Сабақтың тақырыбы: «Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі» (1 - сабақ) Алгебра 7 - сынып «Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі» ММ Мұратбек Р.М
7.1C Көпмүшелер. 1- сабақ. Оқу мақсаты: бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу; бірмүшені стандарт түрде жазу; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: - бірмүше анықтамаларын білу; - бірмүшенің коэффициенті мен дәрежесін анықтау; -бірмүшені стандарт түрде келтіре білу; Бағалау критерийлері : Барлық оқушылар: -Бірмүше ұғымын біледі, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай аллоды. Оқушылардың көпшілігі: -Бірмүшенің түрін ажыратады, стандарт түрде база аллоды. Кейбір оқушылар: -Бірмүшенің анықтамасын қолдану арқылы өрнектің бірмүше болатындығын нақты түсіндіріп,дәлелдей біледі. Тілдік мақсаты: Оқушылар: - қандай өрнектің бірмүше болатынын түсіндіреді; - бірмүшені стандарт түрге қалай келтіруді түсіндіреді; - бірмүшелерді көбейту мен бірмүшені дәрежеге шығару жолын негіздейді; Пәнаралық байланыстар: Биология АКТ қолдану дағдылары: Интербелсенді тақта ( презентация,флипчарт). Бастапқы білім : Санның стандарт түрі, натурал және бүтін көрсеткішті дәреже ұғымдары.
Өзара сыйластық, ашықтық құндылығын дамыту мақсатында «Ағашты жандандыру» психологиялық тренинг өткіземін. Түстерге байланысты бүгінгі сабақта оқушылар қандай жетістікке жететіндігі жайлы айтып өтемін. Осы түстер арқылы топқа «Жасыл» жапырақ-жетістікке жетесің. бөлемін «Қызыл сары» жапырақ - белсенділік танытасың. «Қызыл» алма -өз ойыңды жеткізе білесің. Сабақтың басында бағалау парағын үлестіріп, әр тапсырмадағы дескрипторлар арқылы 1 балл қойып отыруын ұсынамын балл – «Жоғарғы деңгей» балл – «Орта деңгей» 6-11 балл –«Негізгі деңгей» Сабақтың соңында оқушылар қаншалықты деңгейде меңгергендігін анықталлоды. Жұптық жұмыс: Өтілген тақырыпты қайталау тапсырмалар: Дескриптор: а) натурал және бүтін көрсеткішті дәреженің формулаларын қолданады; б) дәреженің қасиеттерін қолданады; в) дәреже түрінде берілген өрнектің мәнін дұрыс тамады. Бағалау:Интербелсенді тақтада көрсетілген жауаппен сәйкестендіріп, әрбір оқушы өзін-өзі тексеру арқылы бағалайды балл қояды. Кері байланыс: Барлығын орындаса жасыл сигнал, бірнеше қате китсе қызыл сигналды көтереді. Қандай қателіктер кеткені жайлы талдау жұмыстарын жасайды. Сабақтың басы
Сабақтың ортасы Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін әр топтағы оқушыларға «Ой қозғау» мақсатында жеке жұмысқа тапсырмаларды беремін. Дескриптор: а) есеп шартына сәйкес сандарға амалдар қолданады; б) санды дәрежелейді; в) бірмүшенің түрін дұрыс базады. Кері байланыс: Барлығын орындаса жасыл сигнал, бірнеше қате китсе қызыл сигналды көтереді. Қандай қателіктер кеткені жайлы талдау жұмыстарын жасайды. Осыдан сабақ тақырыбын анықтау үшін ребус шешеді. БІРМҮШЕ Бүгінгі сабақта оқушылар қандай табысқа жететіндігін табыс критерийлері арқылы таныстырылады. Табыс критерий: -Бірмүше ұғымын білемін, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай аламын. -Бірмүшенің түрін ажыратамын, стандарт түрде база аламын. -Бірмүшенің анықтамасын қолданып,есептер шығара аламын..
Топтық жұмыс: «Жигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту : «Жигсо» әдісі арқылы оқушылар топтасып, әр оқушыға 1,2,3 нөмірлермен нөмірлеп, өз топтарына берілген тапсырманы талдан, әр топтун нөмірлерімен жаңа топтар құрылып, үйренгендерін бір-біріне түсіндіреді. Топ мүшелері өз топтарына келіп, постер құрады. Топпен қорғайды. Қалыптастырушы бағалау. «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Ширату: Қарқынды саралау тапсырмалар «Айырмашылығы нете?» әдісі. Әр топқа бірмүшелер мен көпмүшелер жазылған парақтар беріледі. Осыдан көпмүшелер мен бірмүшелердің айырмашылығын анықтайды. Интербелсенді тақтада дұрыс жауабын көрсетіп, топтар өздерін тексереді. Қалыптастырушы бағалау: Смайлик арқылы топтар өздерін бағалайды Кері байланыс: -Бірмүше мен көпмүшенің айырмашылығын қалай анықтадыңдар?
Жеке жұмыс: Саралау тапсырмалары. Деңгейлік тапсырма: Сыныптағы оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында төмендегі саралау тапсырмаларын беремін. «А» деңгейі: 1. Бірмүшені стандарт түрге келтіріп, мәнін табыңдар: Дескриптор: а) берілген бірмүшені стандарт түрге келтіреді; б) стандарт түрдегі бірмүше айнымалыларының мәндерін дұрыс қояды; в) Өрнектің мәнін дұрыс тамады. «В» деңгейі: 2. Бірмүшені стандарт түрде жазып, коэффициенті мен дәрежесін анықтаңдар: Дескриптор: а) берілген өрнектегі бірнеше тең көбейткіштерді топтастырады; б) санды өрнектердің көбейтіндісін есептейді; в) тең көбейткіштерді дәрежеге шығарады; г) алынған бірмүшенің коэффициентін базады; д) алынған бірмүшенің дәрежесін көрсетеді. «С» деңгейі: 3. Тік төртбұрышты үйдің схемасы үш бөліктен тұрады. Суретте көрсетілген өлшемдерін пайдаланып, әрбір бөлігінің және бөлменің жалпы ауданын табыңдар: Дескриптор: а) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың бірінші екінші үшінші бөлігінің ауданын есептейді; б) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың жалпы ауданын дұрыс тамады. Бағалау: Оқушылар мұғалімнің берген жауаптары арқылы өздерін тексеріп, балл қойып, оқу мақсатына жеткен жетпегендерін анықтайды. Кері байланыс: Барлығын орындаса жасыл сигнал, бірнеше қате китсе қызыл сигналды көтереді. Қандай қателіктер кеткені жайлы талдау жұмыстарын жасайды.
Сабақты қорытындылау: 1.«Миыңның суретін сал» әдісі: Әр топ бүгінгі сабақтан не меңгергендігін миыдың бөліктеріне базады. Бағалау түрі: Қалыптастырушы бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» 2. «Сократ шеңбері» әдісі: Оқушылар екі шеңберде қарсы тұрып, бір-біріне сұрақ қояды, жауап аллоды. Мұнда жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойып тұрған оқушы жауабын айтып түсіндіреді. Сұрақтар бүгінгі жаңа тақырып бойынша қойылады. Кері байланыс: Қандай сұрақтар күрделі, қандай сұрақтар түсінікті болғанын сұрау арқылы талдау жасау. 3.Үй жұмысы беріледі. Шығармашылық тапсырма: Өзің тұратын үйіңнің макетін сызып, әр бөлменің қабырғаларын әріпті өрнектермен белгілеп, әр бөлменің ауданынын және жалпы ауданын табыңдар. Берілген тапсырмаларға түсініктеме беріледі. 4. Рефлексия. Балалар біз сабақтың басында берілген табыс критерийлеріне қол жеткіздік пе? (Оқушылар табыс критерийлерін оқиды) Табыс критерий: -Бірмүше ұғымын білемін, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай алдым. -Бірмүшенің түрін ажыратамын, стандарт түрде база алдым. - Бірмүшенің анықтамасын қолданып,есептер шығара алдым. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: Бағалау парақтарын тапсырады.