да олардың бөліп шығарады. бөліп шығару терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.

Қ ан – тірі организмнің бойымен қан тамырлары арқылы үздіксіз жүріп тұратын қызыл түсті сұйық зат. Орта есеппен адам денесінің 6,8 пайызы қан (70 кг салмағы бар денеде 5 литрдей қан болады). Қанның негізгі құрамды бөліктері – плазма деп аталатын сарғылт сұйық зат пен соның ішінде жүзіп жүрген қызыл және ақ қан түйіршіктері. Қан плазмасында организмнің тіршілік етуіне керекті әр алуан күрделі және қарапайым заттар – белок, май, углевод, тұз, қышқыл, витамин, т.б. болады. Қанды қызыл түсті етіп көрсететін нәрсе – оның микроскоппен ғана көруге болатын эритроцит деп аталатын өте ұсақ түйіршіктері. Бұлар қанның ішінде күн өмір сүреді де, содан кейін өледі. Әрбір секунд сайын адамның қанында 10 миллионға жуық эритроцит ауыстырылып отырады. Эритроциттер гемоглобин деп аталатын ерекше затқа толтырулы болады. Гемоглобиннің құрамындағы темір тектес бояғыш зат демді ішке тартқан кезде өкпеге келген ауадағы оттегін оп-оңай ұстап алады. Оттегіне молыққан өкпедегі қан бүкіл денеге тарап, оттегін апарады. Денедегі әрбір клеткаға оттегі қажет, онсыз клетка өледі. Адамның қанынан микроскоппен қарағанда эритроциттермен қатар, аздаған ақ түйіршіктерді – лейкоциттерді көруге болды. Лейкоциттер адамға ауру жабыстыратын микробтардан организмді қорғайды. Организмнің ішіне микробтар кіріп кетсе болғаны, қанның ақ түйіршіктері топтанып, жаңағы қауіпті жерге қарай ұмтылады, микробтармен жалмап жеп, бойына сіңіреді. Қанда тромбоцит атты ерекше клетка бар. Ол қанды ұйытуға қызмет етеді. Егер қан тамырларының бір жері жарақаттанса, сол жердің қаны қоюланып, әлгі жараның аузын бекітіп тастайды.

Эритроцит - (грекше еrytros - қызыл, сytos - жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0- 5,0х10*12 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7-4,5х10*12. Эритроцит санының калыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7-3,9х10*12 одан да төмен) эритроцитопения деп аталады. Бұлар сау адамда да науқастарда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патоло- гиялык болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитопения үғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитоз бен эритроци- топения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қан қойылғанда не сұйылғанда болатын өзгеріс. Абсолюттік эритроцитоз - тінде оттегі азайғанда (гипоксия) бола-ды. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанға өтуін тездетеді. Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысы- мы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде не кабинасы ашық самолетпен 3,5-5 мың м биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолюттік эритроцитоз - өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға үшырауының салдары не қан аурула-ры кезінде де болуы мүмкін.

Салыстырмалы эритроцитоз қанның сүйық бөлігі - плазманың аза-юынан болады. Адам қара жүмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытга термен бірге қүрамындағы суы сыртқа шығады да қан қойы-лады. Осыған орай эритроцит саны (қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жүмыс істеген кезде де қанда су азаяды және көкбауырдың жи-ырылуы күшейеді. Көкбауыр эритроциттер депосы болғандықтан жи-ырылған сәтте қанға көп мөлшерде эритроциттер шығады. Сыркаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да қанның қойылуына байланысты. Мәселен, қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына (мәселен, плевра жапырақтарының арасына) жиналады. Осының сал-дарынан плазма көлемі азаяды да қан қойылады. Эритроцитоз / \ Физиологиялық Патологиялық / \ абсолюттік салыстырмалы Эритроцитопения / \ Физиологиялық Патологиялық / \ / \ абсолюттік салыстырмалы абсолюттік салыстьфмалы

Эритроцит - ядросысыз екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кемігін-де өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Мүның биологиялық мәні мынада: жасуша ядросының орнын оттегін тасымалдайтын гемогло-бин жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегін жүмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасы- малдау кызметі күшейеді. Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге үқсайды: оның диа-метрі 7,2-8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм. Пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі (аумағы) үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.

Эритроцит бетінің ауданы 140 мкм2. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса, олар-дың ауданы 3000 м2 болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі тінге жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым. Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сырт жағынан белок пен липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эрит-роцит мембранасы иондарды іріктеп өткізеді. Мембрананың Nа+, К+, Са2+ катиондарына өтімділігі өте нашар, ал Сl және НСО3 - (көмір қышқыл аниондары), сутегі және гидроксил (ОН") иондары тез өтеді. Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей емес. Эритроцитте калий иондары басым, ал плазмада керісін-ше, натрий иондары көбірек. Эритроцит Плазма 5-10 ммоль/л Na ммоль/л ммоль/л К "- өте аз Са2+2,25-2,75 -"- Эритроцит қүрамында 37% қүрғақ заттар бар, ал сүйекте (ең ты-ғыз тін) құрғақ зат 42%. Демек, денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз жасуша - эритроцит. Сонда да эритроцит икемді, созылғыш, үлкен болғанымен, ол жіңішке капилляр арқылы өте алады.

Бір литр қанда 4,5-9x107 лейкоцит болады. Лейкоцит (leucocytus) қанның ақ жасушасы (leuco- ақ, cytos - жасуша). Эритроциттен айырмашылығы - ядросы бар, эритроциттен үлкендеу (диаметрі 12 мкм), амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтар шығарып (псевдопо-дий) қозғалады. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да, ауру адамда да өзгеріп отырады. Сондықтан лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді. Лейкоцит санының көбеюі қан жасушаларының түзілуіне, қан түзілетін ағзалар қызметінің күшеюіне бай-ланысты болса, мүндай лейкоцитозды абсолюттік лейкоцитоз дейді. Мәселен, абсолюттік лейкоцитоз эмоция (катты шаттану, зорығу т.б.) салдары болуы мүмкін: эмоция кезінде адреналин шектен тыс көп болып шығады да қан түзілетін ағзаларды тітіркендіреді (қоздырады). Бірақ лейкоцитоз қан түзілетін ағзалар қызметінен (лейкопоэзден) тысқары жағдайда да болады. Мүндай лейкоцитоз салыстырма-лы лейкоцитоз деп аталады. Салыстырмалы лейкоцитоз - қан мөлшерінің барлық қан тамырларында бірдей еместігінің салдары. Тамыр кеңейіп, қан мөлшері көбейіп оның жылжуы баяулайды, та-мыр қабырғасы мен лейкоциттер арасында үйкеліс күшейеді де, лей- коциттер бөгеліп олардың саны көбейеді. Қан тамыры тарылып, оның ішіндегі қанның ағысы күшейсе лейкоцит саны азаяды. Физиологиялық лейкоцитоздардың көбі аралас, әр текті келеді.

1. Ет тектес (миогенді) лейкоцитоз - қара жүмыс істеген кезде пайда болады. 2. Тамақ ішкеннен кейін пайда болатын лейкоцитоз ас қорыту лейкоцитозы деп аталады. 3. Жүкті әйел лейкоцитозы. 4. Жаңа туған бала - нәресте лейкоцитозы. 5. Статикалық лейкоцитоз шалқа-сынан жаткан адам үшып түрған кезде пайда болады. Ауру-сыркауға үшыраған жағдайда лейкоциттердің саны көбейіп кейде эритроциттердің санымен бірдей болуы мүмкін. Мүндай қан "ақ қан" - лейкемия деп аталады. Лейкоциттер санының азаюы да көбінесе ауруға байланысты болады (абсолютгік лейкоцитопения).

Фагоцитоз - бейарнамалы иммунитеттін бір түрі. Фагоцитоз барлық лейкоциттерге тән қасиет. Бірақ олардың ішінде бір жұтқанда денені бірақ жұтатын - микроциттермен (нейтрофилдер) қатар макроциттер - моноциттер және лимфоциттер бар. Бір моноцит 100 шақты бөгде затты бірден жұтады. Нейтрофилдер - лейкоциттердің ішіндегі ен көбі (50-70%). Ядроларының пішіні олардың пісіп жетілуіне байланысты. Нейтрофилдердің ең жасы метамиелоциттер (ядросы үлкен бұршак тәрізді), онан соң таяқша ядролылар, әбден жетілген нейтрофилдің ядролары сегменттелген. Метамиелоцит қанда кездеспеуі мүмкін, сондықтан ол 0-1%, таяқша ядролы 1-5% дейін, ал сегмент ядролы нейтрофилдердің саны 45-65%. Моноциттер денедегі өлі жасушаларды жүтып, жаңасына орын дайындайды. Сондықтан олар күзетші, тазартқыш, "сыпырғыш" деп те аталады. Олардың әрекеті әсіресе өте қышқылды қабыну нүктесін-де күшті болады. Моноциттің бетінде қармаушы дене, комплемент-терге арналған қабылдағыштар бар. Моноциттер қан тамырынан шық-қан сон макрофагқа айналып денеде арнайы иммунитет қалыптасуы-на қатысады, яғни бөгде заттарды жүтып, өзгертіп, иммуногендер түзеді. Капиллярдан сыртқа шыққан моноциттермен бірге гистиоцит-тер, купфер жасушалары сияқты фагоциттер мононуклеаралық бір ядролы жасушалар деп аталады, олар біртүтас жүйе - мононуклеар-лық фагоциттер жүйесін қүрады. Бүлар организмнің бөгде әсерлерге төзімділігін күшейтеді. Лимфоциттермен бірігіп моноциттер иммундық жауап әсерленісі-не қатысады. Моноцит ісікке, вирустарға қарсы (интерферон) зат, лизоцим, эластаза, коллагенді ыдрататын ферменттерді де шығарады.

Базофшдер гепарин бөліп шығарады, олар гепариноциттер деп ата-лады. Гепарин - қанды үйытпай сүйық қалпында сақтайтын зат. Базо-филдер капиллярлар кенересін селдірететін, сөйтіп басқа заттардың өтуін жеңілдететін зат - гистаминді бөліп шығарады. Эозинофш - гистаминді ыдырататын гистаминаза ферментін бөліп шығарады және күрамында гистамині көп өлі базофил түйіршіктерін қармап алып корытады. Сондықтан да эозинофилдердің саны аллер-гиялық әсерленіс кезінде көбейіп кетеді және қанда гистамин өте көбейеді. Эозинофил белоктан түратын уытты заттарды (токсиндерді) залалсыздандырады, антитән қалыптастыруға қатысады, плазмоген (фибринолизин) жасайтын затты бөліп шығарады. Лимфоциттер арнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл дене-дегі иммунитет жайын қадағалайды. Олар залалды заттарды, жасуша-ларды жоятын арнайы жасушалар және плазмалық антитәнлер бөліп шығарады. Лимфоциттер - Т (тимуске байланысты), В (бурсаға бай-ланысты) және 0 - лимфоциттер болып үшке бөлінеді. Т-лимфоциттер сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі де тимус безінде одан әрі дамиды. Олар киллер, хелпер, супрессор деп атала-тын үш түрлі тіндерге бөлінеді. Киллер ~ өлтіруші жасуша ісік жасу-шаларын, адам денесіне жат ағзалар мен тіндерді (транспланттарды) дамытпайтын иммунитет жасуша. Ол сондай-ак медиатор - лимфо-кин бөліп шығарады. Лимфокин өзге жат жасушаларды ыдыратып, жоятын лизосом ферменттерін, макрофагтардың әсерін күшейтеді. Хел-пер - көмекші жасуша, В-лимфоцитпен әрекеттесіп, оны плазмалық антитән шығаратын жасушаға айналдырады. Антитән антигенмен әре-кеттеседі. Супрессор ~ қысым көрсетуші (реттеуші) жасуша. Ол В- лимфоциттің және Т-киллер реакциясы күшейіп бара жатса, тежеп отырады. Т- лимфоциттер арасында иммунитетті үзартатын еске сақ-тау жасушалары да бар.

В -лимфоциттер жілік майында түзіліп, ішек пен бүйеннің (тоқ ішектің) лимфоидтык тіндерінде, бадамша бездерінде одан әрі дами-ды. В-лимфоциттер мен Т-лимфоциттер өзара әрекеттескен соң им-мунды глобулиндер (антитәнлер) шығарады (гуморалдық иммунитет). Л имфоциттер жасушалардың креаторлық байланысын сақтауға ка-тынасады, яғни басқа жасушалардың генетикалық қызметін реттейтін информация жеткізетін макромолекулаларды тасиды. 0 - жасуша Т немесе В маркері (белгісі) жоқ лимфоцитгер басқа жасушаларды ерітіп ыдырататын ауытқыған жасуша. Л ейкоциттердің барлық түрі опсонин (бөгде затты танитын) бөліп шығарады.

Тромбоцит - қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не сопақ-ша қүрылым, диаметрі 0,5-4 мкм (эритроциттен 2-8 есе кіші). Сау адамның 1 л қанында хЮ9/лтромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен қан пластинкасы бөлініп шы-ғады. Тромбоциттің химиялық қүрамы өте күрделі. Ол көптеген фермен-ттерден, олардың ішінде АҮФ және лизоцим, адреналин, норадрена-лин гормондарынан, 11-шақты қанды үйытатын түрткілердан түрады. Бүлармен бірге тромбоцит қүрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді. Тромбоциттердің саны қанда кешке қарай күндізгіден көбірек, ол қуаныш, реніш, қайғы- қасірет, шаттану т. б. себептерден де, тамақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң тромбоцит-тер тез бүзылады, сондықтан оларды санар алдында қанға химиялық заттар қосып тез санау қажет.

1. Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру. Қан тамырлардың қалыпты құрылысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен маңызы бар. Қантамырының эндоте-лиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала ал-майды. Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да әлсін-әлсін, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит эндотелийдің "асырап сақтаушысы" деп бекер айтпаған. Қанда тромбоцит саны азайса, эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы өзгереді, капилляр кенересі селдіреп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін болады. Бұл тіндерге қан құйылуына әкеліп соғады, оларда көптеген ұсақ нүкте тәрізді дақтар пайда болады. Қоректік қызметін барлық тромбоциттердің 15%-і ғана атқарады. 2. Адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді қүру) қызметі. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттің пішіні өзгереді. Оның протоплаз- масында өсіктер (жалған аяқтар) пайда болады. Олар жабысқақ ке- леді, эндотелий жарақаттанған жердегі негізгі мембранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, тромбоциттен түратын үйінді қүрады. Бүл үрдіс агрегация деп аталады. Агрегация тамырдың ішкі бетінде ғана емес қанның ішінде де пайда болады. Агрегаттар қантамырының қабы- рғасында жабысқан тромбоциттермен қосылып тығынға (тромбыға) айналады. Сөйтіп, жарақаттанған жерден қан тамыры бітеледі де кан ағуы тоқтайды. 3. Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) қызметі қан тамыры саңылауын тарылтады (спазм). Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері.

4. Қан ұйыту қызметі (гемокоагуляция). Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар (олардың жалпы саны оннан асады) болады, араб санымен белгілейді. Олар қан үюының тромбоциттік түрткілері деп аталады: 1-фактор- тромбоциттердің бетіне жабысқан плазмалық проакцелерин (VI ф), бұл протромбиннің тромбинге айналуын тездетеді, 2 - фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор. 3-фактор - тромбоциттік тромбопластин. Тромбопластин оның мембранасында және түйіршіктерінде болатын фосфолипид. Ол тромбоцит жарылған сәтте сыртқа шығып, қан үюының бірінші кезеңіне қатысады. 4 - гепаринге қарсы түратын фактор, Ол гепаринмен әрекеттесіп, қан ұюын (гемокоагуляцияны) тездетеді. 5-фактор -фибри- ноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, үйінді (агрегат) жасалуына әсер етеді. 6-фактор - тромбостенин (ретрактозим) ұйыған қанды тығыздайды, актин мен миозин белоктарына ұқсас. Бұл да актин мен миозин тәрізді жиырылу кезінде АҮФ-энергиясын жұмсайды. 7-фактор - антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді. 8-фактор - серотонин қан тамырларын тарылтады. 9- фактор фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді қан тамырларын тарылтатын фактор, 11-агрегация факторы, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат. Қантамырының эндотелиі агрегацияға кедергі жасайтын простациклин деген зат бөліп шығарады. Осы аталған әсерлері қарама-қарсы 2 заттың (тромбоксин, простациклин) қандағы ара-қатынасына қарай қанның ұюы шапшандайды не тоқтайды. 5. Тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қантамырларының табиғи құрылысын сақтайды.

Тамырлар жарақаттанғанда одан аққан қан ұйып, қанның ағуына кедергі жасайтын іркілдек зат тромб түзеді. Іркілдек зат бірте-бірте қоюланып тамырдың зақымданған жерін бітейді де, аққан қанды тоқтатады. Біраз уақыт өткен соң тамыр жарақаты жазылып, тромб жойылады. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок фебриннен құралады. Фебрин плазмада еріген белок фебирногеннен түзіледі. Фебрин түзілуі үшін қанда және қан пластинкалары, тамырлар мен оларды қоршап жатқан тканьдер бұзылғанда пайда болатын ерекше заттар қажет. Қан ұйығанда кальции тұздарының маңызы зор. Егер кальций тұздарын бөліп алса, қан ұйымайтын болады. Фибрин жіпшелерінің аралығына қан клеткалары тұтылып, іркілдек зат қызыл түске боялады. Қанның іркілдек заты үш-сегіз минутта түзіледі. Лимфада да фибриноген болады. Ол қан ұйитын жағдайда, бірақ қаннан гөрі баяуырақ ұйиды. Кейбір адамдар іштен туа қаны ұйымайтын ауруға тап болады. Мұндай адамдар болмашы жарақаттанудан-ақ қаннан айырылып, қаза табуы мүмкін. Қанның ұйуы дегеніміз организмді қан кетуден сақтандыратын, оны қорғанышты бейімділігі болып табылады.

Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады. Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.

Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасуша аралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.

Ұлпа сұйықтығы түссіз, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады.

Жаңа туған нәрестенің алғашқы сағаттарындағы қанында эритроциттердің саны 6,0-7,0*10 л, демек ересектердің эритроциттерінен көп. Кейін тәуліктерде бұл көрсеткіш ересектердің эритроциттерінің санына теңеседі.Ал 3-6 айлық нәрестеде эритроциттердің саны қайталанып азаяды,бұл физиологиялық анемия. Сәбидің жыныстың пісіп-жетілуі кезенді эритроциттердің саны қайтадан ересектердің санымен теңеседі. Жалпы жаңа дүниеге келген нәрестеде анизоцитоз байқалады, оның ішінде эритроциттердің макроциттері мен ретиикулоциттері көп болады. Жаңа туған нәресте қанындағы 10,0-30,0х /л болса, ал екі аптадан кейін саны азаяды, 9,0-15,0х 10/л. Баланың жасында лейкоциттерінің саны ересектердікіне тең.Жаңа туған сәбидегі мен саны ересектердікіндей 4,5-9,0х10/л. Бұл әрі қарай лимфоциттердің саны өсіп,ал нің саны азаяды.Туғаннан кейінгі төртінші тәулікте бұл саны теңеседі.мұны лейкоциттердің бірінші Баланың 1-2 жасында 65 ал і 25 %,4-жастағы балада кайтадан азайып, ал көбейіп,ересектермен теңеледі, мұны екінші физиялогиялық қиылысу кезеңі дейді. Біртіндеп лимфоциттердің санының азаюы,ал нейтрофильдердің көбеюі баланың жыныстық-пісіп жетілуі кезінде, қалыпты жағдайдағы ересектердікімен теңеседі.